Орта ғасырлардағы өнер

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §21. Орта ғасырлардағы өнер

Сабақтың мақсаты:

  • Орта ғасырларда дамыған сәулет, мүсін, бейнелеу өнерлері туралы баяндау;
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті «ККК»

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • ХІ-ХҮ ғасырлар білім мен ғылымның дамуы үшін қандай жағдайлар туғызды?
  • Еуропалықтардың дүние жөніндегі білімдері қалай кеңейді?
  • Жазылған мәтін негізінде қала мектептері мен университеттерінде оқыту қалай жүргізілгендігін әңгімелеп беріңдер
  • Роджер Бэкон қандай көзқарасы үшін қуғындалды?

Жаңа сабақтың жоспары:

«ККК» әдісі бойынша оқушыларды сәулетші, мүсінші, суретші, тарихшы, математик, музикант етіп бөліп осы үш тақырыпша туралы  өздігінен жұмыс жасату.

  • Сәулет өнері
  • Роман
  • готикалық
  • Мүсін өнері
  • Мадонна
  • Бейнелеу өнері
Архитектурадағы бағыт

(стиль)

Жалпы сипаттамасыЕрекшеліктері

Сабақты бекіту:

  • Роман храмына сипаттама беріңдер
  • Орта ғасыр сәулетшілері адамның ой-сезімін қалай жеткізді?
  • Бейнелеу өнерінің аса зор жетістігі не болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: §21. Готикалық үлгідегі тамаша құрылыстың суретін салу.