Қимақ және Қыпшақ мемлекеттері

 

Алматы облысы

Ұйғыр  ауданы

«Сүмбе орта мектебі мектепке дейінгі

шағын орталығымен»  коммуналдық

мемлекеттік   мекемесінің

тарих   пәні  мұғалімі

Қазақстан тарихы Қимақ және  Қыпшақ  мемлекеттеріМерзімі10 а сынып
Сабақтың түріСайыс сабақСабақтың көрнеклігіСуреттер, слайд, карта, таратпа  материалдар.
Сілтеме:1) Мұғалімге  арналған  нұсқаулық

2)  Қазақстан  тарихы

3)  Әдістемелік  нұсқаулық

4)    Қосымша  әдебиеттер

5)    Слайд  www ustas kz.

Жалпы мақсаты

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқыту нәтижесі

 

 

Түйінді идеялар

? ІХ-ХІІІ ғасыр аралағында Қазақстанның солтүстік шығыс,орталық, батыс аймағын мекендеген Қимақ және  Қыпшақ мемлекеттерімен таныстыру.

? Оқушыларды  Қимақ және  Қыпшақ мемлекеттерінің қоғамдық-саяси тарихы, шаруашылығы, қолөнеріндегі ұқсастықтар мен ерекшеліктерін анықтап, өздігінен жұмыс жасап, қорытындылауға   дағдыландыру.

?  Тақырыпты түсіндірудің оңтайлы жолдарын көреді. Өз пікірін еркін айта білуге дағдыланады.

Хронологиялық деректерді талдайды,  Қазақстан аумағында мекен еткен мемлекеттермен  танысады.

 

Қимақ және  Қыпшақ мемлекеттерінің  мекендеген жері, саяси жағдайы    жайында мағұлмат алу.

Қолданылатын материалдарПостер, интерактивті тақта, суреттер,  маркер
Оқыту әдістері1.СТО

2.Бағалау

3.Дарынды және талантты балаларды оқыту

4.Жас ерекшелігіне қарай оқыту

5.Оқытуды басқару  және көшбасшылық

1.Жеке жұмыс

2.Жұппен жұмыс

3.Топпен жұмыс

4.Сыныппен жұмыс

 

Оқушы мен мұғалім әрекетіҰйымдастыру.

Сыныпта психологиялық ахуал  қалыптастыру

Топқа бөлу.Топ басшысын сайлау.

Тапсырмалар1.Тест  тапсырмалары

2.Көпір тапсырмаларын орындау

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру.

3.Мәтінмен жұмыс

4. Сергіту сәт                                                                                                                5.Венн диаграммасы

6. Қорытынды

Үй тапсырмасын сұрау
Тест тапсырмасын орындау1.Түркеш қағанатының мерзімі

А) 704-756 жылдар.

В) 703-705 жылдар.

С) 704-706 жылдар.

D) 706-756 жылдар.

Е) 707-708 жылдар.

2.Түркеш қағанаты бөлінген аймақ саны

А) 10

В) 20

С) 30

D) 40

Е) 45

3.Арабтар “Сүзеген” деп атаған қаған

А) Сұлу

В) Білге

С) Бумын

D) Тон

Е) Мұқан

4.Атлах шайқасынан кейін

А) Арабтар Жетісудан кетті

В) Қытайлар Жетісуды басып алды

С) Қытайлар Жетісудан біржолата кетті

D) Арабтар Жетісуды басып алды

Е) Қытайлар жеңді

5. 756жылы Түркеш қағандығын құлатып,билікті өз қолына алған тайпа

А) Қимақ

В) Қарлұқ

С) Қарахан

D) Қыпшақ

Е) Оғыз

6.Түркештердің Күнгет қаласы қай жерде орналасқан

А) Іле

В) Талас

С) Шу

D) Есіл

Е) Ертіс

7.Түркеш мемлекетінің негізін қалаған қаған

А) Сұлу

В) Құтшар

С) Күлишор

D) Жыпыр

Е) Үшілік

8.1Х ғасырдың басында қарлұқтар жеңілген ел

А)  Ұйғыр қағанатынан

В)  Енисей қырғыздарынан

С)  Арабтардан

D)  Қарахандардан

Е)  Қимақтардан

2- тапсырма

 Көпір тапсырмасы

1.Қарлұқ қағанатының кезеңі?

756-940  жж.

2. Қарлұқ елінің негізгі топталған жері?

Алтай тауынан Балқаш көліне дейін

3.Оғыздардың жоғарғы билеушісі?

Жабғу

4.Түркештер мен Қарлұқтардың орталығы  болған қала?

Суяб

5.Оғыз мемлекетінің кезеңі?

ІХ ғасырдың соңы-ХІ ғасырдың басы

6.756 жылы Қарлұқтар құлатқан Түркеш  мемлекеті қанша уақыт өмір сүрді?

Жарты ғасыр (52 жыл)

Жаңа сабақТақырыбы: §25 Қимақ және  Қыпшақ  мемлекеттері

? Мақсаты: ІХ-ХІІІ ғасыр аралағында қазақ жерінің  солтүстік шығыс,орталық, батыс аймағын мекендеген Қимақ және  Қыпшақ мемлекеттерімен таныстыру. Қазақ халқының ата-тегі  және   олардың мекендеген жерлері туралы толық  түсінік беру.

 

Мұғалімінің әрекеті

«Түсіну»

 Ой-қозғау: Картаға қарап отырып екі мемелекеттің орналасу аймағын табу.

