Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

Сабақтың мақсаты:

  1. Тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу, жіктеудің тәсілдеріне тоқтап, сол тәсілдерді пайдалану
  2. Оқушыларды жүйелік түрде жұмыс істеуге дағдыландыру
  3. Білік дағдыларын жетілдіру, өз бетімен ойлау қабілетін дамыту

Сабақтың көрнекілігі: Кубизм, схема, бағалау парағы

Сабақтың түрі: Сыни тұрғыдан ойлау

Сабақтың әдісі: СТО стратегиясы

І. Қызығушылықты ояту

  1. Бірмүше дегеніміз не? (Санды және әріпті көбейткіштермен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.)
  2. Ұқсас мүшелер дегеніміз не? (Ортақ әріпті бөлігі бар және бір-бірінен айырмашылығы тек қана коэффициентте болатын бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады)
  3. Бірмүшелерге мысалдар келтіріңдер (2ху; а5; 3х2; 3а2х3у; авс)
  4. Көпмүше деп нені айтамыз? (Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысын көпмүше деп атаймыз)
  5. Көпмүшені біріктіру дегеніміз не? (Көпмүшелерді қосу арқылы оның барлық мүшелерін өз таңбаларымен тізбектеп жазып, ұқсас мүшелерді біріктіру)
  6. Көпмүшені бірмүшеге көбейту дегеніміз не? (Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу керек)
  7. Көпмүшені көпмүшеге көбейту деген не? (Көпмүшені көпмүшеге көбейту үшін бір көпмүшенің әрбір мүшесін екінші көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп шыққан көбейтіндіні қосу керек)
  8. Көпмүшені бірмүшеге бөлу дегеніміз не? (Көпмүшені бірмүшеге бөлу үшін көпмүшенің әрбір мүшесін берілген бірмүшеге бөліп шыққан нәтижелерді қосу керек)

ІІ. Мағынаны тану.

٧+?
Бұрыннан білемінМен үшін жаңалықКеліспеймінТүсініксіз


Бірмүшені бірмүшеге қосу, азайту
Бірмүшені көпмүшеге көбейту

Сабақта оқушылар осы кестемен жұмыстанды және тақырыптағы қажетті жіктеудің түрлерін анықтады. Олар топтау тәсілі, ортақ көбейткішті жақша сыртына шығаруды және қосымша мүшелер енгізу тәсілдері қолданылатынын білді. Оқушылар көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тақырыбын біле отырып, ондағы мысалдардың шығарылуын да қарастырды.

Мысалдар: 1. 2ху-3хz+px

x=10; y=5; z=3; p=2

2xy-3xz+px=x(2y-3z+p)=10(2·5-3·3+2)=10·3=30

  1. 12a-24b=12(a-2b)
  2. 5mn2+4np=n(5mn+4p)
  3. 10ab+5b-30bc=5b(2a+1-6c)
  4. x(a-5)+(5-a)-a(5-a)=x(a-5)-(a-5)+a(a-5)=(a-5)(x-1+a)
  5. 9a(b-a)-27a2(a-b)=9a(b-a)+27a2(b-a)=(b-a)(9a+27a2)=9a(b-a)(1+3a)
  6. 1) x2-2x=0 2) 3x(1-x)2-x2(1-x)=0

x(x-2)=0                                       x(1-x)(3(1-x)-x)=0

x=0, x-2=0                                   x(1-x)(3-3x-x)=0

x=2                                      x(1-x)(3-4x)=0

x=0, 1-x=0, 3-4x=0

x=1,     -4x=-3

x=

№137

  • (а+9)2+2а(а+9)=(a+9)(a+9)+2a(a+9)=(a+9)(a+9+2a)=(a+9)(3a+9)
  • 30x80+80x30=2x30(15x50+40)
  • x2(b-2)+y(2-b)=x2(b-2)-y(b-2)=(b-2)(x2-y)

 

ІІІ. Толғаныс, ой-толғаныс.

  1. Бірмүше мен көпмүше,

Бірігеді амалмен.

Сол амалдың соңында,

Жақша тұрар қамал боп.

  1. Амалдарды қолданып,

Көпмүшені жіктейміз.

Жақша сыртына шығарып,

Ортақ санды тауып біз.

Орындаймыз қызығып,

Тәсілдердің бірін біз.

  1. Есептеуді қолға алып,

Ой-сананы қозғап біз,

Шығарамыз әрдайым,

Есептеудің түрлерін.

 

 

 

 

Оқушыларды бағалау парағы

р/сАЖТҮй тапсырмасыСұрақ-

жауап

Сынып

жұмысы

Қосымша тапсырмаҚорытынды баға

 

Үйге тапсырма:  Тақырыпты оқу, №132

Күтілетін нәтиже:

  1. Оқушылар сұраққа жауап береді, есептің шығарылу жолдарын түсінеді.
  2. Ойлау қабілеттерін дамытады.
  3. жұмыс істейді, бірін-бірін сыйлайды, сөйлеу қабілеттері жақсарады