Математика- ғылымдар патшасы

 Тақырыбы:   «Математика-  ғылымдар  патшасы»

 

Мақсаты:  1. Оқушылардың ізденуге, тез ойлануға,алғырлыққа,

тапқырлыққа баулу

  1. Білімдерін толықтыру, ойлау қабілеттерін дамыту

 

  1. Математика пәніне қызығушылығын арттыру

Көрнекілік:   

интерактивті тақта, слайд, тапсырмалар жазылған                                                                                                                                плакаттар, бағалау қағазы.

 

Өту барысы:

1-жүргізуші         Армысыздар   ағайын

Ағайын   тілін  табайын

2-жүргізуші          Есенбісіз  ұстаздар

Шаршамайтын қыс жаздар

1-жүргізуші          Көрерменім аманба

Отырған анау ойланып.

Екеуі бірге:           Бәріңізге бір сәлем

 

2-жүргізуші         Онда кешті бастайық

1-жүргізуші         Екеуміз асып-саспайық.

2-жүргізуші         Бүгінгі кешіміздің тақырыбы:                                                                                                                                           ″Математика-  ғылымдар  патшасы″ деп аталады.

1-жүргізуші        Кешіміз сайыс түрінде өтеді.

 

2-жүргізуші       Сіздерді кешімізге шақырамыз

Есеппен бастарыңызды қатырамыз

Математиканы ұғындырып,

Аз да болса білімдеріңізді толтырамыз

 

1-жүргізуші      Әлемнің құпиясын білдіретін

Ғылымның түрлері көп біз білетін

Математика ғарышқа алып шықты

Адамның саналы ойлау құдіретін

 

2-жүргізуші      Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.

1.

2.

3.

1-жүргізуші      Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім,терең ой сыналады

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғады

2-жүргізуші      Біреуінің жүрегінің түгі бар

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар

Біреуінің күмбірлеген күйі бар

Енді біреуінің миы бар.

Ендеше топтарды ортаға шақырамыз

Олар  7 «ғ» сынып оқушылары

7 «ж» сынып оқушылары

7 «ә» сынып оқушылары

 

1-сайыс.    Топтардың өздерін таныстыруы

Әр топ өздерін кезекпен шығып таныстырады

2-сайыс.    « Қызықты математика» деп аталады.

Бұл сайыста әрбір топқа 1 сұрақтан қойылады. Ойлануға 1 минут уақыт беріледі. Жауап болмаған жағдайда келесі топтың жауап беруіне болады.

1) Тиын салған 10 қаптың біреуінде жалған тиындар бар.Үш рет өлшеу арқылы жалған тиындар қай қапта екенін қалай анықтайды?

(5-5ден; 2-2ден; 1-1ден)

2) Қара ағаш басында  5 алма өсіп тұр. Біреуі түсіп қалды, нешеуі тал басында қалды?                                                    ( Қара ағашта алма өспейді)

3)  Екі адам  5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді?

( 6 минут)

 3-сайыс.  «Тапқырлық» деп аталады.  Ойын шарты: Сұрақ қойылғаннан кейін, ойлануға бір минут уақыт беріледі.Тақтадағы төрт жауаптың біреуі дұрыс, сол жауапты тауып «уақыттарыңыз бітті » деген кезде дұрыс жауаптың нөмірін қағазға жазасыздар.

1-сұрақ:  Берілген фигурада неше үшбұрыш бар?

 

 

  1. 4      2.  10    3.  12     4.  16                     д.ж.  12

 

2-сұрақ:  Қайрат  Жанардан кіші,  бірақ  Талғаттан  үлкен.  Ал  Ажар  Жанардан үлкен болса, ең үлкені қайсысы?

1.Қайрат; 2. Жанар; 3. Талғат; 4. Ажар.                        д.ж. Ажар

 

3-сұрақ.  Қорада тауықтар және қояндар бар. Оларда барлығы 15 бас, 50 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар?

  1. 5 тауық,10 қоян; 2. 6 тауық,9 қоян;  3.7 тауық,8 қоян;   4. 8 тауық, 7 қоян;                                                                                                                                                                                                                          д.ж.   5 тауық, 10 қоян

 

4-сайыс.     «Кім көп біледі?»    Кестедегі  шаршыға 3-тен  10,  20,  30 сандары жазылған.  «Ұлы математиктер» , «Өлшем бірліктер»  және «Сандар» деп аталатын тақырыптардан тұрады. Осыдан қалаған сұрақтарыңызды таңдайсыздар. Дұрыс жауап берсеңіздер сол сұраққа тиесілі балды аласыздар.

 

«Ұлы математиктер»

10- Координаттарды математикада бірінші рет қолданған кімдер?

( П.Ферма  және Р. Декарт)

20-  «Математика- ғылымдар патшасы,  арифметика- математика патшасы.»

Бұл сөздің авторы кім?                                                                    (Карл  Гаусс)

30- Математикалық теңдеулер туралы ғылыми еңбек жазған қазақ ғалымы   кім?                                                                                       (Орынбек Жәутіков)

«Өлшем бірліктер»

10- Дюймовочканың бойы қанша?                                           ( 1 дюйм)

20- Мұнай көлемінің өлшем бірлігі не?                                   (Баррель)

30- Қымбат тастардың массасының өлшемі бірлігі не?          (Карат)

«Сандар»

10- Тек қана таңбаларымен ажыратылатын сандар қалай аталады?

