Гүл.(Мәншүк Мәметова ).Алтын жұлдыз.(Әлия Молдағұлова)
№98 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Гүл.(Мәншүк Мәметова ).Алтын жұлдыз.(Әлия Молдағұлова)
Сабақтың мақсаты: а) Қазақтың қос жұлдызы, батыр қыздары , олардың ерліктері туралы түсінік беру. ә)Логикалық ойлау қабілетін , есте сақтау қабілетін қалыптастыру.б) Елін, жерін сүюге, патриоттық сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырмаларды сұрап пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Өтілген материалдарды сұрақтар қою арқылы пысықтау
- Мақсат қою кезеңі:Қандай қазақ батырларын білеміз? Соның ішінде ҰОС батырлары туралы білеміз бе? Қазақтың қос жұлдыз, батыр қыздары М.Мәметова мен Ә. Молдағұлова және олардың ерліктері туралы не білеміз?
- Жаңа сабақ:Өлеңді мәнерлеп оқу.Түсіндіру, сөздік жұмысын жүргізу
V.Бекіту кезеңі:Өлеңді қатар –қатар оқытып, сұрақ қою арқылы талдату
VI.Үйге тапсырма, бағалау: өлеңдерді мәнерлеп оқыту