Тас дәуіріндегі Қазақстан

Тас дәуіріндегі Қазақстан

Сабақтың мақсаты: Тас дәуірі бойынша алған білімдерін қайталау, нақтылай түсу, пысықтау. Тас дәуірінің археологиялық ескерткіштері табылған жерлерді картадан көрсете білуге жаттықтыру, туған жердің тас ескерткіштері туралы түсініктерін кеңейту. Елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Тас дәуірі»  тірек – сызбасы, карталық парақшалар, суреттер, деңгейлік білім кестесі, мониторинг сызылған кесте, қыш құмыралар, қыш тастар.

Әдіс – тәсілдер: сұрақ-жауап, ішінара ізденіс әдісі, деңгейлік әдіс, тірек-сызба әдісі.

Сабақ түрі: ішінара ізденіс енгізілген қайталау сабағы.

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру.

а) оқушыларды сабаққа дайындау;

ә) сабақтың өту барысын әңгімелеу;

ІІ. Кіріспе. «Тас дәуірі» тірек сызбасын сипаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Негізгі бөлім: деңгейлік тапсырмалар.

а) Алгоритімдік деңгей — ұққанын есте сақтауы арқылы айыра білу.

ә) Оқушылық — мұғалім сұрақтарына жауап беру.

б) Эвристикалық – ішінара ізденіс, археологиялық ескерткіштер табылған жерлерді таба білу, картамен жұмыс жасай білу.

в) Шығармашылық – іздену, тарихи оқиғаны ойда сәулелендіру арқылы ауызша жүйелі әңгімелеу.

1-деңгей. Кестемен жұмыс.

Кесте толтыру.

ДәуірАдамдар дамуыЕңбек құралдарыШаруашылығы, кәсібіТарихи шеңбері
Ежелгі тас дәуіріЕрте палеолит
Орта палеолит
Кейінгі палеолит
Орта тас

дәуірі

Кейінгі тас

дәуірі

 

2-деңгей. Карталық парақшалармен жұмыс.

3-деңгей. «Тастан құрал жасау» тақырыбында тестік 5 сұраққа жауап беру.

4-деңгей: Шығармашылық жұмыс: а) діни наным-сенімдерін көрсету: қазіргі әжелердің айға амандасуы, жер ұшық жасау, сумен аластаумен байланысы бар  ма? Диалогтық әңгіме (мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы араларында),

ә) «Үңгірдегі тіршілік» суретіне әңгіме құрастыру.

  1. Тарихи диктант жұмысы. Жаңа сөздердің мағынасын түсінуін тексеру мақсатында «Кілтті тап» ойынын ойнатуға болады. Шарты: Бірнеше сөздерді мұғалім оқиды, ішінен өтілген тақырыпқа қатысты үйреніп –білген сөздерін оқушылар дәптеріне жазады.

 

  1. V. Маркирова кестесімен жұмыс. Тақырыптары:

1) Тас дәуіріндегі археология ескерткіштер.

2) Тас дәуіріндегі әдет-ғұрып, діни наным-сенімдер.

 

Мен білемінБілгім келеді….Мен үшін жұмбақ?

 

  1. Қорытынды. 1. «Идеяларды тоғыстыру» оқыта үйрету ойыны негізінде оқушыларға негізгі ұғымдар беріледі, оны әрі қарай жалғастыру керек.

а) Адамдар тастың сынатынын білгеннен жақсы білгеннен кейін…

ә) Адамдар тіршілікпен айналыса жүріп…

б) Адамдар тастан…

в) Адамдар ағаштан…

г) Неандерталдық адам өзіне баспана етіп…

  1. Медитация әдісін пайдаланып, сабақты қорыту (тыныштықта бір минут отырып, өз ойларын қорыту).
  2. Оқушылардың білімін бағалау.