Сызықтық теңсіздіктерді шешу
- Сабақтың мақсаты: 1) Сызықтық теңсіздіктерді шешуге есептер шығару;
2) Теңсіздіктерді шешу және шешімдер жиынын анықтай білуге үйрету;
3) Ұйымшылдыққа, белсенділікке баулу;
- Сабақ түрі: білімді бекіту.
3.Сабақ типі: әдеби-монтажды сабақ.
- Қолданылатын көрнекіліктер: карточкалар, тест тапсырмалары.
Сабақ жоспары:
- Ұйымдастыру кезеңі 3 минут
- Үй тапсырмасын тексеру 5 минут
- Білімді бекіту тапсырмалары 30 минут
- Сабақты қорыту, білім бағалау 4 минут
- Үйге тапсырма беру 1 минут
Сабақ барысы:
- ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ.
Оқушылардың сабаққа дайындығын, оқу құралдарын тексеру, сабақтың барысы мен мақсаты туралы түсінік
II.Үй тапсырмасын тексеру
III.Білімді бекіту тапсырмалары
- Музыкалық –әдеби монтаж
1-оқушы : Арифметикадан бастау алып,
Ұзақ сапар шектік біз.
Кейде құлап, қайта тұрып,
Осы күнге жеттік біз.
2-оқушы: Математика Ұлы атамыз,
Қажет болды адамдарға.
Туын жықпай келе жатыр,
Мынау қилы замандарда.
- Сұрақпен жұмыс
- Теңсіздіктің түрлері
- Сан аралықтары
- Теңсіздік қасиеттері
3-оқушы: Азияда ғылым қашан,
Нұрын шашты жарқырай?
Ғалымдары кімдер болды,
Айтыңдаршы жалпылай?!
4- оқушы: Ғалым болған ұл-қыздары,
Шығыстың бас жұлдыздары.
Ұлықбекті отқа жақты,
Сол заманның құзғындары.
5- оқушы: «Екінші ұстаз»- деп атады,
Фарабиді жұрт түгел.
Атамыздың трактатын,
Бағалы әлі ,мықты дер.
6-оқушы: Әл-Бируни-Әбуәли,
-Өзбекстан, тәжікстан !
Елдерінің мақтаны,
Қатарынан озып шыққан.
7- оқушы: Тоғызыншы – он бесінші,
Ғасырлардың алыбы.
Нұрын шашқан бар әлемге,
Бұлар – Азия ғалымы.
- Карточка тапсырмаларын орындау.
Теңсіздіктерді сан түзуінде кескіндеп, шешімдер жиынын сан аралығында жазыңдар.
- Х ≤ 3 , Х › -5,2
- Х ≥ 2, Х ‹ -3,7
- Х ≥ 7, Х ‹ -6,5
8-оқушы: Еуропа ғалымдары,
Бастау алды бұлардан.
Барын алып, жоғын тауып,
Алақайлап қуанған.
9-оқушы: Қолына алып бағындырды,
Он алтыншы ғасырды.
Білімді де, ғылымды да,
Пайдасына асырды.
10-оқушыы: Француздан виет шықты,
Кезегім менің келді деп.
Алгебралық символдарды,
Әріптермен белгілеп.
11-оқушы: Іле-шала Декарт келді,
Осы күнгі белгіні ап.
Бүгінгі ұрпақ, жазып жүрміз,
Декартша әлі белгілеп.
12-оқушы: Куб теңдеуді шешеміз деп,
Талап қылды әркімдер.
Итальяндық Тарталья алғаш,
Шешкен нағыз – кемеңгер!
13- оқушы: Мұра қылып жазып кетті,
Кардано оны жазбаша.
Бізге бүгін жетер ме еді,
Егерде ешкім жазбаса?
14-оқушы: Геометриялық тәсілменен,
Куб теңдеуді Хайям шешкен.
Әрі ақын ,әрі ғалым,
Мол бақытты бастан кешкен.
- Есептер шығару.
Х-тің мәні болатын натурал сандарды жаз:
- 14,2 ≤ Х ≤ 21, Х= 15, 16, 17, 18, 19,20,21.
- 8,3 ≤ Х ≤ 15 , Х= 9 ,10, 11,12,13,14,15.
- 5,5 ≤ Х ≤ 11,2, Х= 6, 7, 8, 9, 10, 11.
15-оқушы:Орыстарда бұл ғылым,
Дамыды қашан қарыштап.
Аты шықты кімдердің,
Айтыңдаршы дұрыстап.
16-оқушы: Орыстар да бастау алып,
Он жетінші ғасырдан.
Өндірісте, ғылымда,
Жаңалықтар ашылған.
17-оқушы: Ломоносов, Лобачевский-
Аты шыққан ғалымдар.
Мақтанышы өз елінің,
Мәңгі өшпес жалындар.
- Тест тапсырмаларын орындау.
р/с | 1-нұсқа | р/с | 2-нұсқа |
1 | Теңсіздіктің шешімін анықтаңыз: 2,3 Х ≤ 6,6
А) б) в)
|
1 | Теңсіздіктің шешімін анықтаңыз: -1,2 Х ≤ 3,2
А) б) в)
|
2 | Х-тің мәнін табыңыз: 19 21
А) 19; б) 20; в) 21.
|
2 | Х-тің мәнін табыңыз: 17 х 19
А) 17; б) 18; в) 19. |
3 | Теңсіздікті шешіңіз: 2х 12
А) б) в) | 3 | Теңсіздікті шешіңіз: 3х 12
А) б) в) |
IV.Сабақты қорыту , оқушы білімін бағалау.
Сұрақтар: 1) Азия ғалымдары (Ұлықбек, Фараби, Әл-Бируни)
2) Еуропа ғалымдары (Декарт, Виет, Тарталья, Кардано)
3) Орыс ғалымдары (Ломоносов, Лобачевский)
4) Қазіргі қазақтан шыққан математик ғалымдар.
«Математиканың әні» орындалады.
V.Үйге тапсырма