. Грекияда таптық қоғамдар мен мемлекеттердің қалыптасуы.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: §22. Грекияда таптық қоғамдар мен мемлекеттердің қалыптасуы.

Сабақтың мақсаты:

  • Тақырыпты оқыту барысында оқушыларға ежелгі Грекияның географиялық орын мен сол елде алғаш қалыптасқан мемлекеттер-Крит пен Ахейдің тарихын, мәдени мұрасын және олардың күйреу себептерін, гректердің кәсібі мен шаруашылығын, сондай-ақ Афины мен Спартадағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін салыстыра отырып, түсіндіру. Олардың әрқайсысының қоғамдық құрылысы мен мемлекет болып қалыптасуындағы ерекшеліктеріне назар аудару.

Сабақтың түрі: аралса

Әдісі: баяндау

Көрнекілігі: карта

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Әнұран орындау, «Хабар»

Кіріспе сабағында оқушылар назарын Балқан түбегінің оңтүстігінде орналасқан ежелгі Грекияның табиғат жағдайына аударамын.  Балқан түбегінде ірі өзендер болмаған. Сондықтан гректердің суды қастерлегені туралы оқушыларға айтып өтемін. Ерте кезде олар достарын жолға аттандарарда «Сапарың оң болсын, ауыз суың мол болсын» деген тілек айтқан екен.  Балқан түбегін айнала теңіздер қоршап жатқанына оқушылардың назарын аударып, ежелгі Грекияның орналасқан жерін  картадан көрсетемін.

Сабақтың жоспары:

  1. Крит және Ахей мемлекеттері
  2. Б.з.б. ХІ-ІХ ғ. Грекияның шаруашылығы
  3. Қала-мемлекеттер
  4. Афина мен Спарта

Сабақтың алғашқы мәселесін түсіндіргенде   бұл мемлекеттердің орналасқан жерлерін картадан көрсетемін. Әсіресе Крит елінде мәдениеттің өркен жайғанына тоқталып, оқулықта берілген суреттегі Кносс сарайы мен сарай ішіндегі фрескаларға оқушылардың назарын аударамын.   Соңынан оқулықтағы материалды пайдалана отырып, Кносс сарайы туралы оқушылармен әңгімелесемін. Ол үшін мына сұрақтарды пайдаланамын:   Суретке қарап, сарай неше қабаттан тұратынын анықта. Фрескалар дегеніміз не?   Кносс сарайын неліктен еделгі дүниедегі әлемдік сәулет өнерінің біріне жатқызамыз? Сарайдың қабырғаларын немен әсемдеген? Сарай неше бөлмеден тұрған?

Әңгімелеуде оқулықта берілген мәселелерге қосымша ретінде мына мәліметтерді де айта кетемін. Археологтар Кностан бойы үш метрдей адамның мүсінін тапқан. Ол-Кностың билеушісі. Оның басында-тәж, тәжге бір буда ұзын, ала қауырсын таққан. Мойнында алтынна жасалған бірнеше қатар алқы, ал қолдарында алтыннан жасалған білезіктер бар. Криттіктер лира, кифара деп аталатын музыкалық аспаптар жасаған. Олар-қазір гректердің ұлттық музыкалық аспабы.

Тақырыпты оқуыларға түсіндіру барысында ахейлік мемлекеттер туралы толық түсінік беремін. Оқулықтағы картаны пайдалана отырып, ахейлік мемлекеттердің орналасқан жерін көрсетемін. Әсіресе ахейлік мемлекеттер ішіндегі ең ірі әрі қуаттысы Микены туралы әңгімелегенде оқулықта берілген материалды пайдаланамын.

Арыстандар қақпасы тікесінен қойылған екі тас пен оның үстіне қойылған тастан тұрада. Тастың үстіне екі арыстанның  бейнесін қондырған.  Арыстандар алдыңғы аяқтарымен бағандарға сүйеніп, артқы аяқтарымен тікесінен тұр. Темірден жасалған арыстандар бейнесі қаһарлы сақшыларға ұқсайды. Олар тіптен қамалға кім кіріп, кім шыққанын қалт жібермей бақылап тұрған сияқты. Қақпа алдында тұрған күзетшілер күдікті деген адамдарды қалаға кіргізбейтін болған.