Қимақтар- ІХ-ғасырдың соңы-ХІ ғасырдың басы (1,5 ғасыр өмір сүрді)

Қытай жылнамаларында жазылған дектерге қарағанда Қимақтар б.з.д өмір сүргендігі байқалады. ҮІІ ғасырдың басында қимақтар Моңғолия жерінің солтүстік-батысын мекендеген.

 

Батыс Түрік қағанаты ыдырағанда кезінде қимақтар Алтайдың солтүстік ауданы мен Ертіс өңіріне көше бастайды. Моңғолия жерінің солтүстік-батысын мекендеген Қимақтардың ішінде қыпшақтар да болған.Орта ғасырлардағы парсы тарихшысы Гардизидің айтуы бойынша Қимақтардың құрамында 7 тайпаның болғандығын жазған.Олардың ішіндегі атақтылары қимақтар мен қыпшақтар –деді.766-840 жылдары қимақтар Батыс Алтайға, Тарбағатай мен Алакөл маңына ойысады.840 жылы Ұйғыр қағандығы ыдырағаннан кейін олардың құрамындағы біраз тайпалар:

 

 

Қимақтардың орталығы –Имақия, екінші қаласыАлакөл жағасындағы Карантия қаласы болды.

Қоғамдық құрылысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Саяси жағдайы

Жазба деректерде қимақтар ІХғасырда тоғыз-ғұздар  жерінің бір бөлігін қол астына алады. Х ғасырда тоғызғұздардардың шекаралық қаласы-Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алады.Енесей бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасайды.Х ғасырдың екінші жартысында қимақтар жеріне Қарахан мемлекеті шабуыл жасайды.Мұндай жорықтар ХІ  ғасырда жиілей түседі. Осы жорықтардыңәсерінен Қимақ мемлекеті әлсірей бастайды.

2. Қыпшақтар — ХІ-ХІІІ ғасырдың басы (2 ғасыр өмір сүрді)

Қимақ қағанатының жері ХІ  ғасырда құрылған Қыпшақ  қағанатының қолына толығымен көшті.Шығыста Алтайдан басталып, батысында Днестрге дейінгі кең-байтақ аумақты алып жатты.

• Алтайдан Еділге  дейінгі аралықтың “Қыпшақтар даласы” (Дешті Қыпшақ) деп атаған.

Қыпшақтардың этникалық құрамы ҮІІ-ҮІІІ ғасырда қалыптаса бастаған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Қыпшақ бірлестігіндегі түрік тілдес тайпалар:

• Қимақ

• Оғыз

• Құман

• Ежелгі башқұрттар. XII ғ  бастап  Арал маңындағы

• Қаңлылар

• Қарлұқтар

• Жіліктер  қосылған

Еуропа саяхатшысы Плано Карпинидің “қаңлылар  қыпшақша сөйлейді екені”  дегені  толық дәлелдейді.

2. Қыпшақтардың  қоғамдық  құрылысы

Қытай тарихшысы Жүзжани  бөрілерді  хан әулиетінің тайпасы деп атаған.

Хандық биліктің орталығы  “орда” деп атаған

Әскери  басқару жүйесі бойынша оң және сол қанат болып бөлінді.

• Оң қанаттың күші және беделі басым  орталығы  Жайық өзені бойындағы Сарайшық қаласы

• Сол қанат орталығы Сырдария өзені бойындағы Сығанақ қаласы

Екі қанатқа бөлу билікті мызғытпай   ұстан отыру үшін жасалған еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
3.Қыпшақ  хандығының  саяси  жағдайы

ХІ ғасырдан бастап Қазақстанның Жетісудан  басқа жерлерінің барлығын қыпшақтар мекендеді.Х ғасырдың аяғы –ХІ ғасырдың басында Оғыз мемлекетінің жағдайы нашарлай бастайды. Осыны қыпшақтар дер кезінде пайдаланады.Еділ өзеніне дейінгі жерді иеленеді.Оңтүстік орыс далаларын 1055 жылы жаулап алған қыпшақтар «половцы» деп атаған. Кавказ, Кырым жерлерін алып, шекераларын Донға дейін ұлғайтады. Византия, Еуропалық жылнамаларында , Венгр деректерінде: «Кундар» «командар» деп аталаған.

Қыпшақтар  Хорезм  елімен   қатынасты  жақсартуға  тырысады.

Хорезм  билеушілері  Текеш  пен  II  Мұхаммед  қыпшақ ханы  Қадыр Букехан  мен  оның  жиені  Алып-Деректің арасындағы билік үшін таласты пайдаланып, Сығанақ қаласын  басып  алуды  ойластырады. Текеш   Отырарды  билеп  отырған  Алып-Деректің  әскерін өз жағына шығарып, қаланы жаулап алды. Билік үшін бәсеке тек 1219-1224  жылдары  монғолдар екі елді де жаулап алғаннан кейін ғана біржола тынады.

Екі елдің шаруашылығы жайына тоқталу.

Сергіту сәтіГүл сыйлау
Ториясы «Талдау»

Венн  диаграммасы

 

Теориясы «Жинақтау»

 

 

 

«Футбол» ойыны  арқылы сабақты бекіту :

1Қимақ қағанатының орталығы?

Қыпшақтар даласы дегеніміз?

Қыпшақтардың батыс бірлігіндегі тайпа?

Оң қанат Қыпшақ ордасы?

Х ғ.  екінші жартысында  Қимақтарға шабуыл жасаған кімдер?

Сол қанат Қыпшақ ордасы?

ПрактикаСлайд көрсету. Жаңа сабақты қорыту.
Рефлексия
Сабақты қорытуОқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру.§25 оқу, хронологиямен жұмыс.             « Түбі бір түркі тайпалары»    тақырыбында әңгіме құрастырыңдар