( қарама-қарсы сандар )

20- 1-ге және өзіне бөлінетін санды қандай сан  деп айтамыз?   (жай сан)

30- Ертеде пайдаланылған цифрлардың ішінен қандай цифрлар осы күнге дейін қолданылады ?                                                         ( Рим цифрлары)

 

1-жүргізуші      Өмірді танып білу сан-саналы

Жолдары математикадан басталады

Әубәкіров сол ғылым арқасында

Атанды тұнғыш қазақ космонавты

 

2-жүргізуші      Жәутіков математикатер флагманы

Тарихтан орын алып тұрар мәңгі

Шәкірттер дәстүрін жалғастырып,

Оның да орындалған ізгі арманы

 

5-сайыс.      «Мақал-Мәтел» сайысы.

Бұл сайыста әр топ құрамында саны бар мақал айтады. Бір топ бастайды келесі топ жалғастырады, бір мақал екінші рет қайталанбауы керек

 

  6-сайыс.    «Санамақ» деп аталады. Бұл сайыста суретте берілген фигураларды нешінші екендігін қателеспей атап айту керек. Әр топқа екі мүмкіндіктен беріледі.

 

7-сайыс.   Капитандар сайысы  «Зерде» деп аталады. Мұнда капитандар шешендік өнерден сайысқа түседі.

Берілетін тақырып: «Математиканы не үшін оқимыз?»,

«Математика несімен қызық», «Математика ақыл-ой гимнастикасы»

 

 

 

8-сайыс.  «Кім тез» сайысы.

Бұл сайыста әр топқа жеке жеке  тез сұрақ оқылады. Осы сұрақтарға топ тез жауап беріп үлгеру керек.

 

  1. Фигуралардын қасиеттерін зерттейтін ғылым (геометрия)
  2. Геометрияның жазықтықтағы денелерді зерттейтін бөлімі. (планиметрия)
  3. Ең кіші натурал сан (1)
  4. Жазықтықтағы қиылыспайтын түзулер (параллель түзулер)
  5. Шаршының периметрі 44 см, қабырғасы нешеге тең? (11 см)
  6. Шаманың жүзден бір бөлігі (процент)
  7. 90º градустық бұрыш (тік бұрыш)
  8.   Алымы бөлімінен үлкен бөлшек қандай бөлшек деп аталады?

(бұрыс бөлшек)

  1. Ұзындықты өлшейтін құрал? (сызғыш)
  2. Түзудің бір нүктемен бөлінген бір бөлігі (сәуле)

 

 

  1. Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (перпендикуляр түзулер)
  2. 0-ден үлкен сандар?          (оң сандар)
  3. Көпбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы не деп аталады?

( периметр)

4.Тең қабырғалы үш бұрыштың қабырғасы 5 см периметрі қанша?  (15 см)

 

  1. Геометрияның жазықтықтағы фигуралардың қасиеттерін зерттейтін бөлімі

(планиметрия)

  1. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табады?

(ені мен ұзындығын көбейтеді)

  1. Глобус қандай фигураны елестетеді

(шар)

  1. Үшбұрыштың төбесін оған қарсы жатқан қабырғасының ортасымен қосатын кесінді (медиана)
  2. Бұрышты өлшейтін құрал (транспортир)

10.Тік  төртбұрыштың ұзындығы 4 см, ал ені  5см болса, оның ауданы қанша?                                                                                              (20см²)

 

 

  1. Геометрияның кеңістіктегі фигураларды зерттейтін бөлімі қалай аталады?

(стереометрия)

  1. 180º–қа тең бұрыш (жазыңқы бұрыш)
  2. Түзудің екі нүктемен шектелген бөлігі қалай аталады? (кесінді)
  3. Шаршының қабырғасы 6м болса, оның ауданы неге тең болады? (36м²)
  4. Шаманың жүзден бір бөлігі (процент)
  5. Тең бүйірлі үшбұрыштың бір бүйір қабырғасы 3 см болса, екінші бүйір қабырғасы қаншаға тең? (3 см)

7.Қабырғалары өзара тең үшбұрыш           (тең қабырғалы үшбұрыш)

  1. Бір бұрышы тік бұрыш болып келетін үшбұрыш (тік бұрышты үшбұрыш)
  2. Бұрыштың түрлерін ата (доғал, сүйір,тік, жазыңқы)
  3. Көпбұрыштың периметрін табу үшін не істейді?

(барлық қабырғаларын қосады)

 

Көрермендермен ойын:

 

1.Табақтағы жемісті,

Бұлай ғана бөлісті.

Екі анасы,қос баласы,

Әжесімен немере

Бір-бірден тиді алмасы,

Айтшы қанша жан басы.

(3)

2.Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке

Мықты болсаң қанша екенін тез есепте

Алдында екеу,екеуі келеді артында

Екі-екіден келеді қос бүйірде

(4)

 

1- жүргізуші     Ер жетеміз ертең ақ бізде өсеміз

Ғұламалар дәстүрін үлгі етеміз

Ермеков пен Жәутіков,Амановтар

Ортамыздан шығады іздесеңіз

 

     2-  жүргізуші   Судай тасып, әр биік белден асқан

Дүниеге сан алуан өнер шашқан

Білім алып олардың жолын қуған

Әрбір шәкірт өмірде өрге басқан.

 

Әділқазылар алқасы  топтардың жинаған балдарын жариялап, қорытындысын жасайды. Жеңген топ марапатталып, грамота тапсырылады.

 

  • жүргізуші. Құрметті көрермендер көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

 

2-жүргізуші.    Сау болыңыздар.