Қақпада шығатын ойық бар. Осы ойық әлі күнге дейін сақталған. Қамал ішінде патша сарайы және оған жақын адамдардың үйлері болған. Арыстандар қақпасына жақын жерден патшалардың бейіттері де табылған.

Осы тақырыптағы маңызды мәселелердің бірі- «қала-мемлекеттер» деген ұғым.    Оқушыларға картадағы қала-мемлекеттерді көрсете отырып, Афины мен Спартаға оқушылар назарын аударамын, Коринф, Милет қалаларының әсем, әдемі болғандығы туралы әңгімелеймін.

Афины қала-мемлекеттеріне тоқталғанда картадан Атлантика аймағын көрсету.  Б.з.б. VIII-VI ғ. Аттика аймағында мемлекет қалыптасқан. Аттика аймағында қалалар өте  көп болған.   Сол қалалардың бірі-Афины.

Афины қаласының  орналасқан жері мен сәулетіне баса назар аударамын. Акропольге сырттай саяхат жасауға болады. Ол үшін оқулықтағы сурет пен мәтін мазмұнын таныстырғаннан кейін, мына сұрақтар бойынша оқушылармен әңгімелесемін.

  1. Акрополь дегеніміз не?
  2. Акрополь қай ғасырда толық салынып болған?
  3. Акропольде қандай ғимараттар орналасқан?
  4. Акропольдегі басты храм қалай деп аталады?
  5. Неліктен акрополь афинылықтардың сүйікті орнына айналды?
  6. Акропольді ім салдырған?

Ежелгі Спарта тақырыпшасын түсіндіру үшін де алдымен   оқушыларға әңгімелесуге арналған сұрақтар қоямын:

  1. Картадан Оңтүстік Грекияның орналасқан жерін көрсетіңдер.
  2. Пелопоннес аймағы Грекияның қай бөлігінде орналасқан?
  3. Мессения мен Лаконика аймағы Грекияның қай бөлігінде?
  4. Спарталықтар қай жақтан келген? Кімдер?

Оқулық мәтініндегі Спарта туралы материалды баяндаған кезде әсіресе Спарта мемлекетінде жастарды  тәрбиелеуге ерекше мән берілгендігіне толығырақ тоқталамын. Ол үшін сабақта балаларға «Спарталық ұл балалардың өмірінен» деген мәтінді «Дидактикалық материалдардан» өздігінше оқытып, «Спарталықтарша өмір сүру дегеніміз не?» деген сұраққа жауап аламын.

Б.з.б.   V ғасырдағы Афина мен Спарта қалаларын салыстыра отырып, сипаттаймын. Ол үшін оқулықтағы суреттерді пайдаланамын. Афины мен Спарта-ежелгі Грекия қалалары. Әсіресе  Афины сол кезеңдегі әдемі қалалардың бірі болды.  Қаланың ортасындағы акропольде храмдар, театрлар және де мәрмәр мен қоладан жасалған мүсіндер орналасқан.    Қалада  көптеген қолөнер шеберханалары мен сауда саттық жүргізілетін базар алаңдары болған. Оларды агора деп атаған. Агораға халық өте көп жиналатын. Бұл жер Афины тұрғындары мен өзге қалалардан келген саудагерлерге, қаланы аралаушыларға толып кететін.

Спарта қаласы Афиныдан әсемдігі жағынан әлдеқайды төмен боды. Қала әскери лагерьлерге көбірек ұқсады.  Спартада театр да, мүсіндер де болған жоқ. Көшелерден әрлі-берлі сап түзеп жүрген спарталықтарды көруге болатын еді… Спарталықша өмір сүру-денені шынықтыру, мықты болу, еш нәрседен қорықпау, төзімді болу деген сөз.

 

Сабақты бекіту:   Оқушылардың «Жұмыс дәптері» бойынша өздік жұмыс орындауын ұйымдастыруға болады.  «Жұмыс дәптеріндегі» 2,3-тапсырмаларды орындатамын. Соңынан  оны тексеріп, қорытындылаймын.

 

Үйге тапсырма:22

22-параграфты оқып келу, «Жұмыс дәптерлеріндегі» 1-тапсырманы орындау.

Сыныптан тыс оқуға арналған «Афины егіншілеріннің өмірі мен тұрмысы» деген материалды оқып, олардың өмірін суреттеп беру.