Интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары

Интерактивті оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тарих сабағында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын   арттыру жолдары

І.Кіріспе

І.І. Қазіргі таңда білім берудегі тарих сабағына қойылатын талаптар.
Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл шәкірттерін тәрбиелеуші мұғалімдер- сонау ұстаз деген есімнің ұлылығын дәлелдеп кеткен, ұлы ұстаздардың еңбегімен сусындаған, әмбебап жандар. Бүгінгі  таңдағы ұстаздар қауымының жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері  ұшан – теңіз.Жаңашыл ұстаз болмысы, біріншіден, мұғалім – үздіксіз ізденуші.Қазақстан Республикасының  ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.Ұстаздың тағы бір ерекше қасиетінің бірі – жетелеуші, алға ұмтылдырушы. «Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ…Егер мұғалім өз ісін ұната білсе, ол жақсы мұғалім болады.»- деген еді Л.Н.Толстой.

Қоғамның дамып-өркендеуі, оның әлеуметтік-мәдени этностық ерекшеліктерін толық меңгеріп, өзгерістер, жаңалықтар, ұғымдар туралы болып жатқан барлық мәселелерге мән бере отырып, салауатты өмір салтын құруда, білім беру саласындағы инновацияны меңгеруде, қоғамымызды ізгілендіруде мұғалімдерге, олардың кәсіптік сапаларына, білімділігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге қабілеттілігі, мәдениеті, парасаттылығы, т.б. қасиеттеріне байланысты екендігін, мұғалімдік мамандықтың жан-жақты білімді, шынайы сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап ететінін, еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана жемісті болатынын ұғындыру.Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында жатқан ұлттық тәрбиенің озық әрі өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану – аса маңызды міндеттердің бірі. ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетінің қайта өркендеу жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;… оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне оқыту мен тәрбие берудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді. Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда. Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Жан-жақты ізденістің нәтижесінде білім беру саласында жаңа педагогикалық технологиялардың саны да, сапасы да өсіп келеді. Технология – белгілі бір істегі адамның әдісі, шеберлігі. Осы шеберлік арқылы мұғалімнің өз сабағын оқушыға жоғары сатыда жеткізуіне мүмкіндік береді.  Мұғалім үнемі шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа жақын болғаны. Өзгелердің үлгісін өз ісінде пайдалана білсе, оған өзіндік қолтаңбасын қосып отырса – оқушы тәрбиелеу мен білім берудегі жетістігі сол болмақ. Қазіргі педагогикалық әдебиеттерден 50-ден астам оқыту технологиялары қолданысқа енгізілгені белгілі болып отыр. Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, жаңаша құрылымы бар демократиялық қоғам құруға кіріскеніне біршама уақыт өтті. Еліміздің болашағын жасайтын жастар білімімен қатар шығармашылық қасиеті жоғары, өзіндік көзқарасы бар, елге тұлға болатын азаматтар болуы керек. Ал ол азаматтарды оқытып, тәрбиелеп шығаратын негізгі орта – мектеп. Сондықтан қазіргі мектеп ішінара қайта құруларға жол беріп, көп істерде оң өзгерістерге қол жеткізуде. Тарих пәні мұғалімдерінің міндеті – мәдениетті түрде білімді, іскер, жеке тұлғаны дамыту, ұлтымыздың рухын көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол іздеу.

ІІ. Негізгі бөлім

                   2.2   Тарих пәнінен  білімді меңгертудегі іс-тәжірибем

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруға белсене қатысатындар, кең байтақ Қазақстанның байлығына ие болатындар, сол байлықты өз иелігіне жұмсайтындар, сөз жоқ, қазіргі мектеп қабырғасында жүрген біздің оқушыларымыз екеніне ешкім күмән келтіре алмайды. Менің де мұғалім ретінде алдыма қойған мақсатым – оқушыларға ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім берумен қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сол себепті сабақты идеялық жағынан ғылыми негізде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білім құмарлығын таныту, әр сабақта оқушыларды ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті  сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет-ғұрыпты бойына сіңіруге дағдыландыру – әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Бұл ретте өзім сабақ беретін тарих сабағымда оқытудың көптеген әдістерінен құралған интерактивті оқыту технологиясының тиімді әдістерін қолданамын.

Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе

отырып, “жеке тұлғаны дамытуға бағытталатын” қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады.

Интерактивті  ағылшын  тілінен  аударғанда  inter – аралық,     action – әрекет.

