Заттың сынын білдіретін сөздер. Адам болам десеңіз
№72. Сабақтың тақырыбы: Заттың сынын білдіретін сөздер. Адам болам десеңіз
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға Абай Құнанбайұлы туралы түсінік беру. Білімдерін толықтыру ә) Сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. б) өз ойын ашық айтуға, таза жазуға, тазалыққа, ұқыптылыққа, тәртіпті болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, А..Құнанбаев суреті
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау: Бала Шоқан әңгімесінен түсінгендерін сұрау.128-жаттығудың орындалуын тексеру.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: Сұрақ-жауап әдісі арқылы өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау.
- Мақсат қою кезеңі:
- Жаңа сабақ: Абай Құнанбайұлы 1845ж дүниеге келіп 1904 ж. Қайтыс болған.Абай қазақтың ұлы ақыны, данышпан, ұлй ойшыл.Ол балаларға арнап көптеген өлеңдер, әңгімелер, ертегілер жазған Абай Құнанбайұлының «Адам болам десеңіз» өлеңімен танысамыз.Өлеңді мәнерлеп оқып беру,мағынасын түсіндіру.Өздеріне мәнерлеп оқыту сұрақтарына жауап беру. 129-жаттығу Заттың сынын білдіретін сөздерді сөйлем соңына жазыңдар. Ашық күн.Көк аспан.Биік үй. Үлгі: Күн ашық. Диктант жаздыру
VI.Жаңа материалды пысықтау: Сұрақ-жауап арқылы сабақты қорыту: Абай Құнанбайұлы кім? Бес дұшпанды ата? Бес асыл істерді ата
VII.Бекіту кезеңі Сұраққа жауап бер ойынын ойнату арқылы сабақты бекіту.
VIII. Үйге тапсырма, бағалау 130-жаттығу