Координаталық жазықтық.Координаталары бойынша нүкте салу тақырыбын қайталау.

Сынып:   6 « А »Күні: 10.05.2013 жылПәні: Математика
Сабақтың тақырыбы:Координаталық жазықтық.Координаталары бойынша нүкте салу тақырыбын қайталау.
Жалпы мақсаттар:—  координаталық түзу;

— координаталық жазықтық;

— декарттық координаталар жүйесі;

— Бұрын білетін ақпаратпен байланыстыру.

Ресурстар:Оқулық, интерактивті тақта, сабаққа қажетті ресурстар.
Әдіс — тәсілдерТәсілі :  жеке, жұппен, топпенӘдісі: АКТ, СТО, диалог
Оқыту нәтижесі:Есеп шығарудың тиімді жолдарын үйренеді, топпен жұмыс істейді. Есептердің шығарылу жолдарын бір – біріне түсіндіреді, өзгенің қатесін түзейді.
Түйінді идеяларСан аралықтары, бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік, бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі.
Дерек көздерОқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер, электронды оқулық
Сабақтың барысы :Уақыты:Мұғалімнің іс-әрекетіОқушының іс-әрекеті
 

Ұйымдастыру кезеңі:

 

2 мин

 

    Топқа бөлу

Төрт түлік, отбасы, түстер, техника

Оқушылар ұқсас фигуралармен бірігіп 4 топ құрайды,топ ережесін сақтайды.
« Миға шабуыл »5минСөз жұмбақ шешкізу.

Сөз жұмбақ арқылы қайталайтын сабақтың тақырыбын ашу. Тақырыпқа байланысты алдарына   қоятын мақсаттарын анықтату.

Топпен жұмыс.

Сөз жұмбақ (интерактивті тақта)

 

ортақ  шешім шығарады,

интерактивті тақтаға жазады.

 

 

 

Қызығушылығын ояту

 

 

 

 

10 мин

 

 

 

Топтарға бір-біріне сұрақ қоюды сұрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

  Топтар кезектесіп қарсы топқа сұрақ қояды.

Сұрақ- жауап

1.Координаталар жүйесі қалай құрылады?

Ж: Санақ басы О нүктесінде қиылыса тын өзара перпенди ку ляр екі координата лық түзу тік бұрышты координата лар жүйесін құрайды.

2. Координаталық  жазықтықтағы нүкте нің координаталары қалай аталады ?

Ж: Берілген нүктенің абсциссасы мен ордина тасы нүктенің коорди наталары депаталады.

3. Декарттық координа талар жүйесі деп кімнің құрметіне аталған ?

Ж: Француз философы және математигі Рене Декарттың құрметіне аталған.

4. «Координаталар» сөзі қай тілден алынған, қазақша қандай мағына береді?

Ж: Латын сөзі, қазақша « реттелген » деген мағынаны береді.

5. Координаталық түзулер не деп аталады ?

Ж:  Координаталық түзулер   координаталық осьтер деп аталады .

6.Горизонталь сызылған түзу не деп аталады ?

Ж: Горизонталь сызыл ған түзу абсциссалар  ( ОХ ) осі деп аталады.

7. Вертикаль сызылған түзу не деп аталады ?

Ж: Вертикаль сызылған түзу ординаталар ( ОУ ) осі деп аталады.

8. Координаталары бойынша нүктенің жазықтықтағы орны не деп аталады ?

Ж: Нүктенің жазықтық тағы орны сандар жұбымен анықталады.

Бағалау үшін   геометриялық фигураларды пайдаланады.

 

Ой -толғаныс

«Суретшілер жарысы»

ойыны.

Әр топқа тапсырмалар бердім. Әтеш, қоян, піл, қарлығаштың суреттерін координаталық жазықтықта топпен салуды тапсырдым.

Оқушылар  топпен бірігіп,

ортақ шешім шығарылып, өнім жасалады,  скипер қорғайды.Оқушыларды топтар ақылдасып, бағалау үшін :

смайликтер пайдаланады.

Бағалау2

мин

Топтар бір-бірлерінің жұмыстарын әр түрлі геометриялық фигуралар,смайликтер арқылы бағалайды.Топтық жұмыстардың жиынтық бағасы қойылады.
Кері байланыс1 минОқушылардан интервью алу парағын таратып, сабақ туралы пікір жазуды тапсырылады.
Кейінгі жұмыс1 минЖазықтықтағы координаталар тарауын қайталау.