Жаңа тас ғасыры

6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §5. Жаңа тас ғасыры

Сабақтың мақсаты:

  • Жаңа тас ғасыры, яғни неолит дәуірі туралы , оның ең үлкен жаңалығы туралы айта отырып, белсенді, білімді, бәсекеге барынша қабілетті патриот тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік: суреттер, сызба, т.б.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу
  • Әнұран орындау, «Хабар»
  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Садақ пен жебе қай кезеңде жасалынды?
  • Ұзындығы 1-2 сантиметр ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар қалай аталады?
  • Малды қолға үйрету мен егіншілік қай кезеңде қалыптаса бастады?
  • Егіншілік қашан пайда болды?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Неолит тұрақтары
  • Жаңа тас ғасыры (неолит) б.з.б. 5-3 мың жылдықтар аралығын қамтыды
  • Қазақ жерінде кездесетін неолит тұрақтарының ең көнесі б.з.б. 5 мыңжылдыққа тән
  1. Неолит ескерткіштері
  • Солтүстік Қаз-дағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар
  • Балқаштың солтүстігінен
  • Орталық қазастанда Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан
  • Жезқазған өңірінен Шығыс Қазақстан аумағынан көптеген ескерткіштер табылды.
  1. Өндіргіш шаруашылыққа көшу.

Қазақстан аумағынан неолиттің 500-ден аса тұрақтары табылған

Көзе-саздан жасалған қыш ыдыс

Неолит дәуірінің тағы бір үлкен жаңалығы-адамдардың қыш құмыра (керамика) жасауды үйренуі еді. Бұл дәуірді сондықтан кейде «қыш құмыралар заманы» деп те атайды.

Сабақты бекіту:

  1. Картаны пайдаланып, неолитті тұрақтарды көрсет.
  2. Неолит дәуіріндегі адамдар өміріндегі өзгерістерді ата. Адамдар қандай жаңалықтар ашты?
  3. Оқулықты пайдаланып, Сексеуіл тұрақтарыа сипаттама бер.

Бағалау:

Үйге тапсырма: §5.  Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің кезеңдері кестесін дәптерлеріне көшіріп, жаттап келу.