Бұрыштар, олардың түрлері тақырыбына қайталау сабағы

Бұрыштар, олардың түрлері  тақырыбына қайталау сабағы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі:   Бұрыш және бұрыштардың түрлері бойынша өткен сабақтарды қорытындылау мақсатында оқушылардың білімдерін тексеру

ә) дамытушылығы: Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.

б) тәрбиелігі: оқушылардың белсенділігін арттыру, жауапкершілікке, өз бетінше оқуға, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Қорытынды-қайталау, жарыс сабағы.

Қажетті құрал жабдықтар: транспортир,сызғыштар,үлестірмелі карточкалар, дөңгелек, секторлар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: а) амандасу ә) мақсатын хабарлау б) психологиялық дайындық (адамның көңіл-күйі)

ІІ. Негізгі бөлім :  Бүгінгі сабағымыздың мақсаты бұрыш және оның түрлері тақырыбын қорытындылау қайталау сабағы.

Сыныпты 2 топқа бөлеміз.

Сабақтың жоспары  мынандай түрде өткізіледі:

«Ой толғау» бұрыш туралы сұрақтарға жауап

«Кім тапқыр»  (есептер шығару)

«Ой сергіту» (жұмбақтар шешу)

«Кім жылдам» (логикалық есептер)

1.«Ой толғау»

Бұрыш туралы сұрақтар : (1-топқа)

1.Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады?

  1. Тік төртбұрыштың ауданы неге тең?
  2. Шаршы дегеніміз не?
  3. Бұрыш дегеніміз не?
  4. Сүйір бұрыш дегеніміз не
  5. Радиус дегеніміз не?
  6. Бұрыштың өлшем бірлігі қалай аталады?
  7. Тік бұрыш дегеніміз не?
  8. Сектор дегеніміз не?
  9. Дөңгелектің диаметрі 10см, радиусы нешеге тең?

(2-топқа)

  1. Теңдеу дегеніміз не?
  2. Тік төртбұрыштың периметрі неге тең?
  3. Доғал бұрыш дегеніміз не?
  4. Шеңбер дегеніміз не?
  5. Жазыңқы бұрыш дегеніміз дегеніміз не?
  6. Диаметр дегеніміз не?
  7. Бұрышты өлшейтін сызғыш қалай аталады?
  8. Толық бұрыш қанша градус болады

9.Биссектриса дегеніміз не?

  1. Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар?

2.«Кім тапқыр»  (есептер шығару)

1.Оқушыларға карточкаларда жазылған бұрышқа арналған есептер таратылады. Тақтада  бірнеше секторлар ілінген, әрқайсының бұрышы есептің жауабына сәйкес келеді дөңгелекті қай топ бірінші құрастырады екен.

2.Тақтаға екі топқа төртбұрыштар (ромб, параллелограм)  сызылады, оқушылар бұрыштарын транспортирмен өлшеп  олардың қосындысын табу керек.

ІІІ.«Ой сергіту» (жұмбақтар шешу)

1.Нәрселерді санағанда, Керек ол бізге ауадай, Айтыңдаршы бұл қандай сан, Жан жағаңа қарамай. (натурал сан)

2.Алды – артымыз шексіз де, Жете алмайсың біздерге. Сәуле менен кесінді, Шыққан тегін білсе де. (түзу)

3.Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

  1. Елу тісті ,екі қолды (екі кісілік ара)
  2. Нүктеден,екі сәуледен құралған Айтшы бұл не екенін? (бұрыш)
  3. Тоғыз белбеу,қос жібек. Екі мұрын бір шүмек (домбыра)
  4. Бұл зат әр оқушыға қажет. Тіпте, мектепке әлі бармайтын бүлдіршіндер оның болғанын ұнатады. Жоғарғы сыныптың оқушыларында ол көп болады. Мұғалімдер оларды үйлеріне әрлі – берлі тасып әлек. Бұл не?(дәптер)

8.Бұл зат барлық оқушыларға қажет деп айта алмаймын. Бірақ, кішірек сыныптың оқушылары қызық көріп аналарына сатып алғазады. Ал жоғарғы сынып оқушыларына ол өте қажет. Оны олар уақытты үнемдеу үшін, ал кейде білмейтін бірдеңені тауып алу үшін қолданыланы. Бұл не? (ұялы телефон)

  1. Бүлдіршіндер сұрағы: «Бұл – басы да, ұшы да жоқ, бір қызық, әдемі фигура. Бұл фигура барлық жерлерде қолданылады: тұрмыста, техникада, т.б. салаларда. Егер оның бойымен жүрсең, қанша жүрсең де бәрібір шыққан жеріңе қайтып ораласың. Оны тағы да катерлерде, үлкен кемелерде кездестіруге болады.Онда ол «құтқарушы» деп аталады. Бұл не?»

 

ІҮ. «Кім жылдам»

I кезең: 1. Әлібек бір сан ойлады. Сол санды 2 есе кемітіп, нәтижесінен 18 санын азайтқанда 14 саны шықты. Әлібек қандай сан ойлады.(64) 2.Данияр аулаған балықтарын жеке-жеке өлшегенде массалары: 1 кг; 3кг; 1кг; 2кг; 2кг болды. Даниярдың аулаған  балықтарының  массасы неше килограмм?(9)

3.Машина бір күнде 8 га жерге картоп отырғызды. Ол 104га жерге неше күнде картоп отырғызады?(13 күнде)

  1. 6 мен 9 санының көбейтіндісін 4 пен 2 санының айырмасына бөліңдер.(27)

5.Ұзындығы 3 см, ал ені 2 см болатын тік төртбұрыштың ауданы неге тең?(6)

6.Қосындысы 12-ге, ал көбейтіндісі 35-ке тең өзара жай сандарды ата:

II кезең:(Логикалық есептер)  1.Төртбұрыштың бір бұрышын кесіп тастаса қанша бұрыш қалады? 2.Қандай бөшкеге су құюға болмайды?

3.Қатар тұрған натурал үш санның қосындысы және көбейтіндісі 6-ға тең. Бұл қандай сандар? 4.Бөлмеде 4-мысық бар, әр мысықтың алдында 3-мысықтан. Бөлмеде Барлығы қанша мысық бар?

  1. Қорытындылау.

Үйге тапсырма: §11. №175, №176

Оқушыларды бағалау. Топтардың жеңісі бойынша .