Сиыр. Жаттығу жұмысы.

№19 сабақ Сабақтың тақырыбы: Сиыр. Жаттығу жұмысы.

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға мәтінді оқыту арқылы  білімдерін  қалыптастыру ә) ауызша , жазбаша тілдерін дамыту, сөздік қорын, байланыстырп сөйлеуін, шығармашылық  б) ұқыптылыққа, жинақтылыққажәне сауатты, әрі  көркем жазуға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: тірек сызба, суреттер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру-Үйге қандай тапсырма берілді -Ақ бұзау қай малдың төлі?Тізбектей оқытамыз

III. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Неге ол Ақ бұзау деп аталады?-Бұзаудың енесін не деп атайды-Сиыр-Сиырдың адамға қандай пайдасы бар-Кім жауап береді?

ІҮ.Мақсат қою кезең:іБалалар, дауысты жуан дыбыстарды кім маған атап береді?Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?Оның нешеуі жуан, нешеуі жіңішке?

Ү. Жаңа сабақ  Жұмбақ

Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Сыртылдаған тұяғы бар

Бір желпуіш сияғы бар. Бұл не?   (сиыр)

Оқулықпен жұмыс

30-жаттығу Жаңылтпашты көшіріп жазып, жуан дауыстылардың астын сызыңдар.

Қырда қырау

Қызыл ала бұзау

Тауда тарғақ

Тарғыл ала торпақ.

Сергіту сәті

31-жаттығу Көп ніктенің орнына жуан дауыстыны қойып көшіріп жаз.

Жұмбақ

Қ..яды екен әр шаруа

Қазығ..на құт байлап

Қанша қ..йып алсаң да,

Сарқылм…йды сүт, қаймақ

  1. Жаңа материалды пысықтауСиыр өлеңін мәнерлеп оқып, оушыраға оқытуСиыр туралы түсінік беру

Әукім,әукім сиырым,

Мүйізінің сүйірін.

Шүгін жерге келгелі

Шығып қапты бүйірің.                           Қ.Мырза Әли

VII. Бекіту Жаңылтпашты жаңылмай айт

Әй,әй, Айдарбай

Иір мүйіз сиырыңды

Үйіңе айдай бар.

Мақалдар

Сиырдың сүті-тілінде

Малды бақсаң, сиыр бақ,

Сүт кетпейді шарадан

Сиырды теппейді

Сүтті төкпейді

VIIIҮйге тапсырма, бағалау