Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты

Тақырыбы:                   §6.Египеттегі үстем тап өкілдері және  перғауындардың  басқыншылық саясаты

Сабақтың мақсаты

Білімділік:                   Египеттегі теңсіздік, үстем тап өкілдерінің билігі, олардың

                                  артықшылықтары, басқыншылық жорықтары туралы түсінік беру.

Дамытушылық:  Тарихи деректерді салыстыру,ұқсастықтарын анықтау,оқушылардың

                                  ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылығын ояту,ерлікке шақыру.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Көрнекіліктері:карта,плакаттар,сурет.

Сабақтың жүрісі:  I. Ұйымдастыру.

                              Амандасу,оқушыларды түгендеу,сабаққа бағыт беру.

  1. II. Үй тапсырмасын сұрау.

                                а) картамен жұмыс

                                ә) ауызша

                                б) тест

                              III. Жаңа сабақты түсіндіру

                                Жоспар:

                             1.Перғауындар

                             2.Шонжарлар

                             3.Көрші елдерге тонаушылық және басқыншылық жорықтар

1.Салтанатты қабылдау сәті.

   Тақта ұлы адам отыр.Қолында аса таяғы,қамшысы бар.Қасында шонжарлар.Оның біреуі ұлы адамның кебісін көтеріп жүруші,біреуі орамалын ұстаушы.Мұндай қызметтер олар үшін үлкен дәреже,құрмет.Ол «бүлікшінің көзін құрт,өлтір,туыс жақындарын да  қырып сал,ол жайында естелік те қалмасын» деп бұйрық берді,-бұл әңгімеде кім туралы сөз қозғалды? (Перғауын)

Ежелгі Египеттің патшалары осылай аталды.Олардың билігінде шек болған жоқ.Бүкіл Египет халқы мен табиғат байлығына ие болып,билеп төстеді.Перғауындар өздерінің шексіз билігін шонжарлардың мүддесі үшін  еңбекшілерді аяусыз  қанауға жұмсаған. Перғауын өлгеннен кейін оның патшалық тағына ұлй немесе басқа жақын туысы отыратын болған.

2.Шонжарлар- сарай қызметкерлері,қазылар,әкімдер,жазғыштар,сақшылар мен  шабармандар.Оларға перғауындар түрлі сый-сыяпаттар жасады.Олар үлкен   үйлерде тұрып,жақсы тамақтанды.Музыканттар мен сұлу мүсінді бишілер шонжарлардың көңілін көтеріп,билеп ән салды, қызметшілер ұстады.Шонжарларды жаяу жүрмеу үшін құлдар арнайы зембілдерге салып,көтеріп жүрді.Шонжарларға көзі тірісінде тастан мазар тұрғызылды.Египет перғауынан кейінгі  әкімдер.Ал жазғыштар перғауынның бұйрығын жазып отырды.Сақшылар мен шабармандар шонжарлардың малдарын,егінін және үйлерін күзетті.

                            

                                      Шонжарлар

 

                      

 

Сарай                         Қазылар          Әкімдер        Жазғыштар              Сақшылар мен

қызметкерлері                                                                                                шабармандар     

 

 

Перғауынның      Шонжарлардың         Елді басқарудың       Бұйрық жазып,               Шонжарлардың

сарайындағы       өмірі мен дүние-        маңызды істермен    қазынадағы                  малын,егінін,

қызметшілер      мүлкіне қастандық     айналысты             байлықты есеп-           үйлерін күзетіп,

                              жасағандарды                                             теп,салықты                 тәртіпті

                              жазалаушылар                                              есептеуші                    қадағалаушы

3.Ежелгі Египеттің жорықтары басқыншылық соғыс бағытында  жүргізілді.Египет перғауындары өз биліктері мен иеліктерін кеңейтіп,шикізаты мол жерлерді басып алуға күш салды.Сонымен қатар ірі сауда жолдарына билік етуді және сыртқы сауданың өркендеуіне жол ашуды мақсат етті.Ежелгі Египетте күшті әскери тәртіп орнады.Негізгі бөлігі жаяу жауынгерлері еді.Осындай мықты әскер құрған Египет перғауындары ірі жаулаушылық жасап отырды.Әсіресе  III Тутмос  (б.з.б. 1525-1491 ж.ж.)кезінде  Сирияға он жеті рет жорық жасалды. Б.з.б. 1500 жылдары шамасында III Тутмос өз әскерлерімен Алдынғы Азияға жорық жасап,жеңіске жетті.

                              III Тутмос  (б.з.б. 1525-1491 ж.ж.)

                                                                                               

           

Сирияға 17 рет       Алдынғы        Вавилон     Ассерия           Хетт патшалығы

                                   Азияға                                                             Нубия

Жорықтар нәтижесінде Вавилон,Ассирия және Хетт патшалықтары Египетке алым-салық төлеп отырды.Нубияны жаулап алуда египеттіктерге оңтүстіктегі елдердің табиғи байлықтарын пайдалануға мүмкіндік берді.

Көрші елдерді жаулап алуда көптеген тұтқындар қолға түсті: 50 жыл ішінде 100 мың құл тұтқынға алынған.Египет суреттерінде бейнеленген құлдарға қарап,олардың әртүрлі елдерден екенін көреміз.

Көрші халықтардың Египет перғауындары мен әміршілерінің  атын естігенде бойларын қорқыныш үрей бейлейтін.

  1. Жаңа сабақты бекіту сұрақтар:
  2. Ежелгі Египеттің патшалары қалай аталды? Олардың билігі туралы не білесіңдер?

2.Ежелгі Египеттегі шонжарлар тобына кімдер жатты?

3.Ең биік пирамида қалай аталды?

4.Қандай перғауындардың есімдерін білесіңдер?

  1. Үйге тапсырма §6. Египеттегі үстем тап өкілдері және

                   Перғауындардың басқыншылық саяхаты.

                  «Перғауын сарайы» өз ойымен сурет салу.

               VI.Бағалау.