Орта Азия халықтарының македондық басқыншыларға қарсы күресі

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 14. Орта Азия халықтарының македондық басқыншыларға қарсы  күресі

Сабақтың мақсаты:

  • Орта Азия халықтарының грек-македондық басқыншыларға қарсы күрестегі ерлігін, тәуелсіздік үшін күрескен даңқты басшысы-Спитамен ерлігін баяндау.
  • Ұлы қолбасшы Александрдың алғырлығы, тапқырлығы, батылдығы туралы айта келіп, оқушыларды батыр да ержүрек болып өсуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты баяндау, тарихи ұлы тұлғаларға мініздеме беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың тартымды өтуіне көңіл бөлу, псиологиялық ахуал туғызу — басты міндет.

  1. Александр Македонскийдің Орта Азияға басып кіруі.
  2. Спитамен-тәуелсіздің үшін күрестің басшысы
  3. Орта Азия халықтарының шетелдік басқыншыларға қарсы күресінің тарихи маңызы.

Александр кім болған?

Бұл сұраққа жауапты тарихи ұлы тұлғаға мінездеме беруден бастаймын.Ол-ежелгі Шығыстың көптеген мемлекеттерін жаулап алып, бас игізген ұлы қолбасшы, өз аты-Александр, қазақ оны Ескендір деп кеткен.

Бала күнінен-ақ әкесі Филиптің және оның нөкерлерінің көзінше асау атты ауыздықтайды. Жұрттың бәрі Александрдың ептілігі мен ержүректігіне таң қалады. Филипп патша баласын құшақтап тұрып: «Ұлым-ай, өзіңе шақ патшалық ізде, Македония саған олқылық етер» деген екен.

Әкесінің өзіне айтқан осы сөзінен нені байқауға болады? Өз ойларынңды тұжырымдаңдар.

Оқушылар жауабын тыңдап болған соң:

Алғыр, тапқыр, батыл Александрды әкесінің інісі Леонид төзімді, ержүрек, бап талғамайтын жауынгер етіп тәрбиеледі.

Леонидтің «таңертеңгілік астың орнына түнгі жорықтағыдай атқа мінгізіп шапқылатқанын, ал түскі асқа болмашы асты талғажау еткізіп үйреткенін» Александр кейіннен тайлай есіне алып жүрген. Александр мықты әрі ержүрек болып өсті. «Күнде ойын, күнде той» дегенді жаны жек көрді.

Оқушыларға «Александрдың «Еркетотайлық пен сән-салтанаттан асқан құлдық, еңбектен артық патшалық жоқ» деген сөзі қалай түсінесіңдер?» деген сияқты сұрақтар қоямын.

Ежелгі дүниенің атақты ғалымы Аристотель Александрдың ұстазы болды. Ғалым ханзадаға әлем, табиғат жайында, адам мен мемлекет хақында әңгімелер айтып беретін-ді. Ол ұстазына: «Өзгелерден тек күш-қуатыммен, сондай-ақ біліміммен асып түскім келеді» дейтін.

Соғыс жорықтарында Александр қасына ғалымдарды ертіп жүрген. Қолбасшы оларға бөтен елдермен жете танысу, оларды кітапқа жазу, жаулап алған халықтар арасында білім тарату жөнінде талап қойды.

Алайда шапқыншылықтың аты шапқыншылық емес пе, Александрдың жүрген жеріндегі, оның жеңімпаз әскерлері басып өткен аймақтағы ел жаппай тонылып, қырғынға ұшырады. Қолбасшы аса қуатты Парсы мемлекетін, оған қарасты  барлық халықтар мен патшалықтарды жаулап алды. Египет (Мысыр), Вавилон және басқа да  көптеген елдер түгелдей дерлік Александрға қарады.

Грек-македондықтардың басқыншылығына қарсы күрек бүкіл Соғды және Бактрия жерлерін қамтығанын картадан күрсете отырып, ол көтерілісті Спитамен есімді ержүрек қолбасшы, бүкіл Орта Азия халықтарының шетелдік басыншыларға қарсы  күресін шеберлікпен ұйымдастырушы екендігіне тоқталамын.

Жорықтан оралған соң көп кешікпей Александр Македонский дүние салды. Оның кең-байтақ мемлекеті тез ыдырап кетті, өйткені ол тек қана әскер күшімен жан сақтап тұрған-ды. Александрдың салдырған жолдарымен сауда керуендері жүретін болды.  Гректер мен ежелгі Шығыс халықтарының аса бай мәдениеті араласып, эллинистік жаңа мәдениет туды. Бұл таза грек немесе таза эллин мәдениетінен өзгеше еді.

ІІ. Жаңа білімді пысықтау.

Тақырып бойынша оқушыларға мынадай тапсырмалар беруге болады:

Қазіргі фантаст жазушылар қай ғасырда, қай планетаға барсаң да апаратын «Томирис» (атын өзгертуге болады) атты ұшу аппаратын ойлап тапты. Сендердің де ойлаған бағыттарыңа  ұшып бару мүмкіндіктерің бар.

Ұшу жоспарын жасаңдар.

  1. Ғасырын, жылын, жасаңдар.
  2. Александрдың жүрген жеріндегі қай елге баасың?
  3. Ұшу сапарында кім болғың келеді? (Филипп патша ма? Леонид пе? Аристотель ме? Александрдың өзі ме? Тарихи шолушы ма? Географ па? Сол кездегі адам ба? Сынып оқушыы ма?)
  4. Ұшу сапарының мақсатын анықта.
  5. Ұшу сапарының барысы жайлы әңгіме – есеп жаз (ол өте құпия болсын). Есеп әңгімеде кейіпкердің сырт бейнесі, оның әскерінің қару-жарағы, басып алған елдердің архитектуралық ескерткіштері, тарихи ұлы тұлғаларына мінездеме, саяхат кезіндегі кездесулер-барлығы қамтылуы керек.

ІІІ. Үйге тапсырма: §14.Оқушылар жоғарыдағы тапсырманы сыныпта орындап үлгере алмаса, үйден орынлап келуге тиіс.