Африкадағы араб елдері

9-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §18. Африкадағы араб елдері

Сабақтың мақсаты:

  • Африкадағы араб  елдерінің  екі  дүниежүзілік   соғыс  аралығындағы  жалпы  жағдайына  сипаттама  беріп,  батыс  елдерінің  осы елдерге  жүргізген  саясатын  ашып  көрсету.  Араб  елдерінің  ұлт-азаттық  күресін  нақты  фактілермен  түсіндіріп,  тәуелсіз  мемлекеттердің  пайда  болуын  атап  көрсетіп,  басқа  араб  елдеріндегі азаттық  күрестің  нәтижелері   туралы  түсінік  беру.
  • Араб елдерінің 1920-1930 жылдардағы дамуына  салыстымалы  түрде  сипаттама  беру.
  • Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
  • Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Англияның, Францияның, Ресейдің  бдж  соғыс  кезіндегі  араб  ілеміндегі  саяси  мақсаттарын  түсіндіріңдер.
  • Мандат жүйесінің  мәні  не?
  • 1920 ж. араб  ұлт – азаттық қозғалысы  турулы  әңгімелеп  беріңдер.
  • Қандай араб  елдері  өзінің  тәуелсіздігін  жариялай  алды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Африкадағы араб  елдерінің  жағдайы.
  2. Африкадағы араб  елдерінің  1920 жылдардың  соңы- 1930 жылдардың  басындағы дамуы.

Сабақты бекіту:

  • Африкадағы араб елдерін картадан  көрсетіңдер.
  • Араб елдерігі ұлт-азаттықкүреске сипаттама  беріңдер.
  • Батыс елдері Африкадағы араб елдеріне  қандай  саясат  жүргізді.
  • Екінші дүниежүзілік соғыс  жылдарында Африкадағы  араб елдеріне қандай  соғыс  қимылдары  орын  алды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §18. Африка елдері туралы қысқаша хабарлама әзірлеп келу.