Феодалдық құрылыстың ерекшеліктері

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §9. Феодалдық құрылыстың ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

  • Ертедегі орта ғасырдағы феодалдық қоғамның шаруашылығы және оның өзіне тән ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Ежелгі Орысмемлекеті құрылуының алғышарттары
  • Киев Русінде феодалдық қатынастар қалай дамыды?
  • Игорьді древляндар неге өлтірді деп ойлайсыңдар?
  • Святослав қандай сыртқы саясат жүргізді?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Феодалдық құрылыстың негізгі белгілері
себупарБірінші жыл
парсебуЕкінші жыл
  1. Натуралды шаруашылық
  • Сауда-саттық пен экономикалық байланыстардың төмен дәрежеде болуы
  • Қажетті азық-түлік пен бұйымдар поместьенің өзінде өндірілді
  • Орталық мемлекеттік билік әлсіз болды
  • ҮІ-Х ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде осындай натуралды шаруашылық үстемдік құрды. Мұндай шаруашылық кезінде еш нәрсе сатылмады және сатып алынбады.
  1. Феодалдық бытыраңқылық
  2. Феодалдық қырқысулар

Сабақты бекіту:

  • Феодалдық құрылыстың басты белгісі қандай?
  • Феодалдық құрылыс оған дейінгі құрылыстарға қарағанда не себепті озық болды? Натуралды шаруашылық дегенді қалай түсінесіңдер?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §9.