Зеректік. Мақал-мәтелдер. Жұмбақ
№113 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Зеректік. Мақал-мәтелдер. Жұмбақ
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларды әңгімемен таныстыру.Мақал-мәтелдер, жұмбақ
жаттату. ә)Сөйлеу тілдерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Оқу жылдамдықтарын дамыту. б) Зеректікке, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:«Ақымақ қасқыр» ертегісінің мазмұнын сұрау.
Ертегі бойынша салған суреттерін тексеру, бағалау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:«Кім тапқыр» ойынын ойнату арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.
- Мақсат қою кезеңі:Бүгін біз ел азынан келе жатқан «Зеректік» әңгімесімен таныс боламыз.Мақал-мәтелдер, жұмбақ жаттаймыз.
- Жаңа сабақ:Жолаушы, жоқшы, түйе туралы түсінік беру.Түйе- төрт түліктің бірі.Жолаушы-жол жүріп келе жатқан адам.Жоқшы-жоғалған малын (затын) іздеп жүрген адам.Әңгімеші түсініп оқып беру, мазмұнын әңгімелеп беру.Әңгімені өздеріне кезекпен оқыту.Мақал-мәтелдерді дәптерлеріне жаздыру, мағынасын түсіндіру.Мақал-мәтелдер мен әңгіменің арасындағы байланысты айту, түсіндіру.Жұмбақты оқыту, жауабын тапқызу, көшіріп жазғызу.
VI.Жаңа материалды пысықтау:Әңгіме не туралы?Әңгіме неліктен «Зеректік » деп аталады?Жоғалған түйенің қандай белгілері бареді?Түйені қалай тапты?Әңгімеден нені үйренуге болады?
VII.Бекіту кезеңі:Әңгімені оқу,мазмұндау.Әңгіме бойынша сурет салу.Мақал-мәтелдерді, жұмбақты жаттау
VIII. Үйге тапсырма, бағалау