Қазақстан Республикасы жайлы білеміз бе?

Құрметті ұстаздар, оқушылар және сайысқа қатысушылар!

ҚР – ның 20 жылдық мерей тойының қарсаңында өткізгелі отырған «Қазақстан  Республикасы жайлы білеміз бе?» атты тәрбиелік тарих пәнінен іс-шараға қош келіпсіздер! Бұл сыныптар бастауыш сыныптан келіп жаңа пәнмен танысып,осы уақытқа  дейін алған білімдерін көрсетуге  сайысқа түскелі отыр.

Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы — тарих» айтқан сөзіне сүйене отырып сабағымызды бастайық. Ендеше сайыскерлерге іске сәт!

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасы жайлы білеміз бе?

Сабақтың мақсаты: ҚР-ның 20 жылдағы жетістіктерімен танысу, білімдерін жетілдіру.

Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтшылдыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілдіктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінін тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбие беру.

5 сыныпқа келгенде кездескен жаңа пәнге деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

Сабақ түрі: Сайыс сабақ.

Әдісі:          Ауызша,жазбаша, топтық, ойын түрлері.

Ұраны:       Тыныштық, сабырлық, құштарлық, белсенділік, білімділік.

(Осы бес ұранды ұстасақ сабағымыз тартымды өтеді деп ойлаймын.)

Пән аралық байланыс: қазақ әдебиеті, ән-күй.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі. (екі сыныптан сайысқа қатысып, сынып намысын қорғайтын сайыскерлерді ортаға шақырамыз)
  2. Таныстыру. (топ басшылары өз топтарымен таныстырады, сурет альбомдарын тапсыру керек. Бұл үй тапсырмасы болған)
  3. «Бірігейік бәріміз» атты бөліміміз бастайық.

      Білімді қару етіп, серік етіп,

      Болашақтың есігін біз ашамыз – дей екі топқа 10 сұрақтан құрылған тест тапсырмасын таратамын. Оған дейін ҚР –ның 20 жылдығына арналған әдеби монтажды ұсынамын.

  1. Мен жайлы білесің бе?- атты бөлімге тоқталайық. Бұл бөлім сіздердің тапқырлықтарыңмен, есте сақтау қабілеттеріңе баға беру.

Қандай сынақ болсадағы,

Әрқашанда ұмтыламыз жеңіске – деп жылдарды сөйлетейік. (жылдарды сөйлете отырып, жыл жазылған қиғаш қағаздармен 20 санын жазып көрсету керек. Қортынды ретінде ҚР-на 20 жыл деген мағананы білдіреді түсінік болу қажет)

 

1991ж-Тұңғыш ғарышкер ұшты (Тоқтар.Ә)

1992ж-ҚР-ның рәміздері қабылданды, БҰҰ-ға кірді

1993ж-теңге д/келді

1994ж-(Талғат М.) Ғарышқа ұшты

1995ж-Абайға 150ж, ата заң .

1996ж-ҚР-ның 1 сессиясы болды

1997ж-Астана Ақмолаға көшірілді

1998ж

1999ж

2000ж –«Мәдениетті қолдау» жылы

2001ж- Тәуелс.ҚР-на 10ж мерей тойы

2002 ж- Денсаулық жылы

2003ж- Ауыл жылы

2004ж-Қазақстан-Ресей жылы

2005ж-

2006ж-Қ-да Пушкин,Р-де Абай жылы, Жаңа әнұран

2007ж-«Қазақ тілін қолдау» жылы

2008ж- «Қазақстан-Украинада»жылы

2009ж- 25.02-6.03. Халықсанағы өтті

2010ж- Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымда төрелік етті


4.Ойлан тап (пәнге, елімізге, ауданымызға шолу жасайық)

Шапқан озар, Жатқан қалар — деп мынау  жасырынып тұрған ұяшықтағы сөзді табайық. Егер дұрыс тапсақ тәрбиелі күнделікті сөз щығады. Сондықтан сендер санды айтасыңдар мен сұрақты оқимын

