Заттардың орнын анықтау

  1. Сабақтың тақырыбы: Заттардың орнын анықтау.8 бет

Сабақтың мақсаты: 1. Заттардың кеңістікте орналасу қалпын анықтау туралы түсінік беру. 2. Оқушыларды ұқыптылыққа баулу. 3. Танымдылық қабілетін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі суреттер

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту: а) Сыныптағы орналасқан заттарды кеңістікте орналасуына қарай анықтау. ә) Оқушыны алды –артында және онымен қатар отырған оқушылардың есімін атату.

б) Оқулықпен жұмыс: 1. Сурет бойынша жұмыс (жоғарыда- төменде, оң жақта-сол жақта орналасқан заттарды анықтау.) 2. Көшеде, мектеп ішінде жүру тәртібін білу. 3. Үстел үстінде, астында орналасқан заттарды анықтау. б) Оқушыларды бір-бірінің алдына, артына, оң жағына , сол жағына тұрғызу.

в) Дәптермен жұмыс.

Ү. Білімді бекіту:  г) Орналасу кеңістігін анықтау. Оқушы туралы өлең жаттау

Күннің нұры шуақты,       Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,       Оқушымын мен енді

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз сендермен заттың кеңістікте орналасуын анықтадық, қолдану тәртібін білдік.