Заттың атын білідретін сөздер. Көмірдің кереметтері.
№58 Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білідретін сөздер.
Көмірдің кереметтері.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға заттың атын білдіретін сөздер бойынша алған
білімдерін пысықтау, көмірдің кереметі туралы түсінік беруә) Оқушылардың сабақ барысында логикалық ойлау қабілетін,сөздік қорын, шығармашылық қабілетін дамыту б) табиғатты сүюге , оның пайдалы қазыналарының пайдасы мен сырын аша білуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:сурет, көмір, микроскоп
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген жаттығуды талдып, пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-балалар кім, не деген сұрақтар заттың несін білдіреді?-Біз кім? сұрағын кімге қоямыз?-Не сұрағын қашан қоямыз?
- Мақсат қою кезеңі:-Ендеше осы анықтамалды бір еске түсірейікші- Кім айтады?
- Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс 97 –жаттығу Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазыңдар.1Сөйлем соңына тыныс белгісін қойыңдар.
Сара, көмектесті, апасына; жуды, қол орамалдарды: сыпырды,еденді: көмекші , ол кішкентай.2.Неше сөйлем жаздыңдар?3. Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріптен басталып жазылады?
VI.Жаңа материалды пысықтау: Мәтінді мәнерлеп оқу Көмірдің кереметі.2.Көмірдің қандай пайдасы бар екен?3. тағы қандай пайдалы қазбаларды білесіңдер?4. Өзің тұратын жерде не өндіріледі?
VII.Бекіту кезеңі: №9 өзіндік жұмыс
1-нұсқа Сөйлемдерден кім?кімдер? не?нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді тауып , астын сыз.
2-нұсқа
1.Көп нүктенің орнына заттың атын білдіретін сөздерді жаз.
- Сол сөздерге сұрақ қой.
3-нұсқа
- мамандықты білдіретін сөздер
- туыстықты білдіретін сөздер
- Жануарлар
- Заттар.
Жазған сөздерге сұрақ қою.
VIII. Үйге тапсырма, бағалауМәтінді түсініп оқып, мазмұндап келу.