Сабақтың тақырыбы: §23. Франция
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §23. Франция
Сабақтың мақсаты:
- Францияның конституциялық өзгерістерге сәйкес үш кезеңге бөлінгендігі, соғыстан кейінгі Францияның саяси-экономикалық және әлеуметтік дамуы туралы баяндау.
- Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
- Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бетпе-бет» әдіс бойынша
- Консервативті к партия мен оның жетекшісі У.Черчиль 1945 жылы сайлауда неліктен жеңіліске ұшырады?
- Үкімет басына лейбористердің келу себептерін айтып беріңдер.
- «Ауқатты мемлекет» теориясы деген не?
- М.Тетчер үкіметі экономикалық саясатының негізгі бағыттарын көрсетіңдер. «Тетчеризм» деген не?
- «Ольстер күйзелісі» тақырыбына баяндама дайындап, ұлттық және конфессиялық қақтығыстардың себептері туралы айт.
Жаңа сабақтың жоспары:
Франция соғыстан кейінгі конституциялық өзгерістерге сай тарихи үш кезеңге бөлінді: 1944-1946 жылдар арасы-Уақытша үкімет тәртібі; 1946-1958 жылдардағы Төртінші Республика кезеңі және 1958 жылдан қазірге дейінгіБесінші Республика кезеңі
- Францияның соғыстан кейінгі жағдайы және уақытша тәртіп.
- Төртінші Республика (1946-1958 жж.)
- Бесінші Республика және Шарль де Гольдің (1958-1969 жж.)
- «Қызыл мамыр» (1968 ж.) дағдарысы және де Гольдің қызметтен кетуі.
- 70-жылдардағы Франция. Партиялық саяси күштердің қайтадан топтасуы.
- «Голлизм дәуірінен кейінгі Франция
- Үкімет басына оңшыл күштердің қайтып оралуы.»
Сабақты бекіту:
- Соғыстан кейін Франциядағы саяси күштердің жаңа арақатынастары қалай құрылды?
- Төртінші Республиканың табыстары мен сәтсіздіктері қандай болды?
- Францияның соғыстан кейінгі тарихындағы Шарль де Голльдің рөлін қалай бағалайсыңдар? Жеке билік тәртібін қалай түсіндіресіңдер? «Голлизм» дегеніміз не?
- Ж.Ширак билік еткен кездегі Францияның жағдайы.
Бағалау: Үйге тапсырма: §23.