4 саны және цифры

  1. Сабақтың тақырыбы: 4 саны және цифры 35 бет

Сабақтың мақсаты: 1.  4 санының шығуы. 4 санын 1,2,3,сандарымен салыстыруға,

жазуға үйрету. Төртбұрыш элементтері туралы түсінік беру 2.Ұқыптылыққа баулу 3.Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:  4 саны цифрының үлгісі.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

                                      Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. -Қосу амалына кері амал қай амал? -Азайту  2+1=3             3-1=2        3-2=1 -Салыстыру барысында қанша артық, қанша кем екенін қалай білеміз? -Сонша деген ұғымды қалай түсінесің?  Мына сандарды салыстыр.

2*3    3*2  2*1   1*2

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:1.Сандар қатарында ең бірінші тұратын сандарды ата.  Келесі санды қалай шығарып алдық   0+1=1         1+1=2       2+1=3       3+1=4  2. 4 санын қалай шығарып аламыз?

Кері амал құрап көрейік:  4-1=3         4-2=2                  4-3=1                  4-0=4

Ү. Жаңа білімді тексеру. 1. 4 саны қалай шықты?   2.Санын 3,2,1, сандарымен салыстыру.

4>3   4>1   4>2   4>0

ҮІ. Жаңа білімді бекіту: Дәптермен жұмыс: 4 санын жазып үйрену.Жануарлардың санына сәйкестендіріп есеп құрату.Төртбұрыштың қасиеттерін айту.

ҮІІ. Сабақты қортындылау: Біз бүгін сендермен қаншаны білдік?  Ол санды қалай шығарып алдық?