Экономикадағы математикалық әдістердің қолданылуы

Экономикадағы математикалық әдістердің қолданылуы

 

Қазіргі экономикалық ғылым кең мағынада математиканы қолданумен сипатталады. Математикалық әдістер кез келген экономикалық ғылымның құрамдас бөлігі болып табылады. Оның экономикалық талдаумен бірлігі экономикалық теория мен практика үшін жаңа мүмкіндіктерді ашты.

Қоғамдық сана және қоғамның әлеуметтік сұранысы «Экономика білім негіздерін» енгізу қажеттілігін көрсетіп отыр.

Экономикалық білім – жалпы білімнің құрамдас бөлігі. Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай білімі терең, мәдениеті жоғары жас ұрпақты экономикалық біліммен қаруландырып, тәрбиелеуді талап етеді.

Барлық мектептерде оқушыларға экономикадан белгілі бір дәрежеде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі ретінде өз сабақтарымда математиканы экономика саласымен ұштастыра отырып оқытуды пайдаланамын.

Оқытудың мақсаттары:

  • білімділік мақсаты – оқушыларды экономика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен таныстыру, ол білімдерін қолдану үшін математикалық есептер шығаруда іскерліктерімен дағдыларын қалыптастыру;
  • тәрбиелік мақсаты – оқушылардың экономикалық мәдениеттігі мен іскерлігі арқылы математикадан алған білімдерін өмірде өз қажеттіліктеріне қолдана білуді қалыптастыру;
  • дамытушылық мақсаты — әрбір жеке тұлғаның адамгершілікке ұмтылып, әсемдікті сүйе білуге үйрету. Экономикамен математиканы үштастыра отырып оқушыларға үнемділікті, дәл сезінуді үйрету, математиканың өмірде қажеттілігне көз жеткізу, сезіндіру.

Мектеп қабырғасында өтетін тақырыптарға сәйкес әр экономиканың саласында математиканың экономикалық есептерде қолдануына бірнеше мысал келтірейік:

 

  1. 9-сыныптағы «Шексіз геометриялық прогрессияны» банк жүйесінде пайдалану

 

Сынып оқушылары үш топқа бөліп банклердін атаулары беріледі. Банк жүйесіндегі операциялармен жалпылама түсінік беріліп оның қорындағы қаржы есептелініп қойылады. Мысалы, барлық банклер коммерциялық болсын десек, олар бір басты банкіге тәуелді болсын. Басшы банкі өзінін проценттік ставкаларын коммерциялық банкіге жүктейді, коммерциялық банкілер түскен қаржыны келісіммен  пайызын басшы банкіге міндетті түрде салады. Қалған қаржы коммерциялық банкінің бос резервінде болады, яғни ол қаржыны несиеге, акциялар алуға бере алады.

 

1 банк: 20000 теңге, оның 20% — міндетті резерв

Ол қанша құрайды және бос резервте қанша қаржы қалады:

20000 х 0,2 = 4000 тенге,  яғни бос резервте 16000 тенге

  2 банк: 45000 теңге, оның 12% — міндетті резерв

45000 х 0,12  = 6750 тенге, бос резервте 38250 теңге

3 банк: 90000 теңге, оның 12% — міндетті резерв

90000 х 0,12 = 10800 теңге, бос резервте 79200 теңге.

 

Осыдан оқушылар қорытынды жасай алады: басшы банк міндетті резервтерін көтерген сайын, коммерциялық банкілердің бос резевтері азайады, сондықтан олары несие бергенде проценттік ақысын көтермелейді, ондай жағдайлар әрине клиенттерге тиімді емес.

Басшы банкінің міндетті резевтері бірдей болғанда:

 

І.                        400000 теңге

 

 

 

20%                    80%                        320000

 

 

 

 

 

ІІ.                     320000 теңге

 

 

 

20%                    80%                        256000

 

 

 

 

 

ІІІ.                    256000 теңге

 

 

 

20%                    80%                        204800

 

 

 

 

 

Несиеге берілген барлық қаржы:

320000 + 256000 + 204800  =  780800 теңге

Осының барлығын шексіз геометриялық прогессияның формуласына салғанда:

Барлығы үш банк          n = 3,    S3 — ?

B1  = 320000,    q = 0,8  (80%)

 

 

320000 (0,83 — 1)                    320000 х (- 0,488)

S3 =                                         =                                         = 780000 теңге

0,8 – 1                                      (-0,2)

 

Оқушылардың ой өрісін бекітуге тағы мысал қаралады:

 

 

Барлығы алты банкі, яғни тізбек В1,  В2, В3, В4, В5, В6

Бірінші банкіге 300000 қаржы түседі, оның 10% міндетті резерв, сонда банкілер қанша қаржыны несиеге пайдалана алады?

Шешуі:

n = 6,    S6 — ?

B1  = 300000,    q = 0,9  (90%)