Орталық және Оңтүстік –Шығыс Еуропа елдері
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §28. Орталық және Оңтүстік –Шығыс Еуропа елдері
Сабақтың мақсаты:
- Кеңес армиясының немес фашист әскерлерін осы елдердің аумағында талқандауы Шығыс Еуропа елдерінің ішкі дамуына әсер еткендігін айту. 1945-48 жж. демократиялық өзгерістердің іске асуын, коммунистік партияның социалистік құрылыста үлгі болғандығын айту;
- Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
- Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бетпе-бет» әдіс бойынша
- Әлемдегі ықпалдастық және ықпалдастыққа қарсы үрдістерге мән беріп, олардың себептерін ашып көрсетіңдер.
- Қандай жағдайлар Батыс Еуропа елдерінің бірлесуіне жол ашты?
- Еуропадағы ықпалдастықтың негізгі кезеңдерін атаңдар.
- Еуропа қоғамдастығының негізгі құрылымдарын атаңдар
- ЕО мүшелері қатарына қай елдер кіреді? Оған кейінгі жылдары қандай елдер қосылды, тағы да қандай елдер қосылуы мүмкін?
- ЕО –ға мүше елдер неліктен біріккен еуро валютасына көшті?
- ЕО-ға бүгін қанша мемлекет мүше болып отыр?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Орталық, Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (Польша, ГДР, Венгрия, Чехословакия, Югославия, Албания) соғыстан кейінгі кезеңде неліктен Шығыс Еуропа деп аталды
- Соғыс жылдарында бұл елдер қандай жағдайда болды?
- Ішкі дамуына не әсер етті?
- Социализм құрылысының принциптері
- Шығыс Еуропа елдеріндегі реформалар
Мемлекеттер | Реформа нәтижелері |
Польшада | |
Болгарияда | |
Албанияда | |
Польша мен Югославияда | |
Чехияда, Словакияда, Венгрияда | |
Румынияда | |
Болгарияда | |
Чехословакияда 1990 жыл |
Сабақты бекіту:
- «Шығыс Еуропа елдеріндегі леуметтік-экономикалық құрылысты сипаттаңдар. Оны Батыс Еуропа елдерімен салыстырыңдар.
- Бұл елдердегі демократиялық революциялардың ерекшеліктері неде?
- Шығыс Еуропа елдерінің дамуына басқа жолдар бар ма еді?
- 1990 жылдардағы өзгерістерді сипаттап беріңдер.
Бағалау: өзін-өзі бағалау
Үйге тапсырма: §28. Деректер мен құжаттарды оқып келу.