Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы

Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:      Қазақстан жерінде өмір сүрген мемлекеттердің әлеуметтік

құрылысы, жерге меншік қатынастар, салықтар мен


міндеткерліктер, мемлекеттік-әкімшілік құрылысы жөнінде  .

түсінік беру.

 

Тәрбиелік:       Өз елінің тарихын білумен қатар, құрметтеуге, ұлтжандылыққа,

адамгершілікке тәрбиелеу.


 

Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалып-

тастырып, ой қорытуға дағдыландыру. Түрлі тірек-сызбалар,

Түрлі танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың тарихи

танымын кеңейту, өткен және қазіргі оқиғалармен салыстыра

білуге үйрету.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Уақыт –сызбасы, тірек-сызбалар арқылы жаңа сабақты

түсіндіру, мағынаны ажырату, салыстыру, пікір-сайыс,

танымдық ойындар.

Пән аралық байланыс:   Ежелгі дүние тарихы, география

Сабақтың жүру барысы:

Ұйымдастыру:

А) әрбір мемлекеттке бір-бір оқушыдан шығарып, толтыру. Ауызша талдату.

Мемлекет атауыӨмір сүрген кезеңіОрналасқан жеріАстанасыМемлекет билеушілеріСаяси тарихы
Алтын Орда
Ақ Орда
Моғолстан
Әбілқайыр хандығы
Ноғай Ордасы

 

Ә) Мемлекеттерді картадан көрсету.

 

Жаңа сабаққа көшу. Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының, Ноғай Ордасының мемлекеттік-әкімшілік құрылысы.

Жоспары:

1.Мемлекеттердің әлеуметтік құрылысы

2.Жерге меншіктік қатынастар

3.Салықтар мен міндеткерліктер

4.Қоғамдық-әкімшілік құрылысы.

 

Алтын Орда мемлекеті ыдыраған кезде қандай хандықтар құрылды?

Бүгінгі тақырып бойынша не білеміз? Оқушылардың ой пікірін тыңдау.

 

Жаңа тақырыпты түсіндіру: Төмендегідей сызба бойынша түсіндіріледі.

 

І. Мемлекетті басқару құрылысы

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.Жерге меншіктік қатынастар туралы

Монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жері Монғол державасының иелігінде болып келді.

Шыңғыс жаулап алған жерлерін балаларына бөліп берген. Осы жерлер «інжу» деп аталған. Ол «жасау»деген мағынаны берген. Жерден немесе онда тұратын халықтан түсетін алым-салық інжу болып, ханның қазынасына немесе оның ұрпақтарының қолына түскен. Жазба деректерге қарағанда, жер иеленудің төрт түрі болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Иқталық жерлерге мұрагерлік жолы жүрмейтін.Егер мұндай жер алған әскербасы немесе мемлекеттік қызметкер сатқындық жасап, жау жағына шығып кететін болса, жер қайтарылып алынатын болған.

ІІІ.Салық түрлері және міндеткерліктер.

Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы сияқты хандықтардың күш-қуаты көп жағдайда халықтан алынатын алым-салыққа, міндетті төлемдерге байланысты болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. IV. Қоғамдық және әкімшілік құрылысы
Лауазым атауыАтқарған қызметтері
Ұлысбек Мұрагерді таққа отырғызу, әскер басқару, көрші мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар жасау
АтабекХан баласы- мұрагердің тәрбиешісі
Көкілташ Мұрагердің «тел бауыры»
Наиб, Моғол хандығындаЖастайынан сайланған хандарға ақыл-кеңес беруші
ЖасауылЖиын –той, мерекелерде тәртіп, салт-дәстүрдің сақталуын қадағалаушы
Ішік аға басыСарай қызметінің басшысы
ИнақХан кеңесі
МиршикарХанның аңшылық ісін басқарушы
ДаруғаларАлым-салық жинап, тәртіпті қадағалаушы

    

 

 

Қорытынды:

Бекіту :  сабақты бекіту үшін оқушыларға жаңа тақырып бойынша тапсырмалар беріледі.

Бағалау:

Үйге тапсырма: 28 параграфты оқу.

Тапсырма №1

Жеке оқушылармен жұмыс. Әр оқушыға таратылып беріледі.

Жаңа сөздерҚате жауапДұрыс жауап
ҚұрылтайӘскер басқаратын, дипломатиялық қатынас жасайтын лауазымды адам
ЯсыОтырықшылардан алынатын жер салығы
ТағарДін иелерінің жерлері
ҚұшырЕң жоғарғы жиын жылына 1 рет шақырылды
ҚаланОтырықшылардан алынатын жер салығы
ЗекетХан баласы-мұрагердің тәрбиешісі
ХараджСарай қызметкерінің басшысы
БажЗаң жинағы
ҰлысбекХан кеңесшісі
АтабекМұсылмандардың кемтарлар үшін мешітке беретін ақшасы
КөкілташХандарға ақыл-кеңес беруші
НаибХанның аңшылық ісін басқарушысы
ЖасауылӘскерді қамтамасыз ету үшін жиналатын салық
Ішік аға басыМемлекетке адал қызмет істегені үшін сыйға берілген жер
ИнақАлым-салық жинап, тәртіпті қадағалаушы
МишикарЖан басы салығы және мал салығы
ДаруғарЖер көлеміне байланысты егіншілерден жиналатын салық
ВакфЖиын-той, мерекелерде тәртіп, салт-дәстүрдің сақталуын қадағалаушы
ИқтаМұрагердің «тел бауыры»

 

 

№2 тапсырма.  Дискуссиялық өрнек

Келісемін             Келіспеймін

1.Хандық билік мұрагерлік жолмен берілді.                                         +

2.Хан кеңесшісінің уәзірі болған жоқ.                                                                                      +

3.Түрік тайпаларының басшыларын баһадүр деп атады                                                      +

  1. Қарапайым халық «қараша» аталды +
  2. «Інжудің» мағынасы «жасау» +
  3. Жазба деректеріне қарап жер иеліктерін

6 топқа бөлеміз                                                                                                              +

  1. Салықтардың халыққа әсері болған жоқ +
  2. Тағар, құшыр, зекет-егін салығы +
  3. «Ұлыс» сөзі «ел» деген мағына білдіреді +

 

№3  тапсырма. Симантикалық карта. Мағынаны айыру. Топтық жұмыс.

Әр топқа беріледі.

Жер атауыЛауазым атауыСалық атауы
Ұлысбек+
Атабек+
Тағар+
Инақ+
Ваф+
Даруғалар+
Зекет+
Баж+
Иқта+
Миршикар+
Харадж+
Инжу+
Құшыр+
Қалан+
Жасауыл+