Ақсақалдың ақ батасынан. Мақалдар.

№30  сабақСабақтың тақырыбы: Ақсақалдың ақ батасынан. Мақалдар.

Сабақтың мақсаты:а) Адамгершілік туралы түсініктерін қалыптастыру. ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту б) Үлкенді құрметтеуге сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс:

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу

II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырманы  сұрау, пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңіЕрежелерді еске түсіру.

  1. Мақсат қою кезеңі:— Дауысты дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?- Дауыссыз дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?
  2. Жаңа сабақОқулықпен жұмыс46-жаттығу Сөздерді салыстырып оқыңдар .сан-сән от-өт ыс-іс          ұн-үннан-нән            боз-бөз             тыс-тіс       тұс-түс2. берілген сөздердегі а-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү дауысты дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын байқау.ЕРЕЖЕ 47-жаттығу жаңылтпашты тездетіп, дұрыс оқыңдар.Жаңылтпаш

Дән-дәулет.

Дәулет-дән

Сән-сәулет

Сәулет-сән

  1. Сөздердің ә дыбысының жіңішке естілуін байқау48-жаттығу1. Сөйлемдерді көшіріп жазуБіз ауамен дем аламыз.Адамға таза ауа өте қажет.Әуе ашық, таза.2. ауа, әуе сөздеріндегі а,ә дыбыстарын салыстырыңдар.Қайсысы жуан , қайсысы жуан, қайсысы жіңішке айтылған?
  2. Жаңа материалды пысықтау«Әке көрген оқ жонар» деген

нақыл сөз беріліпті кім қалай түсінеді?

Ақсақалдың ақ батасы

Оқуда алғыр бол,

Ойлауға даңғыл бол.

Өмірде әділ бол,

Ашуда сабыр бол.

Ісіңде шебер бол,

Ақылға кемел бол.

Қиынға батыл бол,

Еңбекте батыр бол.

Уәдеңе берік бол,

Ауылыңа көрік бол.

VII. Бекіту  кезеңіМақалдар. Ата балаға сыншы

  1. Ата-бәйтерек

Бала-жапырақ

  1. Батаменен ер көгерер

Жаңбырменен жер көгерер

  1. Атадан бала туса игі,
  2. Ата жолын қуса игі

VIII. Үйге тапсырма, бағалау