Сәулет өнерінің ескерткіштері» (Қазақстан тарихынан әңгімелер.

Мұғалім: Иманғожина Назгүл Тұрсынғазықызы                      Өтетін күні: ________________

Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: «Сәулет өнерінің ескерткіштері» (Қазақстан тарихынан әңгімелер.  5 класс)

Өтетін класс:5 А классыБасты мақсат:
Сабақ типі:Білім, білік, дағдыны қалыптастыруОқушыларға Қазақстандағы ортағасырлық сәулет өнерінің дамуы, тарихы жайлы мағлұмат беру
Сабақ түрі:Жаңа тақырыпты меңгерту
р/сӘдіс-тәсілдер:

 

Білімдік мақсат:Тәрбиелік мақсат:Дамытушылық мақсат:
1.      Ұйымдастыру  + оқушыларды түгендеу      

  (2 минут)

 Оқушыларға жалпы дүниежүзілік сәулет өнері туралы мәлімет бере отырып, Қазақстандағы ортағасырлық сәулет өнерінің дамуы, тарихы жайлы мағлұмат беру Өзге елдер тарихы мысалында әлемдік өркениетте ерекше орын алатын сәулет өнері туындылары негізінде оқушылардың қызығушылығын оята отырып, өз елінің тарихи ескерткіштерін құрметтеуге, оларды мақтан тұту мен аялаудың маңыздылығына  баулу жүредіИнтерактивтік тақтамен жұмыс істеу,   оқулықпен жұмыс жасау, топпен жұмыс істеу, салыстыра алу  қабілеттерін дамытуға жағдай жасалады
2.      Қызығушылық ояту. Интерактивтік тақтада бірнеше фотосуреттерді көрсете отырып, келесідегідей сауал қою.

Тапсырма  №1. «Бұл суреттерде бейнеленген дүниелерді қандай өнер түрі біріктіреді?». Жауабын тақтаға жазғызу    (2-3 минут)

3.      А) Сабақ тақырыбы  мен мақсатын хабарлау (2-3 минут). Жоспар: (дәптерге жазғызу)

1.      Ежелгі заманғы құрылыстар.

2.      Ортағасырлық сәулет өнері.

3.      Қазіргі заманғы сәулет өнері.

4.      Топқа бөлу (1, 2, 3, 4 санау арқылы ) және топ капитанын сайлау. Топ атауларын тақтаға жазып қою. (2-3 мин)
5.       Топаралық жарыс1   «Миға шабуыл».

Интерактивтік тақтадан көрсетілген ғимараттар атауларын және олардың орналасқан қаласын  табу ( 5-6  минут)

Дидактикалық материалдар:

 

·         Интерактивтік тақта

·         Слайд материалдары

·         Электрондық сағат

6.      Топпен жұмыс. 2. Тапсырма №2 «Әрбір топқа арнайы сұрақ»

Жауап оқулық көмегімен дайын болған соң интерактивтік тақтаға жазылады.

1-топ. Сәулет өнері дегеніміз не?

2- топ: «Мықтың үйі» дегеніміз не?

3- топ: Үйтас дегеніміз не?

4- топ: Киіз үй қашан пайда болған?

(3-4 минут)

7.      Мұғалім әңгімесі. Сәулет өнерінің қалыптасу тарихына шолу жасау. (7-8 минут)

 

8.      Бекіту сұрақтары. Топаралық жарыс. 3. Тақтада көрсетілген ғимараттардың атауларын дұрыс көрсетіп, осы ғимарат туралы әңгімелеп беруі  керек. (5-6 минут)
9.      Қорытындылау.  Әрбір топтың 1 мүшесі  сабаққа өз қорытындысын айтады (2-3 минут)
10.  Үйге тапсырма беру. § 38, хрестоматиядан №49

(І қатар),50 (2 қатар),53 (3 қатар) оқу, мазмұндау

 (1-2 минут)

11.  Бағалау  (1-2 минут)