Бір орталықтанған монархиялардың құрылуы.

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §12. Бір орталықтанған монархиялардың құрылуы.

Сабақтың мақсаты:

  • Еуропада орталықтанған мемлекеттердің құрылуының қажеттіліктері туралы айту;
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Үш қауымдық топ теориясының басты қағидасы қандай?
  • Шаруалар қандай топтарға жіктелді?
  • Шаруалар қандай міндеткерліктер атқарды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Орталықтанған монархиялық мемлекеттердің құрылуы
І сословиеІІ сословие
дінбасыларДворяндар
ІІІ сословие
шаруаларАуқатты қала халқы
қолөнершілерҚала кедейлер
  1. Еуропадағы сословиелік-өкілдік монархия
  • Бірте-бірте мұндай өкілдік билік түрі Еуропаның көптеген мемлекеттерінде пайда болды. Кастилияда ондай билік 1137 жылы құрылып, «кортес» деп аталса, Англияда ол 1265 жылы құрылып, «парламент» деп аталды. Францияда 1302 жылы – «бас штаттар», Чехия мен Полшада «сейм» деп аталатын билік жүргізу топтары құрылды.

Сабақты бекіту:

  • Бір орталықтандырылған мемлекеттің құрылуына кімдер мұқтаж болды?
  • Қолөнер мен сауданың дамуына кімдер зиян  келтіріп отырды?
  • Монархия деген не?
  • Еуропа елдеріндегі өкілетті билік түрлері қалай аталды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §12. Қазақстан Республикасының парламенті туралы мәлңмет жинап келу.