Ана біздің күніміз

Тақырыбы: «Ана біздің күніміз»

«Бала тілегі» орындайтындар Гүлден, Арайлым,Малика

Малика: Той пердесін ашайық
Тойға шашу шашайық
Аналарды құрметтеп
Ән – маржанын шашайық
Мұғалім: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз — ана. Бала дүниеге келген күнінен бастап өзінің жұмсақ алақаны жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілігін, мейірімділік махаббатын бере білген. Адам бойындағы барлық қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен таралған. Сондықтан да, балалар аналарды құрметтейік, нұрға бөлейік, аналар алдында бас иейік. Олай болса, бүгінгі мерекеміздің тақырыбы осы қасиетті «Ана» есімі болмақ.
Наурыздың сегізі
Сұлулықтың негізі
Әдемі сөз
Адамның анаға айтар лебізі
— Ендеше, қазір балалардың жылы лебіздерін тыңдайық.

Арайлым: Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі — аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық.

Аделя: Дүниедегі әр адамзат баласы,
Болсын мейлі ол бір елдің данасы,
Мәңгілікке қарыздар боп біреуге
Өтеді екен, ол — өзінің Анасы.
Дамир: Айтсаң болды тіл алам,
Әйбат мамам, ақ мамам.
Сені көрсем қуанам,
Сен керексің қайда да.

Гүлден: Кір түсірмей жағама
Шашымды да тарайсың
Мектебіме барарда
Мейірлене қарайсың.

Аянат: Тау қопарып, тасты үгіп
Тұрғыздың сен не қала
Саған қандай жақсылық
Жасай алам мен ана!

Қаир: Мамам менің ақ мамам
Гүлді маған баптаған
Жырды маған жаттаған
Мен ұйықтамай жатпаған.

Нұрзада: Шалқып тасып әніміз
Жадырасын жанымыз
Ана сені құттықтап
Әндетеміз бәріміз.

Малика: Өмірге – ана бұлақ, ана — пана,
Өмірді өркендетер ана ғана
Өсірген талай шешен, талай көсем
Талай ер, талай ақын, талай дана
Ана! ол — біздің елге ардақты адам.
«Апатайым-анашым» ХОР

Гүлден. Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген бәйтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық, алтын бақ
Аянат: Баланың да тірегі
Дананың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі

Нұрзада: Мәпелейсің мені, анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай
Би «Қамажай»
Қаир: Еркелесем күлімдейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан иіскеп менің
Құлыншағым күнім дейтін
Мұғалім: «Ана» деген сөзді де
«Апа» деген сөзді де
«Әке» деген сөзді де
«Тәте» деген сөзді де
«Аға» деген сөзді де
Хормен балалар: «Ойлап тапқан балалар»
Мұғалім: Күнім, жаным дегенді
Құлыншағым дегенді
Ботақаным дегенді
Айналайын дегенді
Толған айым дегенді
Хормен балалар: «Ойлап тапқан аналар»
Ән: «Құттықтаймын ана туған кұніңмен!»
Мұғалім: Құлыным дейді әжем
Бірақ мен баламын
Әппағым дейді әжем
Бірақ мен қарамын – деп Шөмішбай Сариев деген ағамыздың өлеңінде айтылғандай біздің қуанышымыз бен ренішімізді анамызбен тең бөлісетін, әрқашанда мейірімді жүзбен, сағынышты көңілмен бізді қарсы алатын адам бар. Ол кім?
Ойын: «Кімнің дауысы табайық» (анасы, әжесі дауыстайды, баласы ажыратады)

Малика: Таусылмайды өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын қонаққа
Кәмпит алып келеді
Әжем менің өйткені
Өте жақсы көреді

Ойын: «Мақалдың жалғасын тап» (ата – аналармен)
1 бала шығып мақалдың бастапқы сөзін айтады, анасы сол мақалдың жалғасын табады. Ананың сүті…., Баланың тілі…., Қыз өссе…., гүл өссе….
Анаға қарап…., әкеге қарап…..,
Би «Чунга — чанга»

 

Аделя:Ардақты анам, асылым
Теңдігіңді жырлаймын.
Жырымның ең асылын
Мерекеңе сыйлаймын.

Арайлым: Келбетіңде ұлылық,
Даладан кең пейілің
Ана деген – жылылық,
Ана деген – мейірім,
Ақыл құйған санама
Күннен де артық расында
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.
«Біз бақытты балалар» ХОР
Мұғалім: Барына риза болыңыздар
Үйретерміз білмегенін
Осымен бұл қызықты қорытындыласақ
Тағы да үйретерміз аман болсақ
Мерекенің соңында балалар өздерінің қолынан жасаған сыйлықтарын аналарына тапсырады.