Рационал сандарға амалдар қолдану тарауын қайталауға арналған жаттығулар

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану тарауын қайталауға арналған жаттығулар

 

Сабақтың мақсаты: 1. ІІІ тарауды қайталауға есептер шығару

оқушылардың өз бетінше ойлау қабілетін дамыту,

алған білімдерін жеткізе білу.

  1. Ұлттық ойынның мәнін ұғындыру ерекшелігін, дәстүр жайын түсіндіру.
  2. Ойындар арқылы логикалық ойлау қабілетін шыңдау. Білім үшін жауапкершілікке өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Ойын сабақ «Сайыс сабақ»

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, таблицалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Өткен сабақты игеру барысын тексеру
  3. «Көкпар» сайысы
  4. «Арқан тарту»
  5. «Ақсүйек» ойыны
  6. Сабақты қорыту
  7. Оқушыларды бағалау

 

  1. Үй тапсырмасы ауызша сұрау арқылы тексеріледі.

Өткен тақырыпты қайталауға «Көкпар» ойыны ойнатылады. Екі топқа сұрақтар қойылады. Көкпар дұрыс жауап берген топқа түседі. Көкпар дегеніміз серкенің ішек-қарнын алып, ішін тұзбен толтырып, қайтадан тігіп тастайды.

  1. Шектеусіз ондық бөлшекке айналатын жай бөлшектің артығымен ондық жуықтауы қалай табылады?
  2. Шектеусіз ондық бөлшекке айналатын жай бөлшектің кемімен ондық жуықтауы қалай табылады?
  3. Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу ережесі.
  4. Таңбалары бірдей сандарды бөлу ережесі.
  5. Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту ережесі
  6. Таңбалары бірдей екі санды көбейту ережесі
  7. Таңбалары әр түрлі сандарды азайту ережесі
  8. Таңбалары бірдей сандарды азайту ережесі.
  9. Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесі.
  10. Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесі
  11. Теріс сандарды қосу ережесі.
  12. Ережені пайдаланып ауызша есептер шығару:

 

-4+(-6)=                        1-10=                            (-4) : (-1) =

-19+8=                          (-3)*(-18) =          24: (-3) =

ІҮ «Арқан тарту» ойыны. Кітаппен жұмыс.

Тақтаға арқан ілінеді. Сынып 2 топқа бөлінеді. Кітаппен жұмыс № 664,           № 665. Есептерді шығарамыз. Есептерді шығарған бала арқанға жауаптарын ілдіреді. Қай жақ бұрын шығарып болса, арқан сол жаққа тартылады.

 

№664                                                        №665

 

1) -8*(-4)-15;                                   1) 3,9: (-1,3)+6;

2) -45 : (-5)-12;                                2) 6,5: (-5)-8;

3) 17+ (-8)* (-3);                             3) 9+5,6* (-0,5);

4) 13+27: (-9);                                 4) 10+8,4: (-4,2);

5) 9*(-2)-7;                                       5) 4,3-8: (-1,6);

6) 12: (-4)+5;                                   6) 9,1 -6: (-0,2).

 

Ү. «Ақ сүйек» ойыны

 

Есепті бірінші шығарған бала тақтаға шығып, жауабын жазады. Ақ сүйек сол балаға беріледі.

Сабақты пысықтауға есептер шығарамыз.

 

№669

  • 10-8*1,25;          1) -3*(-4,8-10);
  • 2) (1,25+10)*(-3);                   2) (1,7-3)* (-1,15);
  • 3) -3*(-4,8)-10;          3) (1,7-13)*1,17;

 

ҮІ. Үйге: № 673 есеп

 

ҮІІІ. Сабақты қорыту үшін иррационал сандар туралы қысқаша мәліметтер:

Осыдан 20 ғасыр бұрын Ежелгі Греция математиктеріне шаршының ауданын кейбір мәндері бойынша оның қабырғасының ұзындығын жазу үшін бүтін сан да, бөлшек сан да жеткіліксіз болған. Иррационал сандар тек қана шектеусіз, периодсыз ондық бөлшектерінде жазылған. Иррационал сандардың теориясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында ғана қалыптасты. Иррационал сандарды зерттеуді неміс ғалымдары-математиктер Дедекинд, Кантор және Вейерштрасс көп еңбек сіңірген.