ХІ-ХҮ ғасырлардағы Испания

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §16. ХІ-ХҮ ғасырлардағы Испания

Сабақтың мақсаты:

  • Испанияны арабтардың жаулап алып мемлекет құруы, арабтар мен испандықтардың реконкиста атты соғысы, испаниядағы күпірлерге қарсы күрес туралы баяндау;
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХІ-ХҮғғ. Германия жерлеріндегі саяси даму ерекшеліктері қандай болды?
  • Германия рыцарьларының мақсат-мүддесі нені көздеді? Мақсаттарына жету үшін рыцарьлар не істеді?
  • Германияның орта ғасырлардағы қалалары не үшін күресті?
  • Олардың өзара және шет елдермен байланыстары қандай болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Арабтармен күрес

Пиреней түбегіндегі араб мәдениетінің ықпалы

Кордова халифаты  (756-1031)
Ауыл шаруашылығы жедел қарқынмен

дамыды

Қалалар

өсті

Медицина, математика, география ғылымдары дамыды
  1. Реконкиста. Испанияның бірігуі
  2. Католик шіркеуі. Инквизиция және күпірлерге қарсы күрес

Сабақты бекіту:

  • Реконкиста деген не? Ол қашан , немен аяқталды?
  • Испанияны кімдер, қашан, қалай біріктірді?
  • Католик шіркеуі реконкистаға не үшін қатысты?
  • Күпірлерге қарсы күрестің мақсаты қандай болды?
  • Инквизиция деген не?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §16.  «Кордова халифаты» атты тақырыпта реферат жазып келу.