1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
| Мұғалімнің аты-жөні: | Есмакаева Гульмира Болатовна | 
| Күні: | …02.2015 жыл | 
| Сабақтың тақырыбы: | 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс | 
| Сабақтың түрі: | Аралас сабақ | 
| Жалпы мақсаты: | 1837-1847 жылдардағы  ұлт-азаттық  қозғалыстың  мәні мен маңызы  туралы  білім  беру, оқушылардың  білімдерін дамыта отырып, шығармашылық қабілеттерін ашу,жерімізді  қорғаған батырлар мен халықтың ерлік істерін дәріптеп, отансүйгіштікке тәрбиелеу. 
  | 
| Нәтиже: | Оқушылар  біледі: Ұлт-азаттық қозғалыстың орталықтарын (А); Ұлт-азаттық қозғалыстың басшыларын (А); 1837-1847 ж. негізгі кезеңдерін (А); Оқушылар істей алады: Картадан ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі орталықтарын және маңызды шайқас жерлерін көрсетеді (В); «Кеңесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» атты хронологиялық кестені жасай алады (В); Жеңілу себептерін анықтай алады (В); Қозғалыстың тарихи маңызын анықтай алады (В); Кеңесары хандығының құрылымы мен ХVI-XVII ғас. Қазақ хандығын салыстыра алады (С); Көтерілісшілер, патша әкімшілігі және жазалау отрядтарына өз көзқарасын білдіре алады (С)  | 
| Көрнекілік: | Ресурстық парақтар, тақырыптық карталар, интерактивті тақта, бағалау парақтары. | 
| Негізгі идея: | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың бір-біріне деген сыныптастарынан қолдау таба алатынына сенімділігін арттыру.Өз бетінше оқып үйренуге,өз пайымдауларын жасай алуға дағдыландыру. Өзін-өзі бағалануы. | 
| Әдіс-тәсіл: | Жеке, диалогтік оқытудағы топтық әңгіме, «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі, критерий арқылы өзін-өзі бағалау, «Бағдаршам» стратегиясы арқылы топтық өзара бағалау, рефлексия парағы. | 
| Кезеңдері | Уақыты | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Бағалау | Ресурс, құрал-жабдықтар | 
| 1.Ұйымдастыру кезеңі | 3 мин | 1.Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу | 1.Кезекшілер сабақтажоқоқушылардыатайды | ||
| 2.Психологиялық ахуал | 2. Көңіл күйді смайликтер арқылы көрсетеді,бағалаушыларды тағайындау | ||||
| 2. Үй тапсырмасын тексеру “Қызығушылықты ояту” | 8 мин | №1 тапсырма.Сөйлемге қажетті сөзді тауып қой(А); | Тапсырманы орындайды | Қосымша  №1 
 
  | Тапсырмасы бар парақшалар, АКТ, бағалау парақшасы 
 
  | 
| №2 тапсырма.Оқиғалардың хронологиялық   ретін орналастыр(В); 
  | Тапсырманы орындайды | ||||
| №3 тапсырма. Сәйкестендіру (С); | Тапсырманы орындайды | ||||
| 3.Жаңа  тақырыпқа  өту  кезеңі 
  | 3 мин | 1.Топқа  бөлу. Қиындыларда Сырым Датұлы, Исатай  Тайманұлы, Кеңесары Қасымұлы есімдері  жазылады. 
 2. Адай күйін тыңдату. «Адай» күйінің авторы Құрманғазы Сағырбайұлы. Күй халықтың еркіндік жолындағы ерлік күреске толы ой-идеясын екпінді ұран түрінде беруге құрылған деп айта өту. 
 
  | 1.Қиындылардағы есімдерді тандап, топқа  бөлінеді. 
 
 
 
 
 2. Күйді тыңдайды, өз ойларын айтады 
  | Қиындылар, АКТ | |
| 3.Сабақтың мақсатын анықтауға шақырады 
  | 3. Есімдерге қарап, кіммен әлі де таныс еместігін айтып, сабақтың мақсатына шығады | ||||
| 4.Жаңа  сабақ 
  | 22 мин | Деңгейлік   тапсырмалар  ұсынады. 1. «Кеңесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» атты хронологиялық кестені құрастыру және сыныппен бөліседі  | 1.Нәтижелерін  ұсынады.                  (С деңгейіндегі оқушылар ) 
 