  •   Баланың жеке өздігінен  ізденуіне мүмкіндік беру;
 Сабақтың жүру барысыӘдістеріКөрнекіліктер
  1. Ұйымдастыру кезеңі
  1. Өткен сабақты пысықтау

Адамзат дәуірін 4 кезеңін ретімен қою

Қола дәуірі

Тас дәуірі

Мыстытас дәуірі

Темір дәуірі

Ойға шабуыл

Компьютерлік оқыту технологиясы

Өз бетімен жұмыс

 

     1Өткен білімді жинақтау

Глобуспен жұмыс

Пирамида құрастыру

Өз бетімен жұмыс

 

 Жұмыс дәптері
  1. Мұз басу дәуірінің Қазақстан табиғатына тигізетін әсеріне тоқталу

Пайдасы .   Зияны

Эвокация

 

 

Рефлексия

Дидактикалық материалдар

 

 

Карта «Қазақстан Республикасы »

  1. Тас дәуіріндегі адамдардың ең басты жетістігі «Отты жағуды үйрену»
 

Ойлау

Кірістіру

Әлемнің 7 кереметі.

 

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру
  2. Алғашқы адамдардың кәсібі   Тас дәурінің жетістіктері
Ұжымдық оқытуПирамида суреті
  1. Жаңа білімді бекіту
ЗерттеуВенн диаграммасы
  1. Білім мен дағдыны шыңдау
ЕліктеушілікҮлестірмелі карточкалар.
  1. Білім мен дағдыны меңгеру
  1. Оқушы білімін бағалау
  1. Үйге тапсырма .
  •   Топтасып оқып үйренуге жағдай жасау;
  •   Өздерін – өздеріне бағалату;
  •   Іс – әрекет барысында білім алу;

  Оқушы  өз  ойын  еркін  айту  үшін  мұғалім  мына  тәсілдерді қолдануы тиімді.

  •   Алғыс сезіміңізді білдіріп, үнемі көтермелеп отыру;
  •   Ешқашан “жауабыңыз дұрыс емес” демеңіз, ондай жағдайда
  •             тек сыныптан    « келісесіздер ме» деп сұрау;
  •    Зейінсіз енжар оқушыны анықтау, мүмкін оларда ой не ғажайып пікір болуы.

Осыған орай өзім сабақ беретін 8-10 сыныптарда осыған сәйкес өз тобымда ұйымдастырылған іс –әрекетті  Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», М.М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» т.б. технологияларының  элементтерінің жиынтығы, оқытудың   интерактивті оқыту технологиясының әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал жасаймын.  Ең алдымен әрбір сабақтың өтуіне мұғалім үшін әдістемелік көмек технологиялық карта жасаймын.

Өзім сабақ беретін  5 «б» сыныбында «Алғашқы адамдардың тұрмыс – тіршілігі мен кәсібі, қоныстары»  тақырыбында эврика – компьютерлік сабақ өткіздім.  Сабақта компьютерлік оқыту технологиясы, Ұжымдық оқыту технологиясы,  Сын тұрғысынан оқыту технологиясын қолданып сабақ міндеттерін нақтылау барысында  технологиялық карта дайындадым.  /Технологиялық карта /

 

Сонымен қатар оқушыларды топқа бөлу арқылы интерактивті оқыту технологиясының әдіс тәсілдерін қолданамын.  Мысалы 6 сыныбымда «Мыс-тас дәуірі (Энеолит) »тақырыбында өткен сабағымды оқушыларды

 

4 топқа бөлу арқылы өткіздім.  Әр топқа тақырыпқа сай атау бере отырып кестемен шығармашылық жұмыс тапсырылады.

 

Тас дәуірінің кезеңдеріКезеңнің хронологиялық ауқымыЖаңалықтар мен өнертабыстарӘр кезеңде өмір сүрген адамдар Қоғамдық құрылымдар
Ерте тас дәуірі
Кейінгі тас дәуірі
Мезолит
Неолит
Энеолит

Топтық негізде өткен сабақты үнемі қолдану барысындағы ерекшеліктеріне тоқталсам.

  • Топтар алдын ала мұғалім басшылығымен жасақталады;
  • Көбіне топтар тең шамалас, әртектес болады;
  • Топтық тапсырманың әр мүшесі әр бағытын орындайды;
  • Жеке оқушының емес, топтың жұмысы бағаланады;
  • Топ атынан сөйлейтін оқушыны өзге топ не мұғалім таңдайды;
  • Жеке білімді тексеру бөлек жүргізіледі.

Сонымен қатар сабақ барысымда білім мен білікті жинақтау мақсатында тірек – сызбаларды қолданамын. Мысалы «Жапониядағы феодалдық құрылыс» тақырыбында өткен сабағымда оқушыларға тапсырма тірек – сызба түрінде берілді.

                                 ХІ-ХІІІ ғ.Жапония

                                                                      Жер иеліктері –СЕЭН

                                                                       Салықтан босатылды

                      Шаруалар

Тәуелді шаруа            Мемлекеттік шаруа

                  Жапон қоғамындағы әлеуметтік топтар

Император                   Күні бүгінге дейін

Ірі жер иелігі –микадо

Сегундар – микадоның бірінші министрі

Самурай                                                                        

Тірек – сызба  негізде өткен сабақты үнемі қолдану барысындағы ерекшеліктеріне тоқталсам.

  • Логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді.
  • Тез әрі жылдам тапсырманы орындай алады.
  • Оқу материалын терең меңгереді.
  • Көру арқылы есте сақталу қабілеті артады. 
  • Сынақ емтихандары үшін анықтамалық қайнар болып табылады.

