Француз буржуазиялық революциясы Якобшілдер диктатурасы /2сағат/
8-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §4. Француз буржуазиялық революциясы Якобшілдер диктатурасы /2сағат/
Сабақтың мақсаты: Француз буржуазиялық революциясының басқа революциялардан айырмашылығын , оның бүкіләлемдік тарихи маңызын түсіндіру,пәнге деген қызығушылығын ояту.
Сабақтың түрі:аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілігі:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
 - Әнұран орындау, «Хабар».
 - Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- ХҮІІІ ғасырда Еуропалық державалардың Солтүстік Америка құрлығын отарлауы.
 - Америкада басқарудың олигархиялық түрінің орнығуы.
 - Америкада өз еңбектерінің арқасында меншікке қол жеткізген орта таптың қалыптасуы
 
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
- Кіріспе.
 - Революцияның бастауы және ХҮІІІ ғасырдың соңына дейінгі Францияның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуы.
 - Француз буржуазиялық революциясы:
- Революцияның басталуы, барысы.
 - Құрылтай жиналысы, конституция.
 
 - Монархияны құлату және революцияны жариялау.
 - Якобиншілдер диктатурасының құрылуы.
 - Революцияның мәні.
 
| Француз революциясының нәтижесі | |
| Революция феодалдық қалдықтарды жойып, елде аграрлық проблеманы шешті. | Тарихта тұңғыш рет азаматтар жалпыға бірдей сайлау құқығына, жиналыс құқығына, буржуазиялық-демократиялық республика құру құқығына мүмкіншілік алды. | 
ІҮ. Сабақты бекіту: Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында қандай өзгерістер болды?
- Революция қалай басталды? Революция барысында ел билігіне кімдер келді? Якобиншілдер диктатурасы туралы айтып беріңдер.
 - Революцияның маңызы қандай
 
Ү. Бағалау: ҮІ. Үйге тапсырма:§4