Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жүздерінің шығуы

10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: § 13.Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жүздерінің шығуы

Сабақтың мақсаты:

  • «Қазақ» сөзінің шығуы мен мағынасы туралы ғалымдардың ой-тұжырымдары мен деректері «Алаш» атауының мағынасы, жүздердің пайда болуы туралы айту:
  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамытып,ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту:
  • Білімді, ұлтжанды азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. карта
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте пайдалану.

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Монғол шапқыншылығының жергілікті халыққа қандай зардаптары тиді?
  • Этносаяси қауымдастық дегеніміз не, оның халық болып қалыптасуға қандай әсері болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. «Қазақ» сөзінің шығу тегі.
  2. «Алаш» атауының мағынасы.
  3. Жүздердің пайда болуы.

«Қазақ» сөзінің шығу тегі туралы деректерді кесте арқылы түсіндіру. Өйткені «қазақ» сөзінің шығуы туралы көптеген ғалымдардың пікірі бар, осы кестені пайдаланып, оқушыларға  тапсырма беріп, пікірлерін білу қажет. Сонымен қатар қосымша деректерден алдын ала шығармашылық тапсырма беруге болады.

ҒалымдарЕңбектері мен пікірлері
Көптеген ғалымдар«қазақ» сөзінің шығу тегін б.з.д. VII-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының атымен, «сақ», «каспи», «қас», «қаз», «хаз», «аз», «қасақ» деген тайпа аттарымен байланыстырады.
Академик Н.Я.мар мен чех ғалымы Б.Грозный. Бұл пікірді академик Ә.Х.Марғұлан, тарихшы Ш.Ақынжанов, жазушы С.Мұқанов, т.б. қолдайды.«қазақ» атауының төркіні «қасақ»» «көсек» сөздері дейді.
Академик Ә.Х.МарғұланХазарлар арасында қазар-ұғ, берішлік деген екі ірі тайпаның болғанын айтады.
А.Н.Бернштам«қазақ» сөзі кас-пи мен сақ тайпасының бірігуінен тайда болған деп тұжырымдайды.
Зерттеуші А.Әбдірахманов «қазақ» сөзінің төркіні қаз және оғ (оқ) деген екі сөздің  қосылуынан жазылған: оғ-көне түркі тілінде ру, тайпа дегенді білдіреді. Қазоғ (оқ)-қаз тайпалары деген ұғымды білдіреді.
Б.з.д. ІІ ғасырда қытай тарихшысы  Бань Гуд «Хан» кітабында ортаазиялық халықтардың ішінде «се» немесе «сай» атты халықтың болғандығын жазған
Шығыстанушы ғалым В.В.ГригорьевҚытай транскрипциясы бойынша  «се» мен «сай» сөздерінің сақтар екендігін дәлелдеген
Қытай деректеріндеБұл тайпалардың Монғолияның алыс түкпірінен Әмудария мен Сырдария  бойында өмір сүргенін көрсетеді.
Б.з. ІІ ғасыры Жуңғоның тарихи дерегіндеКаспий және Арал теңіздерінің аймағында өмір сүрген «хаса», «каса» (қазақ) тайпалары туралы жазылған
 А.А.СеменовАрба немесе үймені қыпшақтар пайдаланған, кейбір ғылыми пікірлерде «хазар» мен «қазақ» сөздерінің төркіні бір дейді. Оған «қаз», «қас» деген сөздердің шығуын дәлел етеді.
XVI ғасырда өмір сүрген ибн Рузбихан«Бұхар қонағы» атты шежіресінде қазақтар арба үстінде адам таңғалатын қазақ үйлерін тіккен, сондықтан қазақ сөзінің  шығуы да қасағ атауының шығу төркініне жат емес
Академик В.В.Радлов«Қазақ» сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазады.
А.А.Самойлович, Ш.Құдайбердиев«қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына ел болып, еркін жүрген халық деп жазады.
Ш.Ш.Уалиханов«қазақ» өте қадірлі сөз, күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді дейді.
Т.Жанұзақогв«қазақ» сөзінің бірінші бөлігі-«қаз», «қас»- Орал, Алтай, Кавказ, т.б. түркі тілдер тобында «еркін», «ер», «жігіт», «кісі» деген мағынаны білдіретінін дәлелдеген.
Н.МыңжанұлыАтақты «Алтын тас» кітаптарын «Күлтегін», «Тоныкөк» түркі жазуларында кездесетін «қазғану», «қазғандүк», «қазған тұтқын», «қазғанмасар» деген етістіктер «қажырлы қайрат жұмсау», «күресу», «талпыну» «еркіндікке ұмтылу», «ерлік істеу», «табысқа қол жеткізу» деген мағынада деп түсіндіреді.
М.Х.ДулатиЖәнібек пен Керей өздерінің еркіндіктері үшін күресіп, жеке ел болуға талпынған кезде қазақ деген ат танылған дейді.

Жоспардағы үшінші мәселені қарастырғанда, жүз деген сөздің мағынасы ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи әлеуметтік-экономикалық категория екенін жете түсіндіру . Жүз туралы біршама пікірлер бар.  Оларды кесте арқылы көрсету.

 

«Жүз»

сөзі

Арабтың бір нәрсенің «басты бөлігі» немесе бір нәрсенің «тармағы» деген ұғымды білдіреді.
Сөзінің сандық жүзбен салыстырып зерттеуін ұйғарады.
Адамның жүзімен байланыстырып, «бір жағы», «жүзі» деген ұғыммен салыстырады.
С.А.Аманжолов: «Жүздер Х-ХІІ ғасырарды пайда болды»,-дейді.
Этнолог ғалым Н.А.Аристов: «Қазақ жүздері жоңғар шапқыншылығы кезінде пайда болды»,-дейді.

Сабақты бекіту:

  • Ғалымдар «қазақ» сөзінің шығу тегін немен байланыстырады?
  • «Қазақ» сөзінің шығу тегін зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер?
  • «Қазақ» сөзінің мағынасы нені білдіреді?
  • «Алаш» сөзінің пайда болуы туралы қандай пікірлер бар?
  • Қазақ жүздері қалай және қашан пайда болды?

Бағалау:

Үйге тапсырма: § 13.Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ жүздерінің шығуы