ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Еуропа мемлекеттері Франция, Англия,Германия,Испания, Нидерланды, Италияның саяси экономикалық дамуы.

7-сынып. Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы

Сабақтың тақырыбы: §38,39,40,41 ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Еуропа мемлекеттері Франция, Англия,Германия,Испания, Нидерланды, Италияның саяси экономикалық дамуы.

Сабақтың мақсаты:

  • ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Еуропа мемлекеттері Франция, Англия,Германия,Испания, Нидерланды, Италияның саяси экономикалық дамуы, ХҮІІ ғасырдағы шексіз абсолюттік монархия, елдегі азамат соғысы туралы толық түсінік беру;
  • Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту;
  • Оқушыларды дүниежүзілік мәденеиттің баты жетістіктерімен сусындата отырып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Бату ханның орыс жеріне жорығы қашан басталды? Бірінші қай кінәздіктің жері монғол-татар шапқыншылығына ұшырады?
  • Владимир қаласы тұрғындарының ерлік күресі туралы айтып беріңдер
  • Киев қаласын Бату қалай жаулап алды?
  • Батудың Батыс Еуропа елдеріне жорығы қай жылдары болды?
  • Алтын Орда мемлекеті қашан құрылды, саяси құрылы қандай болды? Ақ Орда, Көк Орда мемлекеттерінің билігі кімдердің қолында болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Экономикалық дамуы
  2. Әлеуметтік жағдайы
  3. Азамат соғыстары
  • Абсолюттік монархияның негізгі белгілері
  • Корольдің сөзі бүкіл ел үшін заң болды;
  • Король қазынаны өзі бллеп-төстеді;
  • Соттарды өзі тағайындап отырды;
  • Армияны өзі басқарды;
  • Салық мөлшерін өзі белгіледі;
  • Салық жинаушыларды өзі тағайындап отырды;
  • Елдің барлық халқы корольдің боданы деп саналды.

Сабақты бекіту:

  • ХҮІ ғасырда Францияның экономикасында қандай жаңалықтар орын алды?
  • Мануфактураның дамуы үшін не керек болды? Оның қандай түрлері болды?
  • Шаруалар жаңғдайы қандай болды?
  • «Діни соғыстар» қашан не себепті шықты?
  • Ришелье деген кім
  • Абсолюттік монархияның негізгі белгілері қандай?

Бағалау:     Үйге тапсырма: § 38,39,40,41