САҚТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТІ

Күні17.10.2014 жыл
Сыныбы10а сыныбы
Сабақтың  тақырыбы §13. САҚТАРДЫҢ  МӘДЕНИЕТІ
 

Сабақтың   мақсаты

Сақ – скиф  үштігі, сақтардың  бейнелеу  өнеріндегі  «аң стилінің» даму  ерек шеліктері  жөнінде  түсінік қалыптастыру, оқушылар өз  ой ларын  жан – жақ ты  толық  жеткізе  білуге және  шығармашылық  көзқарастарын  дамытуға  үйренеді.

 

 

  Міндеті

1.      Сақтардың  мәдениеті  туралы   тереңірек  түсіндіру. 

2.      Ойлау,  өз  пікірлерін  анық  жеткізу  және  сөйлеу  мәдениетін  дамыту.

3.      Пән  бойынша теориялық  білімдерін қазіргі күн  мен  байланыстыру.

4.      Өзара көмек, бірлік туралы  қасиеттерін  арттыру.

СілтемеОқулық,  интерактивті  тақта,  слайд, карта,  суреттер, таратпа  қағаздар,  бағалау  бетшесі
 

  Оқыту  нәтижесі

  Ортада  ашық  жүйелі  сөйлей  білу,  ой – пікірін,  көзқарасын  дәлелдей  алу,  қосымша  деректерді  пайдалана  білу,  өз  ойларын  сындарлы  жеткізе  алады,  сыни  тұрғыдан  ойлай  алады.
Түйінді  идея Мәліметтер беру арқылы  оқушылардың  дүниетанымын  кеңейту, ой – өріс ін  дамыту.
 

 

   

 

 

 Тапсырмалар

         Мұғалімнің  іс – әрекеті         Оқушының  іс – әрекеті
«Миға  шабуыл».  Не? Қайда?  Қашан?  Оқушыларға сұрақтар  таратылады.

 

1.      Темір  дәуірі  қай  ғасырларды  қамтиды?

2.      Солтүстік  Қара  теңіз,  Днепр  өзені  бойын  мекендеген  тайпалар

3.      «Сақ  және  скиф  тайпалары  туыс»  деген сөздің  авторы  кім?

4.      Парсы  жазбаларында  сақ  тайпаларын  үш  топқа  бөледі,  олар  кімдер?

5.      «Алтын қорыған самұрықтар» деп аталатын  тайпа

6.      Сармат  тайпалары  мекендеген  аймақ

7.      Атырау  облсынан  табылған  Аралтөбе  қорымы ның  ерекшелігі  неде?

8.      Ежелгі  металлургияның  негізгі  орталықтары  қай  аймақтарда  болған?

9.       Дах  (дай)   мекендеген  аймақ

10.   Сақ  қоғамындағы  негізгі  топтар  кімдер?

11.  Сақ  қоғамындағы  абыздар  қандай  міндет  атқарған?

12.  Сақ  тайпалары  туралы  дерек  қалдырған  кімдер?

 

 

 

Оқушылар  сұрақтарға  өз  бетінше  жауап  беріп,  дәптерлерін  алмастырады,  дұрыс  жауаптарын  келесі оқушы  есептейді.

Топтастыру  стратегиясы. «Сақтар»

 

Оқушылар  сақ  тайпалары  туралы  өздері  білетін  деректерді  жинақтап жазады. Деректер  тақырыптарға  топтастырылады.
Сыни  тұрғыдан  ойлау.  Келесі  кезеңде  топтастыру  стратегиясында  жинақтал ған  деректер  бойынша  топтарға  тапсырмалар  беріледі.

1.Сақ – скиф үштігі; ат әбзелдері.

2.Қару – жарақтары.

3.Бейнелеу  өнеріндегі «аң  стилі»

Кері  байланыс  ретінде  топтар  өз  түсінік терін  постер  салу  арқылы  түсіндіреді.
    Сергіту  сәтіМузыка  қосылады.  «Қара  жорға»
  «Білімді  оқушы»   сұрақтар  беру  арқылы  топтардағы  ең  білімді  оқушы ны  анықтау. Оқушылар  сұрақтарға  жауап  береді. Ең  көп ұпай жинақтаған  оқушы  «Білімді оқушы»  аталады.
    Рефлексия.Екі  жұлдыз,  бір  тілек. Тақырыпты  қалай  түсінгені туралы  пікірлерін  оқушылар  стикерге  жазу  арқылы  білдіреді.

Үйге  тапсырма.

Бағалау Бірін – бірі  және  формативті  бағалау  түрінде  жинақталған  ұпай  сандары  арқылы  бағаланады.