Сақтардың қоғамдық құрылымы және идеологиясы

10 сынып. Қазақстан тарихы (гуманитарлық)

Сабақтың тақырыбы: §7. Сақтардың қоғамдық құрылымы және идеологиясы

Сабақтың мақсаты:

  • Сақтардың қоғамдық құрылысы, шаруашылығының дамуы, кәсібі, бейнелеу өнерінің дамуы туралы түсіндіру. Діни наным-сенімдерді, антропологиялық зерттеулерді атап өту.
  • Бәсекеге барынша қабілетті білімді, адамгершілігі жоғары жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Сабақтың көрнекілігі:

  1. Карта
  2. Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

Көрнекілік: карта, суреттер, сызба, кесте.

Үй тапсырмасын сұрау:

  • Темір дәуіріне сипаттама беріңдер.
  • Сақтар туралы жазба деректер қандай грек, парсы ғалымдары мен философтарын білесіңдер? Олардың қалдырған деректерінен  не білуге болады?
  • Сақтар туралы қытай деректері  қандай мағлұматтар береді?
  • Анахарсистің әлем философиясындағы алатын орны қандай?
  • Соңғы кезде темір дәуіріне байланысты  қандай жаңалықтар болды?
  • Қазақстан жеріндегі темір дәуірінің ескерткіштерінің  зерттелуі туралы не білесіңдер?

Сабақтың жоспары:

  1. Сақтардың қоғамдық құрылысы
  2. Сақ тайпаларының шаруашылығы
  3. Қолөнер мен зергерліктің дамуы
  4. Бейнелеу өнері
  5. Діни наным-сенімдер
  6. Сақтардың антропологиялық өзгерістері

Сабақты бекіту:

  • Сақтардың қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жағдайлары қандай болған?
  • Сақ тайпаларының шаруашылығы туралы археологиялық деректер мен жазба деректерді салыстыра отырып, айтып беріңдер.
  • Темір дәуіріндегі қолөнер мен зергерлік туралы не білесіңдер?
  • «Аң стилі» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Сақтардың діни-нанымдары
  • Сақтардың антропологиялық жағынан монғолоидтік пішінге айнала бастауының себебі неді?

Бағалау: өзін өзі

Үйге тапсырма:§7.