  1. ҚР-ның туының авторы кім? (Шәкен Ниязбеков )
  2. ҚР-ның елтаңбасының авторы? (Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уалиханов)
  3. СҚО-ның әкімі (Серік Біләлов)
  4. Ауданымыздың әкімі (Марат Тасмағанбетов)
  5. 2011 жыл қандай атауға арналады? (ҚР-ның 20 жылдығына)
  6. «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы»-20 жұлдызды күн шеңбері атты мерекелер қашан басталады? (26.11.-15.12.)
  7. Сонның ішінде бүгінгі күн қалай аталады? («Менің Қазақстаным»)
  8. Тарих пәні нені оқытады? (шежірені)

Ө  Т  Е     Ж  А  Қ  С  Ы (слайдты керсінше ашқанда шығатын сөз)

  1. Сөзжұмбақ (топпен жұмыс) Екі топқа сөзжұмбақ беріледі, егер дұрыс шешілетін болса, мемлекеттің аты шығады.

Өнер ағып жатқан бұлақ,

Білім жанып тұрған шырақ — деп жұмысқа кірісейік.

  1. Қазақстандағы көмір шығаратын қала?(Қарағанды)
  2. Қазақстандағы алмалы қала?(Алматы)
  3. Қазақстандағы «мыс шахары» атанған қала?(Жезқазған)

4.Қазақстандағы мұнайлы қала(Атырау)

  1. Сыр бойындағы қала (Қызылорда)
  2. Астығы мол қала (Қостанай)
  3. Қазақстанның мақталы қаласы (Шымкент)
  4. Қазақстанның астанасы (Астана)
  5. Қазақстан Республикасының Елбасы (Н.Ә.Назарбаев)

Жазып болғандарың тапсырыңыздар.

Мен сіздерге мынандай сауал берейін, егер аяқ астында шашылып жатқан затты көрсеңіздер не істер едіңіздер? Әрине жинаймыз. Ол да тәрбиеге, әдептілікке жатады емес пе? Ендеше келесі бөлімімізге көшейік.

  1. Күзгі өнімді жинау.(интерактивті тақтамен жұмыс) «Әдепсіз өскен баладан, Тәртіппен өскен тал артық» демекші алманы жинайық. Дұрыстап салып қойыңдар, жарай ма?

Қазақстанның астанасын рет-ретімен жазып көрсет.

Алманы жинай отырып, тапсырманы орындаймыз.  (алма суретінің астында қалалардың аттары жазылған)

(Орынбор,Қызылорда,Алматы,Астана.)

7.Кестені толтыру (ҚР-ның рәміздерін білесіз бе?) Екі топқа кесте беріледі, соны толтырады. «Түйедей бойың болғанша, Түймедей ойың болсын» деп білімізді көрсетейік. (кестені үлестіріп беремін)

(Кесте толтырғанша музыкалық номер жіберіледі)

  1. «20 жылдыққа 20 қадам » — атты байқау. Соңғы сайыс, шешуші деп айтуға болады. «Тапқыр болсаң, талас жоқ». Бүгінгі атап отырған 20 жылдыққа біздің қосқан үлесіміз болсын дей өздеріңнің жақсы нәтижелеріңді жазып шығыңдар.

Сөз кезегі сіздерде.

Ал,оқушылар  осымен   сайысымыз  аяқталды. Атсалысып  қатысқандарыңызға көп рахмет. Білімдерің жоғарыдан көріне берсін.

Әділ баға беріп,қызмет жасағандарыңызға рахмет.

Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз айтқан даналық «Тарихты білмей-өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын» деген даналық сөзі орынды айтылған. Ендеше біз бүгін жалпы тарихқа шолу жасадық деп ойлаймын.

Көңілдеріңіз көтеріңкі, жүздеріңіз жайдарлы, білімдеріңіз тиянақты, нық болсын. Назарларыңызға рахмет!