«Математикалық – кәсіпкер» ойыны

«Математикалық – кәсіпкер» ойыны

 «Математикалық – кәсіпкер» ойының мақсаттары:

1.Іскерлік пен дағдыға үйрете отырып, қоғамыздың экономикалық заңдылықтары туралы түсінігін қалыптастыру, экономикалық білім беру.

2.Логикалық ойлауға және «капиталды» өз  білімдеріне жұмсай білуіне үйрету.

3.Ойын барысында («капитал», «құн», «қаржы», «банк», «банкрот») экономикалық ұғымдармен таныса отырып, экономикаға байланысты ойлау әрекетін және  жинақтылыққа, адамгершілік пен әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру.

1.Кіріспе бөлім.

А.Банк және оның қызметі.

Ә.Банкрот ұғымдарына түсінік беру.

Б.Кәсіпкерлік туралы ой қозғау.

В.Оқушының ізденіс жұмысы.

2.Негізгі бөлім.

Әр банк қызметкерлерін ортаға шақырамыз. Ойынымыздың өтілу тәртібімен таныстырамыз.

1.Ойынға екі топ қатысады,  әр топ банк басқармасы болып табылады.

2.Банктің президенті, атауы болады.

3.Әр топқа ойын барысында тапсырмалар беріледі. Әр тапсырманың қиындығына байланысты құны бар.

4.Әр банктың басты капиталы 500000 мың теңге болады.

5.Дұрыс жауап берген топтың банк есеп шотына тапсырманың құндылығына сәйкес қаржы түсіп отырады.

6.Топ  дұрыс жауап бермеген жағдайда тапсырманың құндылығына сәйкес қаржы есеп шоттан кемиді.

7.Дұрыс (қосымша) топ жауап берген банктерінің қаржысы соншаға артады.

8.Банктегі қаржының яғни операциялардың дұрыс жүргізуіне бақылау тобы жұмыс істейді.

1.Үй тапсырмасы, мақал-мәтелдер сайысы (тек сандардан құрастырылған)

2 топ мақал-мәтелдер жарыстырады. Әр мақал-мәтелдің құндылығы 5000 теңге.

2.Логикалық есептер.

Әр топқа 2 тапсырмадан беріледі (2 қызыл, 1 көк карточка).

 

Қызыл түсті кеспе қағаздағы есептер.

1.Арман, Аян, Абзал ағайынның үшеуі  әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян  Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім?

(Аян, Абзал, Арман) есептің құндылығы 20000 теңге.

2.Әсем, Ардақ, Анар үшеуі математика сабағынан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, Анардың бағасы «3»-те, «5»-те емес, сонда әркім қандай баға алған?

Есептің құндылығы – 20000 теңге.  (Әсем – 5, Анар – 4, Ардақ – 3).

 

Көк түсті кеспе қағаздағы есептер.

Бес тоғыздықты пайдаланып амалдар қолданып 10 санын жаз.

9 9 9 9 9 = 10

(9+99/99 = 10,  99/9-9/9 = 10).Есептің құндылығы – 10000 теңге.

3.Жұмбақтар сайысы (цифрлардан құрастырылған).

Әр жұмбақтың құндылығы  — 5000 теңге.

I.100 мүйізі бар

Үстінде киізі бар.                  (Киіз үй)

II.Бір таудың екі күзетшісі,

Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар.

Бұл не?      (Бас)

III.Жаңылмастан жетеуі,

Кезек қызмет етеді.      (Апта күндері)

IV.Бұлбұлдың 2 құлақ, 1 басы бар

Салдырған 8 жерден таңбасы бар.

Бұлбұлды жолға салып айдағанда,

Салатын неше түрлі жорғасы бар.         (Домбыра)

V.Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан арамыз

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз.      (сандар)

VI .Санға қосып, алсаң,

Сол санның өзі шығады.

Санды оған бөлуге болмайтынын

Математиктер ұғады.  (Нөл)

 

4.Көкпар сайысы. Есептің құндылығы – 2000 теңге.

Қазақтың өлшем бірліктерін түсіндіріп айтыңдар.

-Құлаш (Екі қол ұшы)

-Сүйем (Бас бармақ пен сұқ саусақтың арасы).

-Шақырым (1 км)

-Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар.(10)

-Тек қана 6 санын 3 рет пайдаланып амалдар қолдана отырып 30 санын өрнекте. (6*6) -6 =30

-9м : * =9мм (1000)

-Торсық атауы нені білдіреді? (Қымыз құятын теріден жасалған ыдыс).

-Әбу-Насыр әл Фарабидің өмір сүрген кезі? (870-950 жж.)

-Ең терең көл (Байкал).

 

5.Бәйге жарысы

Бәйге жарысында банк президенттері қатысады.. Бір минутта жауап берген сұрақтарына байланысты қаржы жинақтайды. Әрбір дұрыс жауап 1000 теңге.

Сұрақтар:

1.Республика күні (25 қазан)

2.64 қай  санның квадраты (8).

3.100 жылдың басқа атауы (1 ғасыр).

4.Ұшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (1800)

5.Тұңғыш қазақ ғарышкері (Т.Әубәкіров)

6.√49 мәні неге тең (7)

7.Күріштің отаны (Қытай)

8.5 санына кері сан (1/5)

9.Трапецияның орта сызығы неге тең (Табандарының қосындысының жартысына тең)

10.Ең кіші 3 таңбалы сан (100)

11.Таңбалары әртүрлі сандардың көбейтіндісі (Теріс сан)

12.Алтын адам табылған жері (Есік қаласы)

13.9*7 (63)

14.Қырғыстанның астанасы (Бішкек)

15.2004 жылы жазғы спорттық олимпиада қай мемлекетте өтті?        (Грейия, Афина)

16.Ешкі түлігінің пірі (Сексек ата)

17.Қазақстанда неша қорық бар? (9)

18.Биссектриса деген не? (бұрышты қақ бөлетін сәуле)

19.Ең ұзын өзен (Ніл)

20.52  — 5 =   (20)

*   *   *

1.Мұсылмандардың қасиеті айы (Рамазан)

2.Ұшбұрыштың орта сызығы неге тең? (Табанның жартысына тең)

3.1 ғасыр неше жыл (100 жыл)

4.Бір бұрышы 900 – қа тең ұшбұрыш қалай аталады? (Тік  бұрышты ұшбұрыш)

5.Қазақстанның тұңғыш президенті (Н.Назарбаев)

6.72 =  (49)

7.Шайдың отаны (Үнді елі)

8.5 санына қарама-қарсы  сан (-5)

9.Тәуелсіз күні (16 желтоқсан)

10.Екі теріс санның көбейтіндісі (Оң сан)

11.Ең үлкен екі таңбалы сан (99)

12.Таңбалары әртүрлі сандардың бөліндісі (Теріс сан)

13.Қазақтың үш биін ата (Әйтеке, Қазыбек, Төле би)

14.12-ні 10 есе арттыр (120)

15.Сидней олимпиадасында  алтын алқаға ие болған Қазақстандық боксер (Бекзат Саттарханов)

16.Қой түлгінің пірі   (Шопан ата)

17.Ең суық материк (Антарктида)

18.Медиа дегеніміз не? (Бұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғаның ортасын қосатын кесінді)

19.Қазақстандағы экологиялық апат аймағы (Семей, Арал)

20.62 – 6 = (30)

Негізгі бөлімнің қорытындысын шығару, марапаттау.