Үндістан
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §35. Үндістан
Сабақтың мақсаты:
- Үндістанның1945-1986 жылдардағы саяси – әлеуметтік және экономикалық дамуына сипаттама беріп, ондағы басты ерекшеліктерді атап көрсету. Оқушылардың назарын
- Үндастандағы Ұлт – азаттық күреске аударып, оның кезеңдері мен күрес тәсілдерін нақты фактілер арқылы түсіндіру.Елдегі саяси партиялар туралы түсіндіріп , олардың бағдарламасымен таныстыру. М.К.Ганди мен Дж Нерудің ұлт – азаттық күрестегі қызметі туралы әңгімелеп, М.К. Ганди ұсынған күрес жолын ұғындыру.
- Білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- 1945-1980 жылдарда Үндіқытай қоғамының ішкі құрылысында қандай өзгерістер байқалды?
- Дүниежүзілік дағдарыс Үндіқытай шаруашылығына қалай әсер етті?
- 1950 жылдары Вьетнамдағы отаршылдарға қарсы халықтардың күресі туралы айтып беріңдер.
Жаңа сабақтың жоспары:
- Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі елдің жағдайы.
- Үндістан Республикасы. Күш қолданбай қарсыласу қозғалысы.
- Соғыстан кейінгі кезеңдеі Үндістан:
а)Ағылшын үкіметінің саясаты;
ә)Жаппай бағынбаушылық қозғалысы.
- Үндістан экономикалық дамуы. «Үнді одағы»
- Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Үндістан.
Негізгі оқиғалар:
- 1947 жылғы тәуелсіздік басталды.
- 1950-58 жылғы аграрлық реформалар.
- 1977 — 80 жылғы саяси жағдайлар.
- 1994 жылғы жайна Үндістан үндеуі.
Сабақты бекіту:
- Үндістанның 1945-1986 жылдардағы саяси — экономикалық дамуына сипаттама беріңдер. Қандай саяси партялар өмір сүрді, олардың бағдарламасы қандай?
- М.К.Ганди саясатына қандай баға берер едіңдер? Оның «Менің өмірім» (Алматы, 1989) деген кітабын оқу.
Бағалау: Үйге тапсырма: §35.