І Наполеон кезіндегі Франция

8-сынып. Дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §17.  І Наполеон кезіндегі Франция

Сабақтың мақсаты:

  • 1799 жылы соғыстың жеңілісі режим дағдарысына әкелгендігі, осындай кезеңде консервативті буржуазиялық қайраткерлер шеңберінде мемлекеттік төңкеріс жасау жоспары шығып, оған қолайлы адам Наполеон Бонапарт екендігін оқушыларға айта келіп, Бонапарт әскери диктатурасы орныға бастағанын анықтау.
  • Шығармашыл, белсенді тұлға қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі:карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар».
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХІХ ғасыр ортасындағы Англияның саяси партияларын атаңдар.
  • У.Гладстон мен Б.Дизраэлидің парламенттік реформаларын салыстырыңдар.
  • ХІХ ғасырдың 60-70 жылдары парламент қандай реформалар жүргізді?
  • «Британ империясы» деген атау қашан пайда болды?
  • «Империялизм» термині алғашында нені білдірді?
1795-1815 жж. Еуропадағы соғыс
кезеңіФранцияның соғыс ашқан елдіріСоғыс қимылдарының барысыНәтижелері

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Жаңа тақырып Наполеон ның басқыншылық соғыстары
  2. Консул және Наполеон тұсындағы өкіметтің ішкі саясты және экономикалық дамуы.
  3. ХІХ ғасыр басындағы Еуропа мемлекеттері
  4. 1800-1807 жж. Франциядағы соғыс
  5. Француз басқыншыларына қарсы Испаниядағы халық көтерілісі
  6. Француз империясындағы алғашқы дағдарыс.
  7. Наполеонның 1812 жылғы Ресейге жорығы және Отан соғысы
  8. Наполеон империясының талқандалуы. Вена конгресі, маңызы.

Маңызды оқиғалар:

  • 1796-1797 жж.-азаттық үшін соғыс басқыншылық соғысқа айналды.
  • 1796 ж.- Бонапарт басқаруындағы Француз армиясының Италияға басып кіруі
  • 1797-1799 жж.- Француздардың қолдауымен Италия аумағында Лигурие, Цизальние, Рим, Неополитан республикаларының құрылуы
  • 1798 ж.- Францияға қарсы коалицияның құрылуы;

Германияда Наполеон гегемониясының орнауы.

  • 1795 ж. Пруссия Франциямен Базель бітіміне қол қойды.
  • 1801 ж.-Люневиль бітіміне қол қойылды

ІҮ. Сабақты бекіту:

  1. Бірінші консул Наполеон Бонапарттың енгізген өзгерістерін атаңдар.
  2. «Наполеон кодекстерінің» маңыздылығын ашыңдар
  3. Наполеон Бонапарт өзінің ішкі және сыртқы саясатын кімдердің мүддесіне орай жүргізді?
  4. «Құрлықтық қоршаудың» мәні неде? Кімге қарсы жарияланды.
  5. І Наполеонның атақ дәрежелерін атаңдар

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма:§17.