Жапониядағы феодалдық құрылыс
7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §25. Жапониядағы феодалдық құрылыс
Сабақтың мақсаты:
- Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы, мемлекеттің саяси құрылысы шаруалардың жағдайы,біртұтас мемлекеттің құрылуы туралы мағлұмат беру;
 - Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
 - Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің басты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу
 
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, суреттер, сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
 - Әнұран орындау, «Хабар»
 - Оқушылар зейінін сабаққа аудару
 
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
- Крест жорықтарының басты себебі қандай?
 - Бірінші крест жорығы қашан болды, оған кімдер қатысты?
 - Крест жорықтарының салдары қандай?
 
Жаңа сабақтың жоспары:
- Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы
 - Саяси құрылысы
 - Шаруалардың жағдайы
 - Қалалардың дамуы
 - Біртұтас мемлекеттің құрылуы
 
ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Жапонияның саяси құрылысы
| Микадо | Сегун | 
| Ең жоғарғы билік және барлық жер иелігі. ХІ-ХІІІ ғ-да императорлық билік әлсіреді | Микадоның бірінші министрі, уәзірі. Әскери топ, қолбасшы | 
| Ел билігін мұрагерлікпен қалдырып отырды | Самурайларға басшылық етті. Өкімет басшысы, билікті мұрагерлікпен қалдырып отырды. | 
| 1199 жылы үкімет билігі Сегун Ходзе Токимасаға өтті. Жапонияда әскери-феодалдық мемлекет құрылды | 
Сабақты бекіту:
- «Самурай» деген сөз нені білдіреді?
 - Жапонияның саяси құрылымы қандай болды? Сегун дегеніміз кім?
 - Шаруалар көтерілісінің негізгі талаптары қандай болды? Халық жиналысы қандай мәселелерді шешті?
 - Жапон халқының ежелгі қолөнері несімен әйгілі болды?
 - Жапонияда бір орталыққа бағынған мемлекет құру үшін күрескен адамдарды атаңдар
 - Жапонияның оқшаулану саясатын қалай түсінуге болады?
 
Бағалау:
Үйге тапсырма: § 25. «Жапония» деген тақырыпта эссе жазып келу.