І дүниежүзілік соғыс және 1916ж ұлт-азаттық соғыс. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы алғашқы жылдарында

Тақырыбы: І дүниежүзілік соғыс және 1916ж ұлт-азаттық соғыс. Қазақстанда тоталитарлық жүйенің орнығуы алғашқы жылдарында

Мақсаты: а) Оқушылардың тарих сабағын алған білімдерін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру;

                  б) Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту. Өз ойын жан-жақты толық жеткізе білуге , ізденуге қалыптастыру;

                  в) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, отаншылдыққа, туға жеріне    оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру;

Сабақтың типі: Қайталау сабағы

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ Ойынның мақсаты мен міндеттерін айту.

ІІІ Ойынды кезең бойынша өту.

ІV Сыныпты топқа бөлу арқылыжарыстыру.

V Қорытынды.

Кезеңдері:

1-кезең: «Бәйге» (сұрақ-жауап)

2-кезең «Мені түсін»  (қосымша деректермен жұмыс жасау)

3-кезең «Кім тапқыр?» (жылнамамен жұмыс)

4-кезең «Ойлан – тап» (көшбасшылар туралы жабық тест)

5-кезең «Көкпар» (тақырыпқа сәйкес сөзге байланысты тест құрастыру)

6-кезең Тест

1-кезең: «Бәйге»

  1. І дүниежүзілік соғысқа қанша мемлекет қатысты? (38)
  2. І дүниежүзілік соғыста ресей империясы қандай әскери одаққа кірді? (Антанта)
  3. «Қазақ халқының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»- деп жазған кім? (А.Байтұрсынов)

4.Азамат соғысының уақыты? (1918-1920ж.ж.)

  1. «Қазақ» апталық газетінің редакторы? (А.Байтұрсынов)
  2. Алашорда партиясының төрағасы? (Ә.Бөкейханов)
  3. 1920ж мамырда неше жастағы азаматтар армияға шақырылды? (19-35)
  4. «Қалың мал» романының авторы? (С.Көбеев)
  5. Шертпе күйдің негізін қалаушылардың бірі? (Т.Қазанғапұлы)
  6. Құрманғазының би күйлері? («Қызыл қайың», «Балбырауын»)
  7. 1916ж Торғайдағы көшбасшылары? (А.Иманов, Ә.Жангелдин)
  8. 1916ж Жетісуда революциясының ең ірі ошағы болған қала? (Қарқара)
  9. «Жас арбакештер одағы» қай қалада құрылды? ( Петропавлда)
  10. 1917ж Ақпан төңкерісінен кейін Ресейде қандай династия өмір сүруін тоқтатты? (Романовтар)
  11. Қаз АКСР-ның 1924-1928ж.ж. астанасы? (Қызылорда)

 

2-кезең: «Мені түсін»

  1. Ол «Тағы соғыс»деген мақаласында соғыстың әділетсіз екендігін, күшті мемлекеттер тарапынан зорлық саясат жүргізіліп отырғанын дәлелді. Ол: «Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ.Нарлар алысар, ол шаруасын бұзып, қанын төгетін-сорлы халық болар. ХХғ Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ ?»- деп жазды. Ол кім? (Ә.Бөкейханов).
  2. Ол «Төңкеріс және қазақтар» деген мақаласында «Ресей халықтары құқықтарының декларациясын жариялау қазақтарының ұлт мәселесіне мұқият қарауының басталуы деп санауға болады. Колчак өкіметінен Кеңес өкіметін артық көргенде біз қателескен жоқпыз деп мен шын жүректен айта аламын және өз жолдастарымның көңілін орнына түсіре аламын»- деп жазды? Ол кім? (А.Байтұрсынов).

 

3-кезең :«Кім тапқыр?»

  1. 1914ж 1 тамыз……
  2. 1917ж 14 наурыз……
  3. 1918ж 29 мамыр…….

