Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар.

№11 сабақ  Сабақтың тақырыбы: Төлді қалай шақырады?Дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың мақсаты:  а) Оқушыларға дауыссыз дыбыстар туралы түсінік  беру.Дауыссыз дыбыстарды сөз арасынана таба білуге үйрету. «Төлді қалай шақырады?» өлеңі туралы түсінік   беру. ә) оқу жылдамдықтарын арттыру,есте сақтау  қабілеттерін дамыту.Сөздік қорларына молайту.  б) әдемі жазуға тәрбиелеу, малды сүюге, күтуге

тәрбиелеу.Тәртіптілікке үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, ойын

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау -Үйге қандай тапсырма берілді?-«Қоян» туралы әңгіме жазу берілді-Ендеше қане кім оқиды?3-4 оқушыдан жазған әңгімелерін сұраймын.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңіӨткен  сабақтардан алған білімдерін «Алма жинау» арқылы пысықтаймын.1 алма-дауысты дыбыстарды ата 2 алма- дыбыстар нешеге бөлінеді?Ата.  3 алма-Сөз нелерден құралады? 4 алма-дыбыстар немен таңбаланады?  5 алма-Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ата 6 алма- мына сөздерден сөйлем құра: алма, алдым, сатып, мен.

  1. Мақсат қою кезеңі: Біздің бүгінгі тақырыбымыз дауыссыз дыбыстар.Яғни, бүгін біз дауыссыз дыбыстарды танып, дауыстылардан ажырата білуге және ерекшеліктерін білуге үйренеміз. «Төлді қалай шақырады?» өлеңімен таныс боламыз.Төлді қалай шақыру керектігі туралы білетін боламыз.
  2. Жаңа сабақДыбыстар туралы түсінікті қайталай келіп, дауыссыз дыбыстар туралы, түсінік беру.Дыбыстар нешеге бөлінеді?2-геҚандай?Дауысты және дауыссыз

-Дауыссыз дыбыстарды ата -Дауысты дыбыстарды ата.   -Дұрыс.Ал ендеше біз бүгін дауыссыз дыбыстар туралы білетін боламыз.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады.Мысалы:т,с,қ.біздің тілімізде 25 дауыссыз дыбыс бар.Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ (у). -У дыбысы кейде дауысты , кейде дауыссыз дыбыстың  ролін атқарады. -Оқушыларға дауыссыздарды қайталату, оқыту.Төрт түлік мал туралы түсінік беру.Суреттерін көрсету, төлдерін атату.

-17-жаттығу Өлеңді түсініп оқыту.Қамбар ата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката, сөздерін жазғызып, дауыссыз дыбыстардың астын сызғызу.(тақтаға орындалады.) 18-жаттығу. Оқушыларға Әбділда Тәжібаев туралы қысқаша мағлұмат беріп өтіп, «Құлыншағым» өлеңін оқып беру.Өлеңді мәнерлеп оқыту.Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп жазып, әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сыздыру.(Орындарында отырып өз беттерінше орындайды.)

«Төлді қалай шақырады?» әдеби мәтін тапсырмасын мәнерлеп оқып беру, түсіндіру.Әңгіме жүргізу.Өлеңді кезекпен оқушыларға оқыту.Сұрақтарға жауап алу.

1/Төлдерді қалай шақырады? 2/Төлдер туралы өздерің не білесіңдер? 3/мысықты, атты қалай шақырады?

  1. Жаңа материалды пысықтау: Сұрақ-жауап арқылы өткен тапсырманы пысықтаймын.1/Төрт түлікті ата. 2/Төлдерді қалай шақырады?  3/Қой, сиыр, түйе,жылқы, ешкі сөздеріндегі дауыссыз дыбыстарды ата. 4/Төрт түліктің төлдерін, иесін атаңдар.

VII. Бекіту  кезеңіСөздік диктант: қозы,лақ,бота.Дауыссыз дыбыстарды тапқызу.Кеспе әріптер арқылы жұмыс жүргізу.

VIII. Үйге тапсырма, бағалау19-жаттығу, дауыссыз дыбыстарды жаттау Сабаққа қатысқандарын бағалаймын