  | Сыныптастары «Сэндвич»  арқылы   бағалайды 
  | АКТ, постер,оқулық 
  | 
| 2. Жоламан Тіленшіұлы және Кеңесары Қасымұлы басқарған көтерілістерді салыстыру 
  | 2.Салыстырады   және айырмашылықтарын   көрсете алады.(«В» және  «С» деңгейіндегі оқушы) 
  | Кері байланыс «Бағдаршам» |  АКТ, постер,оқулық 
  | ||
| 3.Генерал-губернаторға К.Қасымұлының жазған хатымен танысу 
  | Құжатпен жұмыс жасай отырып, сұрақтарға жауап береді.( «А» деңгейіндегі оқушы  құжатты оқып, не жайлы екенін айтады, «В», «С» сұрақтарға жауап береді.) 
  | Кері байланыс «Бағдаршам» | АКТ,оқулық дәптер, құжаттар 
  | ||
| 4.Топтастыру: 1топ: Жеңілу себептерін анықтайды 2топ: Қозғалыстың тарихи маңызын анықтайды 3топ:Кеңесары хандығының саясатын көрсетеді 
  | Оқушылар тапсырманы орындайды, постер жасайды және қорғайды. Икімдеріне қарай оқушылар сурет салады, әдемі жазады,ойларын түйіндей алады, қорытындыжасайалады 
  | Кері байланыс «Бағдаршам» | АКТ,оқулық дәптер құжаттар постер стикер 
  | ||
| 5.Жаңа сабақты  бекіту 
  | 4 мин | Критерии бойынша өзін өзі бағалау парағын ұсынады Қосымша №2 
 
  | Жана материал бойынша қорытынды. 1-2 оқушы ауызша қорытынды жасайды | Қосымша №2 
  | Кесте | 
| 6.Үй тапсырмасы 
  | 2 мин | Үйге тапсырма: «Тәуелсіздік-бабалар арманы» тақырыпта ой-толғау жазып келу 
  | Үй тапсырмасын жазады | Дәптер,күнделік | |
| 7.Қорытынды   
  | 3 мин | 1.Рефлексия.  
 — Қандай тапсырманы орындау қиындық туғызды? — Түсініксіз мәселелер бар ма? 2. Кері байланыс. 
 
 
 
 
 
 
 
 ü Әлі … дәмін татқым келеді; ü Әлі де тоймадым, себебі..; ü Барлық ұсынылған тағамдардан маған ұнағаны ..; ü … аса тойдым; ü …. қорыта алдым; ü Егер… қоссаңыз жақсы болар еді. 
  | 1-2 оқушы қорытынды жасайды 
 
 
 
 
 Барлық оқушылар кері байланысқа жауап береді  | Стикерлер | 
| Критерий | Дескриптор | Ұпай | 
| 1.Сөйлемге  қажетті  сөзді  тауып  қой. 2.Оқиғалардың хронологиялық ретін орналастыр 3. Сәйкестендіру  | Нақты деректер келтіре алады, ойы жүйелі. | 3 | 
| Деректермен жұмыс жасай алады. | 2 | |
| Деректер бар, толықтыру ды қажет етеді  | 1 | 
Қосымша №1 Үй тапсырмасын бағалау парағы
| 1837-1847жж көтеріліс туралы біледі | Көтерілісінің маңыздылы ғын түсінеді  | Көтерілістің шығу себебі мен жеңілу себебін түсінеді | Тарихи маңызын біледі | Патша өкіметінің отаршылдық саясатын талдайды | Кеңесары хандығының саяси жағдайын сипаттай алады | Оқиғаны баяндауда  деректі қолдана алады 
  | |
| Жақсы білемін | |||||||
| Орта деңгейде | |||||||
| Қиындық тудырады | 
Қосымша №2 Өзін-өзі бағалау. Сабақты қорытындылау
Қосымша №1
| №1 тапсырма.Сөйлемге  қажетті  сөзді  тауып  қой(А); 1. 1810 жылы патша үкіметі __________ шебін жасауға кіріст і. 2. Кіші жүздің ханы _____ _____ жаңа шекара шебі аймағындағы толқуды басуға дәрменсіз болды. Жауабы 1.- Жаңаелек. 2 — Шерғазы Айшуақұлы .  | |||||||||
| №2 тапсырма.Оқиғалардың  хронологиялық  ретін  орналастыр(В); 1. Табын руының батыры әрі биі Жоламан Тіленшіұлы Рессейге қарсы күреске басшылық етті. 2. Жаңаелек шебінің құрылуы. 3. «Орынбор губерниясының қырғыз даласымен шекарасында жаңа шекара шебін құру» туралы Ереже Жауабы — 2,1,3  | |||||||||
№3 тапсырма. Сәйкестендіру (С);
 Жауабы — А- 2,3: В-1,6. С-4,5:  |