4.1920ж 9 тамыз ……..

  1. 1920ж 26 тамыз…….

 

4-кезең: «Ойлан тап»

Ә.Жангелдин кім?         Т.Бокин кім?       Құрманғазы кім?

  1. 1. 1.
  2. 2.                  2.
  3. 3. 3.
  4. 4. 4.
  5. 5. 5.

 

5-кезең: «Көкпар»

 

 

6-кезең:

Тест.

  1. Қарқара жәрмеңкесін қоршауға қанша көтерілісші қатысты?

а)10 мың;           б) 5 мың;               в) 15 мың;

  1. Жетісу көтерілісі қашан талқандалды?

а) 1916ж қазан;     б)  1916ж тамыз;              в) 1917ж ақпан;

3.Ұлтаралық қақтығыстар туғызу мақсатында арандату шараларын қолданған кім?

а)Генерал Лаврентьев; б) Генерал-губернатор Фольбаум; в) Генерал Кравченко;

  1. 1916ж қарашада Торғайдағы көтерілісшілердің саны қаншаға жетті?

а) 15 мың;      б)   20 мың;   в)  50 мың;

  1. Торғай облысының Уақытша үкіметінің комиссары кім болды?

а) Ә.Бөкейханов;    б)  М.Шоқай;   в)  Т.Рысқұлов;

 

  1. 1917ж 19-20 қыркүйекте Түркістанда қандай партия құрылды?

а) «Жас қазақ»;  б) «Солдаттардың орыс- мұсылман ұйымы»;

в) «Иттифак-и- муслимин»;

  1. Уақытша үкіметінің «1916ж көтеріліс кезінде қазақтарға күш көрсеткен орыстарға кешірім беру туралы» деген қаулы қашан шықты?

а) 1917ж наурыз;    б)  1917ж мамыр;  в) 1917ж қыркүйек;

  1. «Қара жұмысшылар одағы» қай қалада құрылды?

а) Верныйда;    б) Ақмолада;   в)  Әулиеатада;

  1. «Алаш» партиясының төрағасы?

а) Ә.Бөкейханов;  б) М.Тынышбаев;  в) М.Дулатов;

10.Алашорда Уақытша Халық Кеңесінің қанша мүшесі болды?

а) 37;   б) 52; в) 25;

  1. 1920ж мамырда неше жастағы азаматтар армияға шақырылды?

а) 19-35;   б)  24-51;  в)  19-45;

  1. Ә.Жангелдиннің экспедициясы қандай майданға қару- жарақ жеткізді?

а) Шығыс майданына;  б) Орынбор майданына; в) Ақтөбе майданына;

  1. ҚазАКСР- дің 1920-1924ж.ж. астанасы?

а) Орал;     б)  Орынбор;  в)  Верный;

  1. Қаз.АКСР-і Атқарушы комитетінің төрағасы?

а)В.А:Радус-Зенькович;  б) М.Сералин;  в)  С.Мендешев;

  1. Қазақ жеріне ерекше қатігездік көрсеткен атамандар:

а) Колчак пен Юденич;   б)  Дутов пен Анненков;   в)  Колчак пен Алексеев;

Кілті:

1.б;        12.в;

2.а;        13.б;

3.б;        14.в;

4.в;        15.б;

5.а;

6.в;

7.а;

8.а;

9а;

10.в;

11.а;

 

Талдау, бағалау:

Рефлексия

( сабақ бітті, сабаққа, оқытушыға, өздеріңе баға беріңдер)

 

Не білдіңіз?

 

Сізге сабақ ұнады ма?

 

Несімен?

 

 

Үйге тапсырма

 

І топ: Әліби Жангелдин бастаған   “Қызыл керуен” экспедициясы;

ІІ топ: ХХ ғасырдың бас кезіндегі саз    өнері;

ІІІ топ: ХІХ ғасырдың аяғы мен   ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ      баспасөзінің дамуы