ең үлкен ортақ бөлгішті табуда, жай сандар және құрама сандар

Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару.

Мақсаты:

 

  • Білімділік: Оқушылардың ең үлкен ортақ бөлгішті табуда, жай сандар және құрама сандар жайлы алған білімдерін пысықтау.
  • Дамытушылық: Зейін тұрақтылығы мен есте сақтау қабілеттерін, сараптау біліктіліктерін қалыптастыру.
  • Тәрбиелік: Өзара ынтымақтастыққа, қайырымдылыққа, жылдамдыққа, алғырлыққа баулу.

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздер ме балалар! Отырыңдар! Бүгін біз сендермен ең үлкен ортақ бөлгішті табуға, жай және құрама сандарға, құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеуге қайталау  есептерін шығарамыз.

 

2.Үй тапсырмасын тексерейік. (7 слайд)

№ 287 Жай көбейткішткерге жіктеп, ең үлкен ортақ бөлгішін тап.

48 бен 84

70 пен 98

16 мен 45

52 мен 78

44 пен 65

 

Жауабы:

ЕҮОБ (48, 84) = 12

ЕҮОБ (70, 98) = 14

ЕҮОБ (16, 45) = 1

ЕҮОБ (52, 78) = 26

ЕҮОБ (44, 65) = 1

 

3.Қайталау сұрақтары: (9 слайд)

Сыныпты екі топқа бөлеміз. «Жай сандар тобы» және «Құрама сандар тобы»

«Жай сандар тобы»

  1. Жай сандар деп қандай сандарды айтады? Мысал келтір.
  2. 2. Натурал сандар дегеніміз не?
  3. 3. Қандай сандар тақ сандар деп аталады?

Жауабы:

  1. 1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды.
  2. 2. Нәрселерді санағанда қолданылатын сандарды натурал сандар деп атайды.
  3. Екіге бөлінбейтін сандарды тақ сандар деп атайды.

«Құрама сандар тобы»

  1. 1. Құрама сандар деп қандай сандарды айтады? Мысал келтір.
  2. 2. Қандай сандар жұп сандар деп аталады?
  3. 3. Қандай цифрларды жұп цифрлар деп атайды?

Жауабы:

  1. Бөлгіштердің саны 2-ден көп натурал сандарды құрама сандар деп атайды.
  2. 2. Екіге бөлінетін натурал сандарды жұп сандар деп атайды.
  3. 3. 0,2,4,6,8 цифрлары жұп цифрлар деп аталады.

 

3.1. Мына натурал сандарды 1,7,12,26,31 (Жай сандар тобы), 1,3,25,11,35 (Құрама  сандар тобы)топтарға бөліңдер? (11 слайд)

1 саны қандай сан?

 

 

 

 

 

 

Жауабы:

«Жай сандар тобы»:

 

 

 

 

 

 

 

«Құрама сандар тобы»

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Құрама сандарды көбейткіштерге жіктеу. (13 слайд)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10           10                           2             46

2  5         2  5                                      2    23

100=2·2·5·5                             92=2·2·23

3.3.«Жай сандар тобы» (15 слайд)

  1. Қандай сан берілген сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп аталады?

        Жауабы:

Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп сол сандардың әрқайсысы бөлінетін ең үлкен натурал санды айтады.

«Құрама сандар тобы»

  1. Өзара жай сандар деп қандай сандарды атайды? Мысал келтір.

Жауабы:

1-ге тең бірғана ортақ бөлгіші бар натурал сандар өзара жай сандар деп аталады.

Мысалы, ЕҮОБ (3; 5) = 1

5 пен 3 өзара жай сандар.

 

3.4. «Дұрысын тап» ойыны (17 слайд)

 

 

 

 

Дұрыс                                 Дұрыс емес

7Жай сан
20Құрама сан
54Жай сан
66Құрама сан

 

3.5. Деңгейлік тапсырмалар (18 слайд)

«Жай сандар тобы»:

А. Сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар. ЕҮОБ (12; 8)

В.  120,45 және 210сандарының ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар.