     Ғылыми техникалық прогреске, өркениетке сәйкес оқушыларға терең білім беру,туған ел тарихына құштарлығын ояту, туған ел тарихын құрметтеу, елін, жерін, Отанын сүюге баулу,ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатымен 5 сыныпта «Өлкетану дегеніміз не?» тақырыбында өткен сабағымда туып-өскен ауылымыз Қарасудың тарихы,ауылдың зиялы азаматтары мен Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер,пәк аналар туралы мәліметтер бере отырып, әр оқушыға үй тапсырмасы ретінде шығармашылық жұмыстар    бердім.

 

Сонымен қатар  сабақ барысында  жаңа сабақты қорытындылау  дискуссиялық өрнек толтыруды оқушыларға тапсырма ретінде бере отырып жаңа білімді игеруін бақылаймын  Мысалы 9 сыныпта өткен  «Ұлыбритания (1945-2006 жж)» сабағымда жаңа сабақты қорытындылау мақсатында дискуссиялық өрнек толтыруды оқушыларға тапсырма ретінде  бердім.

   Сұрақтар    Келісемін   Келіспеймін
1Лондондағы Хитроу әуежайы дүниежүзіндегі ең ірі әуежайлардың бірі болып табылады+
2Теңіз көлігі ежелден-ақ елдің ауқымды халықаралық байланысына негіз болып, экономика мен сыртқы сауданың дамуында маңызды роль атқарып келеді.Оған жүк тасымалының 90 пайызы тиеселі.+
3М.Тэтчэр, У.Черчилль,  Дж Мейджор  лейбористік партияның  өкілдері
4Әлемдегі алғашқы ірі танкер «Глюкауф» 1886ж Ұлыбританияда жасалған.+
5Англия   Варшав Шартты Ұйымына мүше
6Ұлыбритания капиталистік елдер арасында  тұңғыш рет атом электр станциясын  салды+
7Ұлыбритания- теміржолдың көлігінің отаны+
8  Англия сыртқы саясатта Ресей мемлекетінің саясатын қолдады
9БҰҰ,НАТО,ОБСЕ,ЕО сияқты халықаралық ұйымдардың мүшесі+
10Англияның  екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикасы жоғары деңгейде шықты
11Ұлыбританияның өнеркәсібінің  жетекші салалары: машина жасау,мұнай өнеркәсібі,радиоэлектроника,электртехникасы,хи-мия т.б.+
12Англияда басты партия консерваторлар патиясы
13Букенгем сарайы королева резиденциясы болып есептелді.+
14Екі партия билікке кезектесе келеді+

Тарих сабағында ескеретін жайлардың бірі -өмірдің жаңалықтарына бет бұрып, жаңаша білім беру тәсілдерін ойлап табу – әр пән мұғалімінің негізгі мақсаты.

ІІІ. Қорытынды

Интерактивті оқыту технологиясы – нәтижеге бағытталған оқыту

Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.

Интереактивті оқытудың тиімді жақтары:

  • Оқушылар   ақпарат алумен қатар өздерінің белгілі бір мәселені шешу жолын қисынды түсіндіріп береді.
  • Оқушылар  ойларының тереңдігіне талпынады.
  • Мұғалімнің жетешілігі арқылы білімдерін әрі қарай дамытады.

Осыған орай тарих пәнінен көп жылдардан бері қолданып келе жатқан интерактивті оқыту технологиясы бойынша 2009-2011 оқу жылдарының білім сапасына сараптама жасасам 6-11 сыныптардың білім көрсеткіші  42% -84% артқандығын аңғаруға болады.

Сонымен қатар  Ұлттық бірыңғай тестілеу мен Оқушы жетістігін сырттай бақылауда да жақсы көрсеткіштерге ие болудамын. Атап айтар болсақ соңғы 2009-2011 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша оқушыларым  20-25 балл аралығында білім көрсеткішін көрсетіп ,  грант иегерлері  атанды. Ал 2010 жылы 9 сыныптар бойынша өткізілген .Оқушы жетістігін сырттай бақылауда  білім көрсетіші 86%  құрады.      Осыған орай тарих сабағында өзім қолданып жүрген интерактивті оқыту технологиясы  -білім берудің болашақ көкжиегін кеңейтетініне сенімім зор. Қорыта келе айтарым, мұғалім ізденісі білім кепілі. Демек жаңа технологиямен қаруланған мұғалім ғана, өркениетті ел болашағын тәрбиелей алады.

Жаңа технологияны білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып қалуының кепілі.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау
  2. Қазақстан Республикасының Білім Заңы
  3. Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы-

педагогикалық технология көзі. Алматы // 2001.  -75б.

  1.  Білімдегі жаңалықтар // 2007.   №4 26-28 б.

5.“Қазақстан мектебі” журналы №8, 2004 жыл

  1. Қазақстан тарихы – әдістемелік журнал  . Алматы 2006-2010ж.ж