Тригонометриялық функциялардың қасиеттері
Алматы қаласы Медеу ауданы №172 жалпы білім беретін мектептің математика пәнінің мұғалімі Қазыбаев Талғат Талдыбайұлының қысқа мерзімді жоспары
| 20 қазан 2014жыл | алгебра
| 10 сынып
| |
| Сабақ тақырыбы: | Тригонометриялық функциялардың қасиеттері | ||
| Жалпы мақсат: | Тригонометриялық функция қасиеттерін білуге және оны осы функциялардың графиктерін салу кезінде пайдалана алуға үйрету. | ||
| Сілтеме: | Мұғалімдерге арналған нұсқаулық «Алгебра және анализ бастамалары» Әбілқасымова А, Жұмағұлова З.
| ||
| Оқушылар үшін оқу нәтижелері: | Тригонометриялық функциялардың графиктерін сызып, негізгі қасиеттерін айта білуі | ||
| Негізгі идеялар: | Тригонометриялық функция тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін қалыптастыру. | ||
| Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар: | Үлестірмелі материалдар , функция графиктері, көрнекіліктер | ||
| Оқыту әдістері: | Жеке оқушымен жұмыс Топқа бөлу Диалог | 1.Топтық жұмыс 2.Жұптық жұмыс
| |
| Тапсырмалар: | Функция графигін сызу, жекелеген функция қасиеттерін табу
| ||
| Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: | ||||
| І. Сыныпты ұйымдастыру ( өткен материалды қайталау) (2 мин) | ||||
| Мұғалім іс-әрекеті: Өткен материалдар бойынша сөздік құрастыру туралы ұсыныс | Оқушының іс-әрекеті: Функция қасиеттері мен оны зерттеу тақырыбында кездесетін сөздерді бірінің айтқанын бірі қайталамай айтып шығу | |||
| ІІ. Топқа бөлу (үй тапсырмасын тексеру) (3 мин) | ||||
| Мұғалім іс-әрекеті: Үй жұмысына берілген есептерге ұқсас есептер беру арқылы оқушы білімін тексеру әрі топқа ауызша бөлу. | Оқушының іс-әрекеті: Өзі алған билеттегі есептің жауабын таба отырып өзі бөлінетін топқа барып отыру. | |||
| ІІІ. Танысу мен ұйымдастыру сәті (білімдерін тексеру) (2 мин) | ||||
| Мұғалім іс-әрекеті: Топ мүшелері арасында міндеттерді бөлісуді ұйымдастару | Оқушының іс-әрекеті: Тобындағы оқушылармен бірігіп, өз орындарына отырғандарын тексеру. Топ басшысын, топ атын, хатшыны сайлау. Топ мүшелерінің міндеттерін айқындау.
| |||
| IV.Топпен жұмыс (15 мин) | ||||
| Мұғалім іс-әрекеті: Тригонометриялық функция туралы қысқаша мәлімет беру | Оқушының іс-әрекеті: Оқулықтағы нұсқаулықтарды оқи отырып тригонометриялық функциялардың (у=, у= , у= , у= ) графиктерін берілген қағазға салу | |||
| V. Жұмысты қорғау (12 мин) | ||||
| Мұғалім іс-әрекеті: Топ жұмыстарын бақылап, бағалау. | Оқушының іс-әрекеті: Өздері салған тригонометриялық функцияны графиктері бойынша зерттеу қорытындысын таныстыру, қорғау.
| |||
| VI. Қорытындылау: (5 мин) | ||
| Мұғалім іс-әрекеті: Сұрақтардың тиімділігін қадағалау | Оқушының іс-әрекеті: Қорғаушы топқа сұрақ қояды және жақсы түсіндіре білген оқушыға шапалақтау арқылы баға береді. | |
| VII.Келесі оқылым: (1 мин) | Оқушының іс-әрекеті: Үйге тапсырма № 78,79,80 А тобы есептері | |
| VIII.Бағалау: (3 мин) | ||
| Мұғалім іс-әрекеті: Формативті бағалау | Оқушының іс-әректі: Топ басшылары топ мүшелерін еңбегіне қарай бағалайды | |
| VIII.Рефлексия (2 мин) | ||
| Мұғалім іс-әрекеті: Бүгінгі сабақ ұнады ма, ұнамады ма ? | Оқушының іс-әректі: Сұраққа жауап жазып өз ойларын білдіру. | |