С.  4,15,24,35 сандарынан өзаражай сандар жұбынқұрастыр.

Жауабы:

А. ЕҮОБ (12; 8) = 4

В. ЕҮОБ ( 120,45,210)=15

С. (4; 15), (24; 35),(4;35)

«Құрама сандар тобы»

А. Сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табыңдар. ЕҮОБ (45; 36)

В.  64,128 және 288 сандарының ең үлкен ортақ бөлгігін табыңдар.

С.  77,30,52,35,21 сандарынанөзаражайсандардыңтөртжұбынқұрастыр.

Жауабы:

А. ЕҮОБ (45; 36) = 9

В. ЕҮОБ ( 64,128,288)=8

С. 77,30,52,35,21 сандарынанөзаражайсандардыңтөртжұбынқұрастыр.

 

3.6. «Адасқан сандардың үйін тап» ойыны (20 слайд)

18
54
35
11
23
6
10
7
3
5

«Жайсандартобы»                                                     «Құрама сандар тобы»      

 

Жауабы:

«Жай сандар тобы»

5
3
7
11

 

 

 

54
35
6
18
10

«Құрама сандар тобы»

 

3.7. Оқулықпен жұмыс(21 слайд)

«Жай сандар тобы»

№ 292. 24 қызыл шар, 42 көк шар, 30 сары шардан бірнеше тізбе дайындалды. Тізбелердегі қызыл шарлар саны бірдей, көк шарлар саны бірдей, сары шарлар саны бірдей.

Ең көп дегенде неше тізбе дайындалды?

Жауабы:

ЕҮОБ (24;42;30) = 6

6 тізбе дайындалды.

«Құрама сандар тобы»

№ 291. Балаларға сыйлық дайындау үшін 180 жаңғақ, 150 өрік және 210 кәмпит алынды. Балаларға берілетін сыйлықтардағы өріктердің саны бірдей, жаңғақтардың саны бірдей, кәмпиттердің саны бірдей болуы керек. Сыйлық ең көп дегенде неше балаға жетеді?

Жауабы:

ЕҮОБ (180;150;210) = 30

30 балаға жетеді.

 

  1. Сабақты қорыту. (23 слайд)

Бүгінгі сабақта сендер сандардың түрлеріне, құрама санды көбейткіштерге жіктеуге, сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табуға есептер шығардыңдар. Алдарыңда тест сұрақтары жатыр. Әр сұраққа үш жауап. Сендердің міндеттерің дұрыс деп тапқан жауаптарыңды дөңгелектеп қоршау(жұмыс тапсырылады).

 

Тест жұмысы. (24 слайд)

«Жай сандар тобы»«Құрама сандар тобы»
1.Қай сан жай сан болады?
   а)13  б)24  в)1а)5 б)15в)1
2.Қай сан жай сан болмайды?
   а)5    б)17  в)1а)3б)1в)11
3.Қай сан құрама сан болады?
   а)21  б)23  в)1а)25б)3   в)5
4.Қай сан құрама сан болмайды?
   а)25  б)18  в)1а)16б)20  в)1
5.Жай сандарды көбейткенде әр уақытта шығады
а)жай сан

б)құрама сан

в)1

а)құрама сан

б)1

в)жай сан

6. 18 санын жай көбейткіштерге жікте.6. 15 санын жай көбейткіштерге жікте.
а)2·32

б)3·3·3

в)2·2·3·1

а)3·3

б)3·5

в)3·2

 

Тест тапсырмасының кілті (25слайд)

 «Жай сандар тобы»

  • а 2) в        3) а             4) в             5) а             6) а

«Құрама сандар тобы»

  • а 2) б        3) а             4) в             5) в             6) б

 

  1. Үйге тапсырма: (26 слайд)
  • 2.5; 2.6; 2.7 (қайталау) № 295; 297. 80 бет.
  1. Бағалау. (26 слайд)