Тарих және кеңістік

Сабақтың тақырыбы: Тарих және кеңістік

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:   Ежелгі Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар мен қазақ халқының кеңістік туралы өзіндік өлшемі мен түсінігі болғандығы жайында  білім беру.

Дамытушылық:     Кеңістік туралы алғашқы ғылыми түсініктері мен білімдерін қалыптастыру, дүниетанымын, шығармашылық қызметін дамыту.

Тәрбиелік:     Оқушыларды Отанын сүюге, туған жеріміздің тәуелсіздігі мен бүтіндігі үшін күресуге  тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгімелеу, тест, мәтінмен жұмыс, мағынаны табу, кесте толтыру

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы, тірек кестелер, суреттер

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, қазақ әдебиеті, география,.

 

Сабақтың барысы:

І.   Ұйымдастыру бөлімі.  (5 мин.)

 

ІІ.  Үй тапсырмасын сұрау.  Тест:

  1. Қазақ халқында күн райын болжай білетін адамдарды қалай атаған?

А) сынықшы;                 Ә) есепші;           Б) жылнамашы;          В) бақсы;

  1. Алғаш рет уақытты жылмен есептеу қай елде пайда болды?

А) Вавилон;              Ә) Ассирия;                   Б) Египет;          В) Шумер;

  1. Ислам дінінің жыл санау үлгісі қалай аталады?

А)  Таурат;              Ә) Забур;                   Б) хижра;          В) ғасыр;

  1. Араб тілінен аударғанда хижра қандай мағына береді?

А)  жыл санау;         Ә)қоныс аудару;            Б) жыл қайыру;          В) есептеу;

  1. Қазақ халқының жыл санау үлгісі?

А)  мүшел;         Ә) үшем;            Б) абыз;          В) мешін;

  1. Қазақ халқында өте көне заманды қай ханның атымен байланыстырған?

А)  Оғыз хан;         Ә) Алаша хан;            Б) Керей хан;          В) Жәнібек хан;

  1. Біздің дәуір қай пайғамбардың туған жылынан басталады?

А)  Сүлеймен;         Ә) Мұса;            Б) Иса;          В) Мұхаммед;

 

ІІІ.  Жаңа тақырыпты түсіндіру.       Сабақтың жоспары.

  1. Кеңістік ұғымы.
  2. Қазақстанның көршілес елдері.
  3. Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдары.

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі:  Кеңістік — тоқтаусыз құбылыс. Жер бетіндегі адамзаттың ежелден бері пайдаланатын ұзындық өлшемдерінің бәрі осы кеңістікке байланысты. Кеңістіктің негізгі үш қасиеті бар: үш өлшемді кеңістік, шексіз кеңістік және өзгермейтін, яғни мәңгі кеңістік.

Кеңістік — қандай да бір тарихи оқиға мен тарихи үрдістердің белгілі бір уақыт пен ортада өтетін өлшем бірліктері.

Тарихтың үш қазығы:    Тарихи уақыт = Тарихи кеңістік = Тарихи оқиға

 

Қазақ халқының ежелгі кеңістік өлшем бірліктері:

Таяқ тастам жер — қарулы адамның қолымен лақтырған таяқ ұшып жететін жер.

Шақырым — адамның даусы жететін жер

Тай шаптырым жер — бес шақырым жер.

Бір күндік жер — аттылы адам бір күн жүретін жер.

Айшылық жер — аттылы адам бір ай жүретін жер.

Картамен жұмыс:  Мұғалім картадан балаларға Қазақстанмен көршілес мемлекеттерді жіне олардың шекараларын көрсетеді.

Қазақ халқының кеңістік туралы ұғымдары:

Кестені толтыру:

Сақтардың әлемнің үш құрылымы туралы түсінігіЕжелгі түріктердің кеңістік туралы ұғымыҚазақтар кеңістікті қалай атаған

 

 

  1. Сабақты бекіту. Тест.
  • Сақтардың түсінігінше әлем неше құрылымнан тұрды?

А)  бес;               Ә)  жеті;       Б)  үш;

  • «Ер Төстік» ертегісіндегі жер астында бас кейіпкерге кездескен күншілік жердегі сыбысты еститін адам.

А)  Желаяқ;               Ә)  Саққұлақ;       Б)  Таусоғар;

  • Адамның даусы жететін жерді қазақтар қалай атаған?

А)  шақырым;               Ә)  ат шаптырым;       Б)  таяқ тастам;

  • Қазақтар кеңістікті қалай атаған?

А)  құбыла;               Ә)  шартарап;       Б)  көкжиек;

  • Түріктердің түсінігі бойынша балалар мен отбасының қамқоршысы болып есептелген құдай-ана.

А)  Ұшар;               Ә)  Ұмай;       Б)  Ұлар;

  • Сақ тайпалары Күннің құрметіне қандай жануарды құрбандыққа шалды?

А)  жылқы;               Ә)  қой;       Б)  түйе;

  • Ежелгі түріктер адамзаттың әкесі ретінде кімді құрметтеген?

А)  Тәңірі;               Ә) Ұмай;       Б)  Күн;

 

  1. Қорытынды.

 

I.                        БілемінБілдімБілгім келеді
II.III.IV.

 

Үй тапсырмасы: 7ші параграф(оқу, «Кеңістік» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру).