«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивтік есебі

       Ақтөбе қаласындағы №28 орта мектебінің  мұғалімі Жумагулова Лаура Курмангалиевнаның тізбектелген сабақтар топтамасына «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің қолданылғаны жайлы рефлексивтік есебі.

Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман талабына сай болуы үшін — әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уарт: « Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» деген екен. Қазіргі  таңда мұғалімдер алдында білім жүйесін, заман талабына сай үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап, білімге бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда.  Қойылған талаптарды орындау үшін педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының  бағдарламасы даярланды. Осы курста біз аталған жеті модульдің сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын қарастырдым.

Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері» деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрену» немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді (Нұсқаулық 12 бет).  Оқыту  мен оқу барысында оқушылардың өзара білім алмасуын, оқушымен мұғалімнің арасындағы байланыстың негізгі құралы бұл- диалог екенін меңзейді. Яғни, осы диалог сабақ барысында тиімді қолданылса, оқушылар өздерінің ойларын, көзқарастарын жан-жақты, еркін айтуына, дамуына көмектеседі. Ал «Қалай оқыту керектігін үйрету» оқушылардың алған білімдерін есте сақтап, қосымша өздігінен ізденіп оқуға, яғни, білім жинау жауапкершілігін түсінуге мұғалім қандай іс-әрекет жасауын қарастырады.    Осындай нәтижеге жету үшін 7 модульді қамти отырып, сабақтар легін бердім. Жетімодульдің барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқытуды» қарастырамыз. Сөйлесе отырып сыни ойлатуға итермелеуге, өз ойларын ашық білдіруге мүмкіндік алуға, барлығында да тың идеялар болатындығына көз жеткізуге диалогтың маңызы зор дер ем. Мектептегі тәжірибе кезеңіндегі 3-ші тапсырмада көрсетілгендей сабақтарымды жүргізу барысында  диалогтік оқытуды назардан тыс қалдырмадым.  Бұл модуль әңгімеге сыныпта бастама жасайтын  және оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді (Mercer,1995). Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрі техникаларын пайдалану керектігін ұғындым.Оқушыларғашығармашылық тапсырмаларды орындатуда Мерсердің зерттеуіне сүйендім. (39-бет 3кесте) Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылатындығын дәлелдеп, әңгімелесудің 3 түрін құрастырды.Осы диалогтік әңгімені дамыту арқылы оқушылардың бірлескен сұхбат тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне идеяларын дәлелденуіне, оқушылардың қандай деңгейде екендігін анықтауға мүмкіндік берді. Оған дәлел болған10 «ә» класқа жүргізілген«Тригонометриялық функциялардың қасиеті» сабағында берілген тапсырмаларды орындау барысында топтарға берілген «Тригонометриялық функцияның қасиеттерін пайдалану »тақырыбында  оқушылар  зерттеу әңгімесін жүргізілді. Әр оқушы ақылға қонымды мәлімет айтып, айтқандарын дәлелдей отырып топ болып бірігіп тұжырымдамалық карта жасады. Осы тапсырманы орындау барысында сабаққа қатысымы баяу, мәтінді талдауда қиналатын Каиров Азамат  пен Мұратова Ырыстының өзі де шапшаңдық танытып,топтық жұмысқа белсене араласып, идеясын ортаға тастап, қызығушылық танытқандығы байқадым.«Тригонометриялық функцияның графиктері» тақырыбында класты топтарға біріктіріп, «График қажет, график қажет емес» дегентақырыпта топтықпікірталас ұйымдастырылды,алдымен топ мүшелері 3 жақтаушы, 3 даттаушы , 1 таймкипер болып бөлінді. Қалған екі топқа жетондар  таратылып, сөзжарыстан соң сендіре білген даттаушы немесе ақтаушы тобына дауыстар жиналды. Топтық пікірталас барысында ой-пікірлерде үлкен алшақтық болып, әрқайсысы өз шешімінде қалғандығы байқалды.«График қажет, график қажет емес» деген сөзжарыста даттаушы мен ақтаушы  болып бөлінген топтар өз пікірлерін дәлелдеді. Топтың «үнсіз оқушысы» Ырысты: «Биылғы ҰБТ-даграфиктік есептер берілуіне байланысты графиктерді толығымен үйренуіміз қажет,сондықтан бізге график қажет, солай емес пе?» деп өз ойын ашық білдірді. Топтық пікірталас кезінде «Әр есептің математикада алатын орны зор, сол сияқты графиктің де маңыздылығы ерекше, менің ойымша «Математика-ғылымдар патшасы»  деген тұжырымды әр уақытта есте ұстағанымыз жөн» деп осындай батыл қадам жасап сендіре білген Бақытжанның  бойынан дарындылықты байқадым.Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог  сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. Ал Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса , оқушылардың білім алуына  соншалықты әсер ететінін айтады (Нұсқаулық,38-бет).  Осы аталған еңбектерге сүйене отырып, оқушылар бұл сабақта диалогтік қарым-қатынасқа түсіп,өз ойларымен бөлісіп,сыни тұрғыдан ойлай отырып,  идеяларын ортаға салып, оң әсер алғандығын байқадым.Қандай тақырыптағы сабақ болса да оқушылар диалогқа түсіп, сұрақтардың барлығына да орнықты жауап беріп отырды. Балалар белсенді білім алушылар, оларға үздіксіз білім беріп отыру арқасында өзім де  біраз шыңдалдым.Оқушылармен пікірлесуде, оқу мен оқытуға байланысты  қызықты және маңызды сұрақтарды пайдалану қажет.Сұрақтардың толассыздығы аса маңызды болып табылады. Әуесқойлықтың қолданылуының себебі бар. Өмірдің, мәңгіліктің құпияларын немесе таңғажайып шындықтың құрылымын пайымдаған кезде шаттанбауға  болмайды. Тек әр күн сайын, ең болмаса,  осы құпиялардың сәл ғана  бөлігін түсінуге әрекет жасау жеткілікті. Ешқашан әуесқойлықтың  ұлы сезімін жоғалтпаңдар. (Альберт Эйнштейн, үлестірме материалдары, 115 бет)

Ғұламаның сөзіне сүйенсек, оқыту мәселелері  оқушылармен пікірлесу, дұрыс сұрақ қоя білу оларда өзін-өзі реттеуді, шындықтың құрылымын пайымдауды, құпияның бөлігін түсінуді дамытуға ықпал етті. Өз оқуына бақылауды жүзеге асыру, ол туралы пікір айтуға, өз оқуын жетілдіруге ықпал ете алатындығына сенімділік сезімі сұрақтарды дұрыс қою болып табылды.

Бізде класта әңгімелесуге болмайды деген түсінік қалыптасқан.  Сыныптағы әңгімелесу сұрақ қоюдың  маңызды дағдыларының бірі болып табылды, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналды  және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алды (Нұсқаулық, 40 бет ). Зерттеулерден сыныпта «диалогтық стратегиялар»  яғни, сұрақ қоюдың кең ауқымын пайдалану жақсы нәтижелерге әкелетіні белгілі болды.

Тақырыпты ашу мақсатында берілген мәтінді әрқайсысының алдына таратып бердім, түсіну дәрежесін анықтау үшін Блум таксономиясын қолдандым. Білу, түсіну, қолдану, талдау, синтез, бағалау  дәрежесіндегі сұрақтарды  «Тригонометриялық функциялардың қасиеттері» тақырыбында «Сиқырлы қобдишаға» салып, әр деңгейдегі сұрақтарға  жауаптар алынғанда, оқушылардың сөздік қорының мол екендігіне көңілім толды. Диалогтық оқыту түрлеріне тағы да мынадай жұмыстар жүргізілді. «Тригонометриялық теңдеулерді шешу» кезінде 10 «ә» класында сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету кезінде мынадай жұмыс түрлерін жасадым.

  • Оқушылар жұптарға бөлінді
  • Оқушыларға арнайы қателері бар дайын жауаптар жинағы ұсынылды.
  • Оқушылар мыналарды табу үшін өз бетінше жұмыс жасады:

Формулалардың қайсысы дұрыс емес?

Формулалар  неліктен дұрыс емес?

Формуланы  қалай түзетуге болады?

  • Жұптағы әр оқушы өз үлгілеріндегі қателерді серіктесіне түсіндірді.
  • Оқушы серіктесінің жіберген қатесін байқап,  оны көрсетті.
  • Оқушылардың қандай қателерді тапқанын сұралды және олардың жауаптарын құпталып немесе теріске шығарды.

Бұл оқушыларды теріс түсініктерден және әдеттегі қателерден   «арылтуға» арналған қызықты және пайдалы тапсырма болды. Оқушыларды шатастырмау үшін, мұндай тапсырмадан тақырыпты бастапқы  оқыту сатысында аулақ болу қажет, бірақ ол тақырыпты меңгертудің соңында  түсініктегі тұрақты қателерді анықтау және түзету үшін өте пайдалы.

Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме бойынша сабақты «Тригонометриялық теңдеулерді шешу» тақырыбында өткіздім.Ол үшін «Қос жазба күнделігі» стратегиясын пайдаландым. Тақырыпты оқығаннан кейін оқушылар  дәптерлерінің ортасынан вертикаль сызық жүргізеді. Тақырыпты оқу барысында  оқу олар сызықтың бір жағына теңдеуді шешуге қажетті формулаларды  жазса, екінші жағына  мәндер кестесіне байланысты тағы да  қорытып шығаруда пайда болған формулалар жиынтығын жазды. Барлық оқушы тапсырманы орындап болған соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырылды.Сонан соң Блум таксономиясы бойынша жұптарға оқулықтағы есептерге талдау жүргізілді. Оқушылар сабақта «қалай оқу керектігін үйренуді»  меңгерді және дағдыланды. Яғни метатаным пайда болады. Өздері ой қорытты, нәтижеге жетуге ұмтылды. Топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы арасында, жұптық жұмысты пайдалану арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Нәтижесі таңғаларлық! Оқушылар мен күткеннен де артық әсер алды. Өз ойларын Блум таксономиясы негізінде құрылған сұрақтарға толық жауап берді.  Жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алды. Сабақта «үнсіз» оқушылар «сөйлеп кетті». Мұндай жұмыс түрі  жұппен жұмыс жасайтын оқушылар үшін қолайлы, бірақ басқа жағдайларда да пайдаланылуы мүмкін. Оқушылар жұппен  бөлінді, оқушылардың біреуі штурман, ал екіншісі – пилот рөлін алды. «Штурман»  «пилотқа» не жасайтындығын  және неліктен жасау керектігін айтты. Мысалы, «Оқулықтағы № 86 есепті теориялық бөлімдегі (3) формуланы пайдаланып шығар». Пилот команданы орындады және  қажет болған жағдайда оны штурман түзетті. Штурман «формуланың пайдалану жолын» айтпауы тиіс. Штурман қылып дарынды  оқушыларды белгілеген дұрыс, алайда, рөлдерді  алмастыру да пайдалы. Командаларды орындағаннан гөрі, дәл түсініктеме берген қиынырақ, сондықтан штурмандар пилоттарға қарағанда көбірек үйренеді. Бірлесе отырып, жұптық жұмыстың нәтижесін көріп, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушы дами бастағанын байқадым.

