Сабақтың тақырыбы: §6. Үндістан

8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §6.  Үндістан

Сабақтың мақсаты:

  • Ұлы Моғол мемлекетіне және оның билігіндегі Үндістанның дамуына, ондағы халықтар мен ұлыстардың әлеуметтік саяси жағдайына сипаттама бере отырып, халық көтерілістерінің нәтижесінде ХҮІІІ ғасырдың ортасына қарай Моғол мемлекетінің Үндістандағы билігінің құлауын ашып көрсету. Үндістанды еуропалықтардың, әсіресе ағылшындардың жаппай отарлап алу және оның зартаптары туралы түсінік беру.

Сабақтың түрі:Аралас,  лекция.

Әдісі: баяндау.

Көрнекілігі:Карта, сызба, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХҮІІІ ғасырдағы Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы ерекшеліктерін сипаттаңдар.
  • ХҮІІІ ғасырдағы Ресейдің ішкі және сыртқы саясатында қандай әрекеттерді атар едіңдер?
  • І Петр реформаларын атап көрсетіңдер.
  • Солтүстік соғыстың себептері қандай болды?
  • ІІ Екатерина билік жүргізген кезде қандай реформалық өзгерістер болды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХҮІІ ғасырдың екінші жартысындағы Ұлы Моғол мемлекеті.
  2. Үндістанда тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы. Сикха және Маратха мемлекеттері.
  3. Ұлы Моғол империясының ыдырауы. Халық көтерілістері.
  4. Үндістанды еуропалықтардың отарлай бастауы.
  5. Үндістанның экономикалық дамуы. Ауыл шаруашылығы, қолөнері мен қалалардағы сауданың дамуы.

Маңызды оқиғалар:

  • ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.- Ұлы Моғол мемлекетінің Үндістандағы билігі (1526-1758жж.)
  • ХҮІІІ ғ. ортасы – Ұлы Моғол мемлекеті билігінің құлауы
  • 1756-1769 жж.-Француз және ағылшындық Ост-Үнді компанияларының Үндістан үшін болған Жетіжылдық соғысы.
  • 1773 ж.- Үндістанды билеу жөнінде ағылшын үкіметі заң қабылдады.

ІҮ. Сабақты бекіту:

  1. Ұлы Моғол империясының құрамына Үндістанның қандай ірі аймақтары мен халықтары кірді?
  2. Касталық жүйе деген не?
  3. Моғол империясы ыдырағаннан кейін қандай үнді ұлсытары пайда болды?
  4. Үнді қалалары ортағасырлық батысеуропалық қалалардан несімен ерекшеленді
  5. Ұлы Моғол империясының өмір сүрген кезеңінде мұсылман мен үнділердің арасында қандай қарым-қатынастар болды?

Ү. Бағалау:     ҮІ. Үйге тапсырма:§6.