«Тригонометриялық функциялардың графиктері» тақырыбында оқушыларға деңгейлеп оқыту бойынша, алгоритмдік деңгей, танымдық деңгей, эвристикалық деңгей аясында қарастырылған тапсырмаларды орындау интерактивті тақта бойынша жазылып, эталон арқылы тексерілді. Деңгейлік тапсырмаларды орындауда Ырысты тақырыпты меңгеріп, алгоритмдік деңгей есептерін шығара алды, яғни міндетті деңгейді орындай алды. Рустам барлық тақырыпты меңгергенін көрсетіп, алгоритмдік деңгейден танымдық деңгейге ұмтылып тапсырманы тиянақты орындады, Айманға алгоритмдік және танымдық деңгейлер орындауға оңай соғып, білімнің жариялық, әділдік қағидалары сақталған эвристикалық деңгейдегі есепті шешу даму қағидасын қамтамасыз етті.

«Мен» тұжырымдамасы бiздi алға жылжытатын және бiздiң мiнез-құлықтарымызды бағыттайтын, өзін-өзі өзгертуге жетелейтін әлеуметтiк стимул болып табылған әртүрлi жеке сипаттамалары бар барлық когнитивтi және аффективті компоненттердiң үйлесуі болып табылады. ( Нұсқаулық 25 бет). Осы тұжырымдамаға сәйкес оқушылар өзін-өзі өзгертіп, деңгейдің жоғары шыңына шығуға талпынысын білдірді.Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. ( Нұсқаулық 29 бет).  Ырысты өзінің құрдастарының жоғары деңгейлерге ұмтылғанын көріп,  алға ұмтылушылық білдірді. «Олардың қолынан келген нәрсе менің де қолымнан келеді» деу – өзін басқа біреумен салыстыру үдерісінің негізі. Адамдардың қандай да бір салада болсын табысқа жеткен біреуді көрсе, өзіндік тиімділік деңгейі арта түседі ( Нұсқаулық 27 бет). Талантты деп танылған  Айман өзі қол жеткізген жетістікте, тобында бірлесіп жұмыс істеген Рустам мен Ырыстыға  оқушы жетістігі аталмыш жұмыста айқын көрінуі үшін  өз жетістігін нақтылап көмек қорын ұйымдастырып отырды. Осыдан байқағаным топ оқушылары сәтті де, табысты орындалған жұмыстың «өзіндік тиімділігін» арттырып, бірлескен  оқу барысында өзіндік орнын қалыптастырды.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі- білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» — деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқытуқұралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылды. Мен өз сабағымда слайд көрсету, бейнероликтер көрсету кезінде интерактивті тақта, компьютер, интернет желісін пайдаландым. Оқушылар ауызша айтып түсіндіріп кеткеннен көру көзбен көру арқылы жадында берік сактап қалды. Бағдарламада  айтылғандай «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде балалар өзінің түсінгенін өзіндік зерттеулері өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылды.

Бағдарламадағы  құзырлы мұғалім алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білудегі  Шульман ілімі, қазақтың ұлы ақыны Абайдың  «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста», «толық адам» деген ұғымдармен, пікірлермен  үндес, сарындас болуы мұғаліммен оқушы  арасындағы өзіндік ой-пікірдің жүйелілігі оқушыларға оқуды өз бетінше  жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетті.Мен де оқыту тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын қарастыруда болдым. Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарынеркін және ерікті түрде білдірсе екен деп ойладым. Тек білдіру емес, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде де асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса, онда менің  де сыни тұрғыдан ойлауым биік мақсатқа ұмтылғаны  болмақ.

Мен осы бағдарламаның стратегияларын тәжірибе жүзінде қолдану барысымда, ең бастысы – оқушылардың сабаққа ынтасы  артып, олардың бір-бірімен пікір алысып, ойбөлісіп, ашық сөйлеуі, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады. Өздеріне сенімсіздік білдіріп,тысқары отыратын оқушылар да ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады,қызығушылығы оянды.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі болғандықтан болашақта іс-тәжірибемді түбегейлі білім мен мәдениеттің негіздерін беруші және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасаушы болуым керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық
  2. Кембридж бағдарламасын оқыту негізіндегі біліктілікті арттыру курсының үлестірме материалдары
  3. Ғаламтор ресурстары